Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесі және негізгі конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚР тұлғаның құқықтық мәртебесі

Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады.

Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды.

Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.

Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:

а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;

б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т. б. )

в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.

г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;

д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктерін азамат өзін еркін білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.

ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі - Конституцияда жазылған.

Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы - бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.

Азаматтық құқығы - бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.

Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.

1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесі: конституциялық негіздері мен құқықтар жүйесі
Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесі: конституциялық принциптер және азаматтық (жеке) құқықтар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық мәртебесі: құқықтар, принциптер және кепілдіктер
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесі және мемлекетпен өзара қарым-қатынасының қағидаттары мен құрылымы
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі мен құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары, бостандықтары және тұлғаның құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері мен судьялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы адам және азамат құқықтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі: құқықтар, міндеттер және тәртіптік жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz