К. Д. Ушинский еңбектеріндегі оқытудың дидактикалық негіздері мен әдістемелік принциптері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Оқытудың дидактикалық негіздері

Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушинский еңбектерінде көркем орын алады. Бұл мәселелер оның ''Адам тәрбиесі'', ''Н. И. Пироговтың шығармалары'', ''Ана тілін оқытуға басшылық'', ''Швейцарияға педагогикалық саяхат'' атты шығармаларында кең түрде баяндалды.

1. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол
''Теорияның негізгі құралы'' деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс.
Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың
ақыл-ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті.

2. Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы
негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін
белсенді ететіндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратындай ол түсінді де сенді.
Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді - деп
есептеледі.

3. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік - Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.

К. Д. Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мектептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады.

Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрне-кілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды.

Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс ұйымдас-тырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т. б.

К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты-әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін ұсынды: түсіндіріп оқыту, оқытушы-ның әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша) .

Әрбір сабақтың сапалы болуы - мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді - Ушинский. Бұл туралы ол былай деді - ''өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрнекілігі''.

Әдебиеттер

Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.

Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

3. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.

4. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
Оқытудың түрлері, дидактикалық принциптері мен заңдылықтары және мектептегі білім мазмұны
Автомобиль ісі пәнін жоғары сыныпта оқытудың педагогикалық-әдістемелік негіздері мен дидактикалық жабдықталуы
5-9 сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздері
XVIII ғасырдағы Ресей білім жүйесінің дамуы: оқу орындары, Мәскеу университеті, М. В. Ломоносов және К. Д. Ушинский
Оқыту принциптері мен ережелерінің дидактикалық негіздері
Оқыту заңдылықтары мен дидактикалық принциптері: теориялық-әдістемелік сипаттама
12-жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың дидактикалық-әдістемелік негіздері
Оқытудың мәні мен мақсаттары: әдіснамалық, психологиялық және дидактикалық негіздері
2-сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz