Митохондриялар (сондай-ақ, хлоропластар) клеткалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Митохондриялар клетканың тыныс алу үрдісіне қатысып, клетканың басқа
құрылымдары пайдалана алатын түрдегі энергия бөліп шығарады. Сондықтан,
митохондрияны “клетканың энергетикалық бекеті” беп те атайды.
Митохондрияларда өздерін қайта құруға және ақуыздар синтезіне
қажетті жеке генетикалық жүйенің бар болуы, оларды басқа органеллалардан
ерекшелендіреді. Митохондрияларда ядроның ДНҚ, РНҚ, рибосомаларынан өзгеше
өз ДНҚ, РНҚ  және рибосомалары бар. Митохондриялардың ДНҚ, РНҚ  және
рибосомалары прокариоттардың ДНҚ, РНҚ  және рибосомаларына ұқсас келеді.
Сондай-ақ, митохондрияның ДНҚ-ы бактериялардағы секілді сақиналы. Осыған
байланысты митохондриялар симбиоз бактерияларынан пайда болған деген
тұжырым туындады (Л. Маргулис, 1986).
Митохондриялар (сондай-ақ, хлоропластар) клеткада бинарлы бөліну
арқылы көбейе алады, сондықтан да олар өз өздерін туындайтын органеллалар
қатарына жатады. Олардың ДНҚ-ында болатын генетикалық ақпарат өздерін
туындау үшін қажетті ақуыздармен толық қамтамасыз ете алмайды. Қажетті
ақуыздардың қалғаны ядроның гендерімен кодталынып, митохондрияларға
гиалоплазмадан түседі. Сол себепті, митохондриялар өздерін туындау жағынан
жартылай автономды құрылым.
Адам баласы мен сүтқоректі жануарларда митохондриялар ұрықтану
кезінде берілмейді, сондықтан митохондриялық геном анасынан беріледі. Бұл
қасиет митохондриялардағы ДНҚ компоненттерінің кезектесулерін зерттеуде
анасы жағынан гениалогиялық ұқсастықтарды табуда пайдаланылады.
Митохондриялардың мөлшері: ұзындығы 2-5 мкм, көлденеңі 0,5 - 1 мкм.
Жарық микроскопының көмегімен қарағанда митохондриялардың пішіні сопақша
жіп, майда дән, таяқша тәрізді, сирек жағдайда митохондриялар күрделі
пішінді – гантель, табақша және бұтақша тәрізді болып келеді. Әрбір
митохондрия екі – ішкі және сыртқы мембраналардан түзілген (19-сурет, I).
Олардың арасында ені 10-20 нм мембранааралық кеңістік болады. Сыртқы
мембранасы тегіс, ал ішкі мембранасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эукариоттық клетка
Клетканың жеке бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметі
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Өсімдіктер клеткасының құрылымы мен атқаратын қызметі туралы жалпы шолу
Тканьдердің пайда болуы және эволюциялық заңдылықтары
Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы
Жасуша органеллалары қозғалысы
Паренхималық клетка
Өсімдік жасушаларын биосинтездік өнеркәсіпте пайдалану жолдары
Митохондриялар
Пәндер