Н. К. Крупскаяның педагогикалық теориясы: оқу мазмұны, политехникалық оқыту және мұғалім шеберлігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Н. К. Крупскаяның педагогикалық теориясы

(1870-1939)

Кеңестік оқу-ағарту жүйесінің негізін салушылардың бірі. Халық ағарту туралы алғашқы декретті жасаған - педагог. Педагогиканың басты проблемасы - тәрбиенің негіздерін және политехникалық оқуды, білім мазмұнын, жас ерекше-лік педагогикасын, коллективке тәрбиелеу мәселелерін т. б. тұңғыш рет шешкен Н. К. Крупская болды.

Педагогика тарихында тұңғыш рет бірыңғай мектеп жүйесін ұсына отырып, педагогика тек тәрбие мәселелерін шешпей, оның мазмұнын талдап ғана қоймай, оның түбегейлі проблемалары халықтың оқу-ағарту ісін ғылыми негізде жүргізудің жолдарын көрсетіп берді. Жас ұрпақты жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеу проблемаларын шешу жолдарын ұсынды. Үлкендер тәрбиесін насихаттау, тәрбиенің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тарихи дамудың негізі - деген қағиданы көтерді, оны тәрбиенің арқауы етті.

Крупская - оқытудың мазмұны мен методикасы туралы. Н. К. Крупская мектеп оқуының мазмұнын анықтай келе еңбекшілердің өмірілік тілек-талаптарынан тыс мектептің тұра алмайтындығын ескертті. Крупскаяның дәлелдеуінше білім беру мазмұны жасөспірімдерді күн-делікті өмірге қажетті практикалық әрекетке даярлауды көздеуі тиіс.

Крупская мұғалімдердің Бүкіл одақтық бірінші сьезінде сөйлеген сөзінде мектеп беретін білім шаруа-шылықтың талаптарымен байланысты болу міндетін көрсетті. Оқыту мазмұны мектептен кейінгі өмірге жол сілтеуі тиіс екендігін, оқушыға белгілі бір мамандықты таңдауға көмектесу қажеттілігін атап айтты. Н. К. Крупская оқу процесіндегі теорияның практикамен тығыз байланысты-лығы оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты түрде меңгеруінің де ең тиімді жолы - деген тұжырымының маңызы ерекше.

Оқу пәндері арасындағы тығыз байланыстылықты қызу қуаттай отырып, оны материалистік көзқарасты қалыптастырудың қажетті жолдарының бірі деп санаған да Н. К. Крупская болатын.

Н . К. Крупская жеке пәндердің арасындағы тығыз байланыстылық политехникалық білім берудегі маңызын ашты. Ол жаратылыс тану сабақтары материалистік көзқарасты қалыптастырып, еңбек тәрбиесін беруде үлкен рөл атқарса, әдебиет сабақтарының патриотизм, гуманизм сезімдерін тәрбиелеуде зор мән барын атап көрсетті. Н. К. Крупская оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруды, практикалық жұмыстар жүргізуді, өндіріске, табиғатқа, музейлерге экскурсиялар ұйымдастыруды айырықша атап көрсетті. Н. К. Крупская үйге тапсырма беру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Класқа жалпы берілетін тапсырмамен қатар балаларға жеке-жеке тапсырма берудің қажеттілігін айтты. Қандай жағдайда болмасын тапсырманың шамадан тыс болмауын талап етті. Мұғалім шеберлігін талап етті, өз пәнін жете меңгерген мұғалім ғана сапалы білім береді - деді. Оқытылатын материалды, негізгі мәселені ашып көрсету, оның өмірдегі мәнін айқындау, оқушыларды сабақ үстінде ойлануға, балалардың сезіміне әсер ету мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін толықтырумен қатар, шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті. Крупская мұғалімнің жұмысын жоғары бағалай келіп, ауыл-село мұғалімдерінің еңбегін ерекше құрметтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық қарым-қатынастың шығармашылық мәні және мұғалім шеберлігі
Мұғалім мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мен шеберлігі
Педагогикалық қызмет: теориясы, әдістемесі және мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалім сөзінің педагогикалық шеберлігі мен ықпал ету әдістерінің терминологиялық негіздері
Мұғалім іс-әрекеті ретінде педагогикалық процесс: кәсіби талаптар, шеберлігі және ұйымдастырудағы өзара әрекеттестік
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі және оқыту үрдісіндегі педагогикалық ықпалы
Мұғалім еңбегінің шығармашылық мазмұны: құрылымдық компоненттерге ғылыми-педагогикалық негіздеме
Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби қабілеттілігі мен педагогикалық шеберлігі
Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Қазақстандағы білім беру: мұғалім шеберлігі мен инновациялық оқыту технологиялары
Педагогикалық процестің теориясы мен әдістемесі: оқытудың гносеологиясы, білім мазмұны және оқу іс-әрекетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz