Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында техникалық еңбек сабақтарының міндеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында техникалық еңбек сабақтарының
міндеті.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың шыңына жеткен заманы деп біз
жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әр заманның ғылым саласынан адамға қоярлық
өзінше талаптары бар. Біз өмір сүріп жатқан заманның адамға қоятын талабы
ретінде Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген қазақ халқының
көнеден келе жатқан мақалын алғым келіп отыр. Себебі, бүгін алға шабам
дегендер, білімнің бұлағынан нәр алуы, ғылымның әр саласынан хабардар болу
керек. Жан-жақты ақпараттандырылған адам өмірде өз жолын тауып,
мақсаттарына жете біледі. Бірақ білім-ғылым деп, тәрбиені тыс қалдыруға
болмайды. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап – баланы оқыта
отырып тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа алған ұстаз оқушысын білімді,
өнегелі әрі мәдениетті етіп шығарады. Осы айтылғандардың барлығын меңгерген
оқушы творчество, техника т.б. салаларында жан-жақты дамиды.
Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін
жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай
бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу
керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында
дамиды. Сол сияқты техникалық еңбек сабағында балаларға заманымызға сай
білім бере отырып, шығармашылық және жеке қасиеттерін дамытудың мәні зор.
Осы бағыттағы істер 1-сыныптан басталуы керек. Еңбекке баулудың
алғашқы күндерінен жүйелі білім беруді, олардың ой-өрісін дамытуды,
тапсырмаларды орындау жоспары мен жұмысқа қажетті материалды таңдап
алатындай етіп ұйымдастыру керек. Олар қарапайым нәрселерді құрастырудан
бастап, біртіндеп күрделі өмірде жиі кездесетін машиналарды ажырата білуге
үйренеді. Оқу жылының екінші жартысынан бастап, математика сабақтарында
кесінділерді және геометриялық фигураларды жолсыз ақ қағазға сызғызу
жүргізіледі. Мұғалімнің өзі жасаған кестесі не тақтаға сызған бұйымы мен
оның құрылысының бейнесі сызба түрінде берілуі керек. Осы сызба бойынша
олар орындалатын бұйымның құрылысын аңғаруға үйренеді. Сонан кейін бұйымның
сызбасы және үлгісі, не техникалық суреті салыстырылып, орындалатын жұмыс
операциясы белгіленеді. Оқушылар сызбамен жұмыс істеуден бұрын, сызбада
берілген бүктеу, кесу, жалғау сиқты шартты белгілерді оқи алу білуге үйрету
керек. Оқушылар негізінен бұйымдар мен жұмыстарды үлгі және дайын сызба,
нұсқау бойынша белгілі жоспармен үйренеді.
Сызбаны оқу және белгілеу – еңбекке баулу сабағында орындалатын
операцияларды алдын ала жоспарлау барысының алғы шарты. Сызба оқылып
белгіленгеннен соң, олар жоспарда көрсетілген жұмыстарды орындауға
кіріседі. Егер берілген тапсырма бір сағатта орындалатын болса, алғашқы
сабақ сызбаны оқуға, белгілеуге арналады. Қалған уақыт материалды өңдеуге,
бөлшектерді дайындауға, құрастыруға, әшекейлеуге жұмсалып, оның орындалуын
тексеруге бөлінеді. Олар белгілеу тәртібін дұрыс жоспарлап, жете түсінсе
ғана еңбек операциялары ойдағыдай орындалады.
Қажетті сызықты жүргізу қарындаштың дұрыс ұшталуына байланысты.
Қарындаш кедір-бұдырсыз, теп-тегіс ұшталуы қажет. Сонда жүргізілген сызық
дұрыс болып шығады. Түзу сызық сызғанда, қарындашты жылжытатын бағытына
қарай аздап көлбете ұстап, үлгінің не сызғыштың қырына тақап сызады. Сызу
үшін қалыңырақ ағаш сызғыш, өлшеу үшін металл сызғыш пайдаланылады.
Шеңбер циркульмен сызылады. 1-сынып оқушылары балалар бақшасынан алған
дағдылары негізінде мұғалімнің айтқаны, тақтаға сызғандары бойынша жұмыс
істеп, шеберлікке үйренеді. Циркульмен дөңгелектер сызып, оларды тең
бөліктерге бөлуге төселеді. Оқушылар 1-сыныптан бастап, жоспарлаудың
алғашқы элементтерін, графикалық бейнелеуді, сызбаны оқуды және белгілеуді,
фигураларды салудың алғашқы элементтерін, сызу жабдықтарымен жұмыс істеуді,
сызу тақтасын, қағазды тақтаға дұрыс бекітуді, көмекші сызықтар жүргізуді,
қағаздың бүктелетін, кесілетін жерлерін сызықтар арқылы белгілеуді
үйренеді.
Жұмыстың ойдағыдай орындалуы үшін 1-сынып оқушыларын өздерін-өздері
бақылай білуге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау – дайындық кезеңі, негізгі
кезең және қорытынды кезең болып бөлінеді. Олар дайындық кензеңінде жұмыс
орнын әзірлейді. Бұл жерде тексеріп бақылау іске асырылады. Мұғалім осы
кезеңде балалардың назарын материалды зер сала қарап, аспаптардың жұмысқа
жарамдығын анықтай білуге аударады.
Оқушыларды, өз жұмыстарын бақылай білуге үйретудің мақсаты – сынап
көруге және жіберген қатесін аңғарып, кемшілігін анықтай білуге үйрету,
сонда олар жұмыстың я дұрыс я бұрыс орындалғанын байқайды. Сонан соң
жұмысты әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны біледі.
Модель жасау үшін оқушылар материалдар мен аспаптардың қасиеттерін,
модельдер технологиясын және олардың атқаратын қызметін жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Техникалық еңбек сабақтарын жүргізу әдістемесі
Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Іскерлік ойын
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер