Қазақ философиясы жайлы
Қазақ философиясы
Көне гректер айтқандай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Соның бірі Әлем болса, екіншісі Адам болмақ. Қазақ та басқа халықтар тәрізді осы аталған екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған.
Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден.
Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.
Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған.
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет.
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау - ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық.
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.
Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, сегіз қырлы, бір сырлы болу бабаларымызға тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.
Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау.
Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:
Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар.
Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады.
Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;
Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік.
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған.
Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды.
ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады.
Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде ағартушылық философия деп аталады.
Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
Ш.Уалиханов (1835 -- 1865) - ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол Ер Едіге жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған.
Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz