Мектеп жұмысының инновациялық процестерін басқару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жұмысының инновациялық процестерін басқару
Инновация термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді
аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу жəне тəрбие
жұмыстарымен мұғалім жəне оқушының бірлікті іс-əрекеттерін ұйымдастыру
мақсаттарына, мазмұнына, əдістері мен формаларына енген, енетін
жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рəміз ретінде бұл терминді аудармасыз,
өз күйінде қолданғанды жөн көрдік).
Инновация, сонымен, жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс
беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мəнсіз. Инновациялық маңызға ие
болмаған жаңалық іс-əрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа
жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар əрқилы
даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму
айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат
белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру жəне əрекет бабына келтіру, жаңалықты
іске асыру, тарату жəне тоқырау (жойылу). Инновациялардың іске асып бару
кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз
байланыста.
Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы
инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ,
республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық
кешендердің құрамынан орын алады.
Инновациялық процесс – бұл күнделікті тəжірибеде өз алдына бөлек жаңалық
ретінде танылған нақты да соны ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының
айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі процесс.
Инновациялық тəртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да,
педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға
болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық
процесс қатысушыларының өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық
процесс нəтижесі – қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа
идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі,
пайдаланушысы жəне насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл
қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея,
технология, əдістеме жəне озат педагогикалық тəжірибелерді қандай да
мақсатқа орай бағалауды жəне кəсіби іс-əрекетте пайдалануды қамтамасыз
етеді.
Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-
əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап
отыр. Олар:
- əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, əдіснамасының жəне оқу-
тəрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;
- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;
- оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;
- оқудың жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру жайлы
Білім берудегі инновациялар
Жаңа енгізілген немесе инновация - тұтас процесс
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Балалардың мектепте оқытуға даярлығын зерттеу ерекшеліктері
Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы
Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Пәндер