Алмас қашаулар: түрлері, ұнтақ металлургиямен өндіру және конструкциялық ерекшеліктері


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Алмас қашаулар

Алмас - полиморфты түрлендірілген минерал. Алмас кристалды октаэдр, ромбододекаэдр пішінді. Кристалдар массасы 3000 каратқа дейін (1карат - 0. 2 г) өлшемдері әр түрлі. Кристалдық құрылымы атомдық болғандықтан да тығыздығы және қаттылығы өте жоғары. Алмастың микроқаттылығы кварцтікінен - 10, қатты қорытпаныкінен - 6 есе артық. Юнг модулі - 88*10 Мпа, яғни қатты қорытпанікінен - екі, ал болаттыкінен - төрт есе артық. Осы қасиеттеріне қарай оның үйкелу, сырғанау кезіндегі төзімділігі өте жоғары болады.

Алмас зергерлік және техникалық болып бөлінеді. Скважиналарды бұрғылау тұрғысынан біздерде тек техникалық алмас қажет. Ол борт, баллас және кабонды болып үш топқа бөлінеді.

Бұрғы қашауларында негізінен тек борт тобының алмастары қолданылады. Бұрғы қашауларының жұмыстық беттеріне алмастырды отырғызғандарда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Соңғы кезде ұнтақ металлургия тәсілі кең қолдау тапты.

Бұл тәсіл бойынша алмас түйіршіктерін белгілі схема бойынша пресс-қалыпқа орналастырылып, желіммен ұстатады. Қалыпқа ұнтақ шихта (мысалы 90-95% вольфрам карбиді және 10-15℅ кобальт) себеді де престейді. Пуасон ретінде қашау корпусы қолданылады. Содан кейін қоғаушы ортада (сутек пешінде) 1300 градус температураға дейін пісіреді. Алмас түйіршіктерін алу үшін қашаудың жұмыстық бетін құм ағынымен өңдейді. Алмас түйіршіктері матрицадан оның 1/5 - ¼-дей шығып тұруы қажет.

Бұл жағдайда алмас түйіршіктері матрицаның үстіңгі бетіне тең орналастырылады. Түйіршік өлшемдері 2-3 мм. (бір каратта 3-тен 12-ге дейін түйіршік болады) алмастар қолданылады. Ұсақ түйіршіктер қолданылған жағдайда (бір каратта 1000 түйірге дейін) оларды матрицаның үстіңгі қатпарына тереңдігі 5-6 мм. Етіп орналастырады (олар осы қатпарды құрайтын шахта құрамына кіреді) . Мұндай қашауларды импрегнирленген қашаулар деп атайды.

Алмас қашау (ІІ-5, а-сурет) жалғастырушы бұранда ойылған корпустан 1 және шихтадан құралған қатты қорытпа матрицадан 2 тұрады. Корпус пен матрица шихтаны пісіру кезінде қосылады. Алмас түйіршіктерінен тұратын элементер жуу сұйығы өтетін каналдармен бөлінген секторлар түрінде дайындалған. Жуу каналдары шиыршықты (ІІ-5, а сурет) және радиалды (ІІ-5, б сурет) етіліп жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғылау қашауларының топталуы, конструкциялық ерекшеліктері және қолданылуы
ЯЭҚ бірінші контурының арматуралары: түрлері, техникалық талаптары мен конструкциялық ерекшеліктері
Ағаштан жасалған ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшеліктері
Қол және машиналық тігімдер: түрлері, конструкциялық параметрлері мен қолданылуы
Көпшөмішті экскаваторлар: классификациясы, конструкциялық ерекшеліктері және қолданылуы
Вакуумдық ажыратқыштар: конструкциялық ерекшеліктері, доғаны сөндіру қағидасы және таңдау критерийлері
Ұнтақты конструкциялық тозуға төзімді материалдардың жасау принциптері, өндіру әдістері және физика-механикалық сипаттамалары
Ішке қондырылатын бөлгіштер: міндеті, жіктелуі, маркілену жүйесі және конструкциялық ерекшеліктері
Ұнтақ тәрізді орталардың қасиеттері және азық-түлік өнеркәсібіндегі қолданылуы
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуы, морфологиялық-биологиялық ерекшеліктері және фунгицидтік қорғаныс тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz