Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
      Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның,
омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың
кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш
насекомдардың, яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және
масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
      Адамда Plazmodium туысының төрт түрі паразиттік тіршілік етеді: РІ.
vivax, РІ. malariae, РІ. falciparum, РІ. ovale. Бұлардың дамуы бір-біріне
өте ұқсас. РІ. vivax-тың даму сатысын қарастырайық (9-сурет).
 
 

 
 
9-сурет. Безгек плазмодиясының даму циклi:
1 - спорозоиттар, 2-4 - бауыр клеткаларындағы өтiп жатқан шизогония кезеңi
(2 - жас шизонт, З – көп ядролы өсiп келе жатқан шизонт, 4 - мерозоиттар),
5-9 - эритроцитте өтiп жатқан шизогония, 10- мерозоиттар, 11-12 -
макрогамонттар, 11 а- 1 2а - микрогамонттар, 13 - макрогамета, 1 4-
микрогамонт, 15 – микрогаметалардың түзiлуi, 16 - копуляция, 17 - зигота,
18 - жылжымалы зигота (оокинета), 19- оокинетаның масаның iшегiнiң
қабырғасына енуi, 20- оокинетаның ооцистаға айналуы, 2 1-22-23 - өсiп келе
жатқан ооциста, 24- спорозоиттар, 25 - масаның сiлекей безiндегi
спорозоиттар.
    Безгек масасы (Аnopheles туысынан) адамды шаққанда сілекеймен бірге
адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт
тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоит
құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан
тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбею кезеңі
басталады. Әрбір спорозоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа
айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар
пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір
тобы қайтадан бауыр клеткаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың
ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал
мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол
жерде жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль
пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып
тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың
ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады. Бұлар
эритроцитті зақымдап қанға шығады да, жаңа эритроциттерге енеді, содан
шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың систематикасы
Қарапайымдылар
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Протозоа дүние тармағы
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
Тамыраяқтылар және талшықтылар
Қарапайымдыларға жалпы сипаттама
Споровиктер және инфузориялар. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы
Пәндер