Мұстафа Шоқай (1889-1941)



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай (1889-1941) - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі
халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Қызылорда
облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Сыр өңірі қазақтары арасындағы
беделді кісі ? Шоқайдың отбасында дүниеге келген. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр
қазақтары Ресей патшалығының қоластына кірмей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі,
ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі
әскербасылар болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы беске
толмай жатып үйренген. Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде бастауыш
білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік
бітіріп шығады. Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербор университетінің
заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан
қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының
қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-
Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары
арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа
Шоқай да болады. Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының азаттық
қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған Сират-ул-
мустақим (Тура жол) партиясына алғаш қарсылық танытқандар қатарында
болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне Сират-
ул-мустақим партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде
татар тілінде жарық көріп тұрған Сөз газетінде жарияланды. 1916 жылы
Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы
жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы
көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы
комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский,
Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері
Ш.Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды. Жергілікті халықтың жағдайымен
терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд
пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты. Петроградқа оралғаннан
кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік
орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы
Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін
әзірледі. 1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын
зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық
езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне
мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында
Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның
төралқасына мүше болып сайланды. Бірлік туы газетінің негізін қалап, оның
алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін
қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін
құрылған Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне төрағалық
етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін
Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі
басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен
кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл
өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді деген
қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-
саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай
жетекшілік еткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі
Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез
арада өткізу ісін қолға алды. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан
өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы
съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан
тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің
Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев
қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Ол сондай-ақ
1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына
сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру
мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті
қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: Сырдария халқына өз тарапымнан
айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ,
мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы
болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз
делінген еді. Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына
қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен
Сырдария облысы қазақтарының съезі Алашорда өз алдына автономия жариялап,
Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан
автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді деген қаулы қабылдады.
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын
құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр
болды. 1918 жылы мамырда зайыбы Мария Горина ? Шоқаймен бірге Ақтөбеге,
одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқай жайлы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Қазақтар аңықтамасы
Қоғам қайраткерлері
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Алаш Орда құрылтайы
Алаш Орда (1917—1920)
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
ІI- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік
Пәндер