ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ

Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық
және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке
ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады.
Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі
дәрежесін көрсетеді.
Өткен замандағы музыка өнерінің негізгі мазмұны халық мұңы,
оның ауыр тұрмысы еді. Ел мұңы ән мен күй арқылы түрлі музыка аспаптарының
сазымен елден елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны
таратушылар халықтың ішінен суырылып шыққан өнер иелері: әнші, күйші,
жыршы, қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды.
Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы,
солтүстік-шығыста сонау мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына
дейінгі ,шамамен алғанда13-14 миллион шаршы километр аймақты алып жатыр.
Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып,
Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны
тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында
қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен
шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола
отырып, жан-жақты өркендей бастады.
Түркі тілдес халықтардың ежелден мекендеп, қалыптасқан жері
Еуразияның дәл кіндік тұсы Орталық Азия, Оңтүстік Сібір Еділ бойы және
Орал өңірі. Қазір мұнда 40-түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың 25-нен
астамы тұрып жатыр. Шығыс Сібірдің солтүстігінде және Кіші Азия мен
Қаптауда (қазіргі Түркия мен Әзірбайжан) жаңа қоныстану аймақтары пайда
болды. Түркі халықтары сонымен бірге саны көп басқа халықтар арасында
Иранның тау жағында Солтүстік Қаптауда (Кавказда) Балқан түбегінде және
Дунай мен Дон өзендерінің аралығында шағын топтар құрып орналасқан
Түркілер Ирандар мәдениетін сусындатып, өз тілдерін, өз елдігін сақтады.
Түркілердің ішінде өзбек , түрік , әзірбайжан , түрікмен , қырғыз және
қазақ сияқты ірі халықтар мен бірге шор, долған, қарайым, қыпшақ сияқты
ұсақ ұлыстар да болды. Олардың тарихи тағдыры мен мәдениеті өз ұлттарына
қарай әр түрлі қалыптасты.
Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-
ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді
дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан,
Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің
тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі
ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі
ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.
Өзбек музыкасы фольклорлық дәстүрге өте бай халық . Ежелгі ән
жанрлары:катта ашула (суырыпсалмалық сипаттағы лирикалық ән), дастан
(эпикалық жыр), мақам (бірнеше бөлімнен тұратын вокальды аспапты шығарма),
лапар (бимен қосылып орындалатын әзіл сықақ әні). Музыка аспаптары:
гиджак(ішкі-ысқылы), дутар, тарбур, копшай (үрмелі ағаштан жасалған),
карнай (үрмелі жезден жасалған), доира ,нагара, сафаиль, кайрак (соқпалы)
аспап.
Өзбек-қазақ жерінде өмір сүрген түркі ғалымдары : Әбу Насыр , әл-
Фараби, Ибн Сина , Жәми музыка трактаттарына музыка
теориясы мәселелерін қозғады.
Өзбекстан мен Қазақстандағы философия мен қоғамдық ой ертедегі
Орта Азия мен Иранда мекендеген халықтардың рухани мұраларының дәстүрінде
қалыптасып дамыды. Оған ғылыми философиялық ойдың өкілдері әл-Хорезми, Әбу
Насыр әл-Фараби, ИбнСина , Әбу Райхан Бирунилердің ықпалы зор болды.
Алдыңғы қатарлы ұлы ойшыл ақын Әлішер Науаидың (1441-1501ж.) шығармаларында
дамытылды. Темір мен Темір әулеттері билеген жылдары Үндістанға жорық
күнделігі, Темір жорығы жайындағы кітап, Шайбанинама, Шайбанияда
т.б. көлемді шығармалар пайда болды.
Түрікмен халқы музыка өнерінің ежелгі ескерткіштеріне бай, олар
б.з.б ІІІ-ІІ ғасырларға жатады. Парфиян патшалығының астанасы - Ниса
қаласының орнынан музыкалық аспапта ойнаушы бейнеленген риктан табылды.
Түрікмен халық аспаптарының кейбір түрлері эллинистік дәуірлерден белгілі.
Түрікмен жерінде түркі тілдес тайпалардың келуімен түрікмен халқының
қалыптасуына орай VI-ғасырдан бастап түрікмен музыкасының негізі қаланды.
ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында өрістеген түрікмен музыкасы ХІV
ғасырда Түрікмен фольклорында халық хәне халықтық кәсіпқойлық шығармашылық
ерекшеленді. Халық ән өнері бір дауысты болып келеді. Оның құрамына той
(жар-жар) , бесік жырлары , қыздардың лирикалық әндері және еңбек әндері
енді. Зікір жанры ерекше көзге түсті.
Түрікмендер көптеген музыка аспаптарын жасады. Олар: дуптар, гиджак
(ішекті), дилли- тюидук, гопуз (үрмелі) т.б. музыкалық аспаптары бар.
Қорыта келгенде Түрікменменияда оғыздардың келісімімен
кемелденген орта ғасырлар кезеңінде (әсіресе ХІ-ХІІ ғ.) феодалдық мәдениет
гүлденіп, өркендей бастады.
ХVІ ғасырдағы қырғыз фольклорының шырқау биігі - Манас эпосы.
Манас эпосы туралы дерек Молла-ад Диннің Маджмуат - тау арих атты
еңбегінде ХVІ ғасырда жазба түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы орта ғасыр мәдениеті
Темірбек Жүргенов және қазақ мәдениеті
Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі
Мәдениет ұғымы
Күрділердің мәдени орталықтары
Ертеректегі және дамыған ортағасырлық мәдениет
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Сақтардың бейнелеу өнері
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Пәндер