Қозғыш ұлпа және олардың физиологиялық қасиеттері туралы
Қозғыш ұлпа және олардың физиологиялық қасиеттері
Эволюциялық даму барысында организм ұлпалары терең жіктеліп, жеке мүшелер
белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осының нәтижесінде биологияның
негізгі талабының бірі - организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын сақтау
заңдылығы қамтамасыз етіледі. Сыртқы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп
отыратындықтан бұл заңдылықты сақтау үшін организм қоршаған орта жағдайына
бейімделуге мәжбүр болады. Мұндай бейімделу үрдістері тірі құрылымдардың
физиологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге
асады. Ал, аталған өзгерістер негізінде қозу мен тежелу үрдістерінің ара
қатынасы жатады. Осыдан филогенездік даму барысында тірі құрылымдардың
қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше қозғыш
ұлпалар — нерв, ет және без ұлпалары пайда болған.
Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде - физиологиялық тыныштық, қозу
және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу
өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді,
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән
әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл
бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән
әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-
химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық
реакция.
Тежелу - тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын
ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге
белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан
физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер
әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында
зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы,
лабилъділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу
үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына
бейімделуін қамтамасыз етеді.
Кез келген тірі құрылымға тітіркенгіштік, қозғыштық, функционалды
жылжымалық (лабильділік) қасиеттері тән.
Тітіркенгіштік деп тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ
жалпылама реакциялармен - зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен -
беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар
тірі құрылымның белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскелеріне
таралмайды. Тітіркенгіштік: - жануарлар жасушаларына да, өсімдіктер
жасушаларына да ортақ қасиет. Оның әсерімен жасушалары мен ұлпалардың өсу
және көбею үрдістері атқарылады, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына
баяу морфологиялық бейімделуі жүреді.
Қозғыштык, деп тірі құрылымдардың - ет және нерв ұлпаларының тітіркендіруге
таралатын әрекет потенциалымен - тітіркеніспен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz