Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті: дайындық, қауіпсіздік және ұлттық имидж


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЕҚЫҰ-НЫҢ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ САММИТІ

Тәуелсіздік алғанына енді ғана 20 жыл болатын Қазақ елінің ширек ғасырдан астам тарихы бар, Еуропа мен Азия мемлекеттерінің басын біріктірген ірі халықаралық Ұйым-ның Саммитін өз жерінде өткізуі, сөз жоқ, үлкен жетістік, оған қоса салмақты жауапкершілік жүктейді.

Осы орайда, Елбасы “Біз барша әлемге қонақжайлығымызды, дархандығымызды әйгілеп, жауапкершілігіміздің жоғары екенін танытатынымызға бек сенімдімін”, деген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Астана Саммитінің қазақ жерінде өтуі еліміздің абырой-беделін арттыра түсетінін үнемі айтып келеді. “Мұндай жоғары деңгейдегі жаһандық бас қосуды өткізу Қазақстанның әлемдегі беделін арттырып қана қоймай, елдің дамуына жаңаша серпін береді”, дей келе, Саммитке дайындыққа жұрт болып жұмылуға шақырды.

Тәуелсіз жас мемлекет Қазақстан түгілі кешегі Кеңес Одағында да мұндай жаһандық ауқымдағы жиын ұйымдастырылған емес. Желтоқсанның алғашқы күндерінде Астанаға 55 елдің президенттері, премьер-министрлері, парламент жетекшілері, 65 халықаралық ұйымның басшылары келмек. Оған қоса шетелдік 1500-дей журналист Астана Саммиті туралы ақпа¬раттарды өз елдеріне таратады.

Айтулы оқиғаны ғаламдық тұрғыда насихаттау ең маңызды шаралардың бірі болып отыр. Астанаға келген халықаралық БАҚ өкілдеріне өз жұмыстарын кедергісіз атқару үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Саммит өтетін Тәуелсіздік сарайы жанынан үлкен баспасөз орталығы ашылды. Сол орталықта Саммиттен тікелей көрсетілімдер жүргізіледі. Аталған Саммиттің маңызын жер-жаһанға жеткізу үшін осындай іргелі шаралар қолға алынған.

Осы күндері Саммитке арналған газет шығып, телеарна жұмыс істейді. “Саммит ТВ” деп аталатын телеарна хабарлары республикалық телеарналардың бірінің негізінде хабар таратады. Мұнда Қазақстан жөнінде тарихи, этно¬мәдени, танымдық хабарлар көрсетіледі. Саммит отырыстарынан тікелей көрсетілім беріліп, мәртебелі қонақтармен сұхбаттар жасалады. Сондай-ақ “Астана Таймс” деп аталатын газет тек ағылшын тілінде шығарылып, мәртебелі қонақтарға қажетті ақпаратты топтастырып беріп отырмақ.

Астана қаласының ресми сайтының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда мәртебелі қонақтарды күтіп алатын елордалық қонақүйлер сақадай сай. Қонақтардың қауіпсіздігі - басты назарда. Төтенше жағдайлар қызметі де аяғынан тік тұр. Бұл күндері астаналық қолөнер шеберлері Қазақстан мем¬лекеттік рәміздері мен Саммит белгілері таңбаланған сый-кәделер дайындап жатыр. Олар да Астана Саммитін қазақстандықтар үшін ғана емес, мәртебелі қонақтар үшін де есте қалар оқиға етуге елеулі үлес қосады.

Бүгінде полицейлер, учаскелік инспекторлар, мейрамхана даяшылары, қонақүй қызметкерлері Саммитке келуші шетелдіктердің қарапайым сұрақтарына ағылшын тілінде жауап қайтаруға дайын. Елдің имиджін қалыптастыратын қызмет көрсету орындардың бәрі астаналық мәртебеге сәйкестендірілді. Санэпид¬сараптама орталығы қонақтарға ұсынылатын ас мәзірінің сапасын анықтайтын қосымша микробиологиялық анализатор, тағам өнімдеріндегі нитраттың құрамын айқындайтын тестерлер сатып алды. Қонақтарға ұлттық тағамдарды таныту да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бастысы -қанға сіңген қазақы қонақ¬жайлылықты әрбір қатысушы сезінуі керек.

Жиынның өту барысында 659 медицина қызметкері кезекшілікке жұмылдырылады. Саммит қарсаңында қалаға 23 реанимобиль сатып алынды. Сөйтіп Астана, 10 мың адамға 1 реаномобильден келетін халықаралық норма деңгейіне жетті. Сондай-ақ 12 өрт сөндіру техникасы мен жол полициясына қажетті арнаулы 50 автокөлік те алынған. Қаланың қан тамыры саналатын коммуналдық нысандарының жұмысы да тексерістен өтуде. Инженерлік жүйелер мен коммуникацияның сенімді жұмыс істеуі үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Сам¬мит¬тің өтуі алдымен Астана қаласының бұрынғыдан да көріктене тү¬суіне мол үлес қосқаны байқалады. Елорданы әлем аста¬наларының деңгейіне жеткізу үлкен қаржыны, күш-жігер мен ұйымдастырушылық қабілетті керек еткені сөзсіз. Жиын қарсаңында Астана әуежайын жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, құқық қорғау құрылымдарын күшейтуге қомақты қаржы бөлінді. Саммит қарсаңында жаңғыртылған нысандар кейін қала тұрғын¬дарының, қазақстандықтардың игілігіне жаратылады.

Бұл саммит еліміздің инвестициялық тартым¬дылығын айтарлықтай арттырады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жан-жақтан ағылған инвестицияның пайдасын қарапайым халық көріп келеді. Сонымен бірге «Қазақстанда жасалған» деген мөрі бар өнімдердің табысты экспортталуына оң ықпал етеді.

Әлемдік деңгейдегі жиын ең алдымен, Қа¬зақстанның жақсы атын шығаруға, заманауилап айтқанда имиджін көтеруге қызмет етеді. Бұл жолда кеткен қаржы-қаражатты шығын ре-тінде есептеу қисынға соқпайды. Өйткені Саммит әрбір қазақстандықтың ертеңге деген сенімін нығайта түседі, отаншылдық рухты көтереді, айдай әлем алдындағы беделін кө-тереді. Елдігімізге сын болып отырған басқосудың өз деңгейінде өтуі үшін осындай қыруар шаруалар тындырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуы мен 2010 жылғы төрағалығы: Астана Саммиті, қауіпсіздік пен қарусыздану бастамалары
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатынасы және 2010 жылғы төрағалыққа дайындық
Қазақстандағы саяси процестер: 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммиті, референдум бастамасы және 2011 жылғы Президент Жолдауы
Қазақстан мен ЕҚЫҰ: құрылым, даму және аймақтық қауіпсіздік
ЕҚЫҰ құрылуы мен Қазақстанның төрағалығы: ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік
Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздік құрылымдары: ЕҚЫҰ, НАТО, АӨСШК, ШЫҰ және Қазақстанның рөлі
ЕҚЫҰ тарихы және Қазақстанның 2010 жылғы төрағалығы: Астана саммитінің нәтижелері
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: құрылымы, басымдықтары және Астана саммитінің маңызы
Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚазТБУ имидж тобына арналған киім топтамасын жобалау
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы: қалыптасуы, мақсаттары және Астанадағы 10 жылдық саммиттің нәтижелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz