Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары

Х^ІІІ ғасырда өмір сүрген Түркіменнің классик ақыны. Азади Дәулетмәмбет ақынның баласы. Ол алғаш ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқыған. Орта Азия, Азербайжан, Иран халықтарының ауыз әдебиетінің нұсқаларын жастайынан жатқа білген. Мақтымқұл поэзиясының өзекті тақырыбы - адамгер-шілік және еңбек, еңбек ету, еңбек тәрбиесі. Осы негізде, оның қоғамдық, философиялық, ағартушылық көз-қарастары қалыптасады. өлеңдерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ең бастысы өлеңдерінде халықтық бірлікке, татулыққа, бостандыққа, достыққа, еңбекке шақырады. Оған ''Ер'', ''Түркімен'', ''Болмаса'', ''Елмекен'' атты өлеңдері дәлел. Тәрбие мен білім әрбір адам болмысындағы қазынасы - деп ой түйіп, оны жырлауда қоғамдық деңгейге дейін көтереді. ''Бұқара халық'', ''Туған ел'', толғаулары арқылы ағартушылық көзқарастарын философиялық көзқарасымен ұштастырады. Еңбек пен еңбек тәрбиесі әрбір адамды жетілдіреді, қалыптастырады. ''Еңбек пен өңбек'' алты өлеңінде, еңбектің отбасынан басталатын тәрбиелік мәнін философиялық категорияға дейін көтерген. Адам өмірінің, оның тұрмыс халінің ахуалы-ның, өзі өмір сүрген XV ғасырдағы жаңару жағдайын, оның жетілуі мен түзелуін еңбектен іздейді. өлеңдерінде еңбекті бірнеше категорияға бөліп, оны төмендегідей жырға қосады.

Оқу, білім - құлпырар еңбекпенен,

Көмкеріп - өнерменен өрнектелген.

Халықтың даналығы, өсиеті,

Еңбектің жемісі сол - өнбек деген.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 1954 жылы жазған ''Орта Азия сапарлары'' атты еңбектерінде Мақтымқұлыны Түркі мен ақындарының атасы - дей келі п, ол туралы былай деп жазды. ''Мақтымқұлы - адамгершіліктің, достықтың, еңбектің ақыны. Ол тек Түркімен ақыны ғана емес, өлең-жырлары, адамгершілікті ең басты биікке көтерген - бүкіл Орта Азияға, тіпті Қиыр Шығыс пен Азияны қамтитын ауқымы кең үлкен поэзия аймағын жасаған тәрбиелік тағылымы үлкен ақын деп көрсеткен''. Мақтымқұлының еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы жырларының құнды-лығы сол, оның өміршеңдігі, тәрбиелік мәнінің жоғарлы-лығы. Тек өз дәуірі үшін емес, оның бүгінгі жастарды жан-жақты етіп, қалыптастыруға үлгі болатындығы.

Сондай-ақ Мақтымқұлы патриот және достықтың ақыны болған. өлеңдерінде халықты бірігуге ру алауыз-дығын жоюға, Иран шахы мен Хиуаны Бұқара Әмірі сияқты басқыншыларға қарсы күреске, ерлікке үндейді. ''Керекті'', 'Ер'', ''Болмаса'', атты өлеңдерінде, ел ішіндегі бек, қазылар, жалқаулық пен тоғышарлықты сынайды. ''Егемен'', ''Түркімен''- өлеңдерін философиялық деңгейде жырлайды. Мұнда танымдық процесс басым әдет, салт хақында жаңа гуманистік бағыт ұстады, қоғамдық мәселелер көтерді. Бұған ''Таусонар'', ''Қарамас'', ''Кетіп барады'', ''Болмаса'' т. б. жырлары дәлел. Ол өзінің өлең-дерінде халық даналығын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жырлаған. Мақтымқұлының өлеңдері халық арасына кең тараған. XVIII ғасырдың өзінде, оның бірсыпыра өлеңдерін Ф. Шопенинг мен Ходзо (1842. ), Г. Вамбери (1863) Батыс Еуропада жырлады. Мақтымқұлының шығармалары - таңдамалы өлеңдері, хақында 1947, 1954, 1968 жылдары қазақ тілінде басылып шықты. Оның өлеңдерінің қай қырын алсаңыз достықтың, бостандықтың, адалдық, жоғары парасаттылық пен инабаттылық - эстетикалық талғамда жазылған. Ел ырысын молайту, әл-ауқатын жақсарту, молшылықта өмір сүру - өлеңдерінде бұлар демократиялық бағыт өлшемімен жырланады. Ол патриотизм, гуманизм, ұлы достықты, шынайы интер-национализмді - биік сезіммен жырлады. Бүкіл Орта Азияны жырға қосады. Сондықтан да Ұлы -достықтың ақыны болып қала бермек.

Мақтымқұлы өз қаржысымен мектеп ашады. Ол қоғамдық тәрбиені және мұғалімнің рөлін жоғары бағалады. Мектептегі ''еркін еңбекті'', балалардың қоғам-дық деңгейдегі еңбекке араласуын уағыздайды. Оны өзінің ''Ер түркімен'' атты өлеңінде жырлаған. Мақтымқұлының тағылымдық ерекшелігінің бірі, сол кездің өзінде ''Жалпы халықтық тәрбие беру идеясын'' жақтады. Оны мектептің, басты мақсаттарының бірі - деген педагогтар пікірін қолдады.

Мақтымқұлы балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстамдық көрсететін, үлгілі мұғалімдерді өз өлеңдерінің арқауы етті. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол өз шығарма-шылығында ''мұғалім ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі - деп мұғалімнің көркем образын, бейнесін жасады. Демек, Мақтымқұлы өз шығармаларымен өзі өмір сүрген ортаның, Әуезовтің сөзімен айтқанда, бүкіл Орта Азия ғұламасы болды. Мақтымқұлы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап ауыл шаруашылығының еңбегіне баулуды уағыздаған педагог-ғалым деседе болғандай, өйткені, ол Түркіменннің экология-лық-экономикалық жағдайында түйе өсіруге, әсіресе, қаракөл қойын өсіруге оның сол XVIII ғасырдағы экономикалық пайдасын тауып, оған жасөспірімдерді, оқушыларды ұдайы қатыстырып отыруды өлең, очерктер дастандар арнап -еңбектің мәнін көтеріп отырған. Ең бастысы ол еңбекке баулу мен еңбек тәрбиесінің жаршысы болған. Бұған ''Еңбек ерліктің негізі'' және ''Еңбек ер атандырады'' атты поэмалары дәлел. Бұлар өз кезегінде қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ, Мақтымқұлы өз дәуірінің жыршысы, өзі өмір сүрген кезеңінің ғұламасы, ұлы ойшылы, оның озық пікірі - демократиялық, гумманистік бағытты белгілеп берген - үлкен қайраткер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
ХХ ғасырдағы Түрікмен әдебиеті
Түрікмен әдебиеті
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы
Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)
Ұрпақ тәрбиесіндегі тағлым – тәрбие туралы ой пікірлер
Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау
Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz