Музыкант-оқушылардың ерік-жігерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Музыкант-оқушылардың еріктілік тәрбиесі.

Еріктілік - психологиялық категория. Еріктілік деген - адамның өз мақсатына жету жолындағы кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерден өте білу, адамның ерекше мінездемелік қасиеті. Еріктілік деп мақсат бағытындағы адамның өзінің қиыншылықтарын жоя алатынын, өз мінез-құлқын ұстай білетінін, жүріс-тұрысын бақылай білетінін айтамыз. Еріктілік әрекетінің психологиялық логикасы: маған керек мен істеймін, ештеңеге қарамай міндетті түрде жасау керек. Ол істегісі келе ме, жоқ па, оған қарамай қандай іс әрекет болмасын, ол істеу керек.

Еріктілік импульс адамның сана сезімінен келеді, не іштей сезімінен болады.

Еріктілік феноменді екіге бөлеміз: жай және күрделі. Жай еріктілік күнделікті өмірде кездеседі - жұмыс істегім келмесе де, оны атқарам деу, үйренген музыкалық шығарманың қиын кездерін меңгеру, оқушыдан берілген тапсырманы сұрау түрінде болады. Музыкадағы кішкене де болсын мәнерін қадағалау үшін ерікті түріндегі ынтасы керек.

Күрделі ерік (әрекетінің кешені) тұлғадан өмірлік қажеттілікті, мақсатты, маңыздылықты талап етеді. Жас адам өзіне мақсат қояды: «Мен беделді жоғарғы оқу орнына түсемін, жауапты халықаралық конкурсқа қатысамын, емтиханда күрделі шығарманы дайындап, алдарыңызда естіртемін» - деп. Бірақ қандай қиыншылықтар кездесетінін біле тұра, мұндай шешімге келу қиын, қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік болуы мүмкін. (Істегім келеді, бірақ қорқамын. Істегім келмейді, бірақ істеу керек) .

Осы қорқынышпен, сенімсіздікпен ерік күресе білуі қажет, оның ең маңызды функциясы, міндеті - осы.

Алған міндетті әрекет негізгі міндетіне айналады. Еріктік үрдіс адамның сұранысына, қызығушылығына, құштарлығына, тұлғалық құндылығына байланысты.

Мынандай пікір бар - арнайы өлшем бар, побужденияның (оянушылықтың) динамикалық (әсерлеушілік) деңгейі бар, ол көрсеткіш нәтижесін көрсетеді, ол деген күш баспалдығының тәуелдігі мен нәтиже алудың арасы. Л. Ауэр сөзінде: «Мен жиі байқаймын, оқушының атаққұмарлығына әрекеттеу, бір нәтижені намысына тигізу, мен асқан нәтижені байқаймын».

Абсолюттік еріктің қандай да болсын көркем-шығармашылық әрекетінде, музыка мұғалімі мамандығында, композитор, орындаушы шығармашылық тәжірибесінің нәтижелі болуына керектігі. Сондықтан ерік адамның ерекше қасиеті түрінде көркемдік-шығармашылық қабілеттігіне кіреді. Сондықтан ерік ауыспалы, адамның болмысы мен әрекетіне, жағдайына байланысты. Ерік мінездің арқасында ауыспалы, өзгермелі болса да, адамның мінез құлқысының базасы, әрекетінің субъектісі ретінде болады.

Адамның қайсарлық, қаттылық мінез-құлқы, шешімдерді қабылдау жеделдігі мен белгіленуі еріктілікке белгілейді. Ал музыкалық-орындаушылық өнерінің теоретигі Г. М. Коган, еріктілік әлсіз жігер, бұл адам әрекетінің жай көлемді ырғағы. Адам өзін нақты бір іс-әрекетке арнаса, сол жұмысының минусы, плюсы болса, оның психологиялық-тұлғалық, еріктің сапалылығы мен ерекшелігіне байланысты. Сондықтан еріктіліктің формасы мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін.

Қалай да болсын адамның эмоциясы, есте сақтауы, елесі болмаса да, психологтардың айтуынша, адам еріксіз болмайды.

Тағы бір кезең, мәселе: ерік - өжеттік - қиқарлық. Осы ұғымдар өз-өзімен кездеседі, қиылысады. Бірақ айырмашылықтары да бар. Қиқарлық, біріншіден, бала кезде кездеседі, жас ерекшілікке және дұрыс тәрбие алмауына байланысты. Ал, еріктілік пен өжеттілік - мақсатқа жету, шешу барысында көрінеді, кәсіби қиыншылықтарды жеңе білуде байқалады, осының бәрі адамның интелектісінің дамуында. Ерік интелектіні ақиқаттауға қажет, ал интелект ерікті бағыттайды және өнімдейді.

Қолданылған әдебиет тізімі;

1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002. -250 бет

2. Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы-2005. - 359 бет

3. Намазбаева Ж. И. Психология, оқулық Алматы-2005. - 430 бет

4. Алдамұратов А. Жалпы психология, Алматы, 1996. - 300 бет

5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. - 300 бет

6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977. - 488 бет.

7. Ж. . Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2002. - 369 бет.

8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

9. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002. -254 бет.

11. Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы,

музыкалық іс-әрекет психологиясы: мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы / ПМУ доценті Н. Дүкенбай, ф. ғ. к., ПМУ доценті

Г. Дүкенбай. - Павлодар : Кереку, 2008. - 104 б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшылардың ерік-жігерін тәрбиелеудің психологиялық негіздері
Балалардың ерік-жігерін тәрбиелеудің психологиялық негіздері мен әдістемелері
Ерік: теориясы және оқушылардың ерік-жігерін тәрбиелеу мен дамыту
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың теориялық және педагогикалық-психологиялық негіздері
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері және әдістері
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері мен мектептік әдістері
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері
Болашақ тәрбиешілер мен оқушылардың шығармашылық және танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Ерік-жігерді тәрбиелеу: психологиялық негіздері, дамуы және педагогикалық әдістер
Жастарда азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz