Хризомонадалар отряды- Chrysomonadina



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Хризомонадалар отряды- Chrysomonadina
Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және теңіздерде
тіршілік етеді. Хромотофоралары диск тәрізді сарғыш қоңыр түсті болып
келеді. Ассимиляция нәтижесінде- полисахарид-лейкозин пайда болады. Бірнеше
колониальды түрлері бар, соның ішінде тұщы суларда кездесетін бұтақ тәрізді
колония Dinobryon және шартәрізді-Synura туыстары.
Сауыттылар отряды- Dinoflagellata
Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы сауыты
болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі денесін орап
жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл түсті болып келеді. Кейбір
түрлері хлорофилл дәндерін жойып гетеротрофты жолымен қоректенуге көшкен
(Noctiluca туысы). Ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Тұщы
суларда, теңіздерде, судың жоғарғы бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол
себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі туыстары: Peridinium,
Ceratium, Noctiluca.
Эвгленалар отряды- Euglenoidea
Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты
жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары мол
таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік
етеді.
Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена- Euglena viridis. Сурет 5
   
5-сурет. Жасыл звглена . 1 -ядро; 2-парамилл туйiршiктерi; 3-
хроматофоралар; 4-көзше (ститма); 5-жиырылғыш вакуолi; 6-қорсауьгт
(резервуар); 7-талшық. 
 Денесі ұршық тәрізді болып келеді, екі ұшы сүйірлеу. Денесінің алдыңғы
жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді
қозғалыс жасайды.
Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез қозғалу
нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.)
ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту
вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған
заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады.
Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде
жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену
арқасында цитоплазмада көптеген қор заты ретінде парамил түйіршіктері пайда
болады. Денесінің алдыңғы жағында жарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талшықтылар класы- mastigophora
Қарапайымдылардың систематикасы
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
Бірклеткалылар және нағыз көпклеткалылар
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жалпақ құрттар туралы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Шaянтәpізділep класы
Гетеротрофты талшықтылар
Пәндер