Туристік өнімді қалыптастыру: стандарттау және сапа талаптары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

5 срсп.

Туристік өнімді қалыптастыру

1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.

2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.

3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.

2. 2 Стандарттау ұғымы

Стандарттау - бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост) ;

• салалық стандарттар (ССТ) ;

• техникалық жағдайлар (ТЖ) ;

• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;

• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

2. 3 Сапаға қойылатын талаптар

Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т. б. ) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа - шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.

Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.

Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа - материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол - бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі. )

Талаптар мынаған қойылады:

  • бақылау мен өнімді сынау жүйесіне - сенімділік сертификаты;
  • өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;
  • сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі;
  • сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету;
  • сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402) . Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады.

Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады.

Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т. б. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік өнімді жобалау және қалыптастыру: шағымдарды қарау, тамақтануды ұйымдастыру, тасымалдау қызметтері мен ақпараттық технологиялар
Мемлекеттік стандарттау және қадағалау: еңбек қауіпсіздігі, табиғатты қорғау, өнімді сертификаттау және метрология
Ауыл шаруашылық өнімдерін стандарттау: дәнді дақылдар, дәнді бұршақтар және майлы дақылдардың сипаттамасы мен сапа талаптары
Қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру, өңдеу және өткізу жүйесін жетілдіру: Алматы облысы және Амбассадор қонақүйі мысалында
Туристік өнімді жобалау кезеңдері мен олардың маңыздылығы
Метрология, стандарттау және сертификаттау: өлшеу шамалары мен сапа көрсеткіштері
Кәсіпорын өнімінің сапасын стандарттау және сертификаттау: сапа көрсеткіштері, жүйелер және рәсімдер
Өнім сапасын жоғарылату, стандарттау және сертификаттау: сапа менеджменті мен бәсекеге жарамдылық
Өнімді сертификаттау және сәйкестікті растау: тәртібі мен талаптары
Қазақстандағы стандарттау, метрология және сапа жүйесінің ұйымдастырылуы мен нормативтік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz