Невада — Семей
Невада — Семей қозғалысы туралы көп айтылды — мақалалар, сұхбаттар,
түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде
шетелдік авторлар да бар. Сондықтан Невада — Семей туралы көлемді
әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана
сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның
жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде
полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте
қажеттігі міндеттеп отыр.
Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің 20 ақпанда полигон
жабылсын деген Орталыққа жіберген хатымның талабымен Семейге В. Букатов
бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол күні ақын әрі
жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О.
Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық
сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады.
Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов еліміздің
барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау
Комитетіне, халықаралық Жасыл әлем ұйымына, Адамзатты аман алып қалу
халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тиым салу
қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды
тоқтатуды талап етті.
Үндеу адамдардың, әсіресе ядролық жарылыстардың ауыр жүгін қырық жыл бойы
көтеріп келгендердің жүректеріне бірден ұялап, көпшілік тарапынан қызу
қолдау тапты.
Тек наурыз айыңда ғана Үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол
қойылды, ал қозғалыс қорына көптеген қайрымдылық қаржысы келіп түсті. Ал 11
наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар
берді — планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің
ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін
мақұлдады. Қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.
Елімізді және бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қазіргі саяси белдесуде Невада
— Семей қозғалысы өзінің асқан гумандығымен және адам сүйгіштігімен ерекше
көзге түседі және осы үшін ғана құрметтеуге әрі қолдауға лайық.
Қозғалыс, бейнелеп айтқанда, жұртты ұйқысынан оятты. Мен ядролық
жарылыстарға қарсы қозралыстың аяғына еріп, күреске қосылған ондаған
адамдардың атын атай аламын. Жазушылар, көсемсөзшілер, тарихшылар әлі өз
сөздерін айтады, осы қозғалысқа арналған ядролық сынақтарға қарсы тарихтың
тың беттерін толтырады.
Қозғалыс қатарына қосыла отырып және оның тіршілік болмысын қолдай отырып,
көптеген семейлік белсенділер, еңбек коллективтерінде және тұрғын үйлерінде
айтарлықтай еңбек етті және жаңа қолдаушылар қатарын көбейтіп отырды.
Семей цемент заводының бригадирі В. С. Белоусовты алайық. Жаны жарқын,
турасын айтатын, өз қағидасына берік адам, ол полигон жөнінде ойланбастан
берік байлам ұстады. СОКП Орталық Комитетінің мүшесі бола жүріп, үкіметтің
және ВПК-ның мәртебелі әрі беделді адамдарына жалтақтамастан, СОКП Орталық
Комитетінің Пленумдары мен үлкен кеңестерде айбынды ведомствоны қатты сынға
алды. Ядролық сынақтарға қарсы делегацияның құрамында Москваға барды,
әртүрлі кездесулерде зардап шеккен аймақтың мүддесін қорғап сөз сөйледі.
СОКП XXVIII съезінде Валентин Сергеевич сөз алуға тырысып бақты. Ол
Горбачевқа және съезде төрағалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz