Минералды қореқтену



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Минералды қореқтену

Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі жөніндегі мәселеде ғылымда түрлі көзқарастар болды. Өсімдіктердің шіріндіге бай топырақта жақсы өсіп, мол өнім беретіндігін көрсететін сан ғасырлық егіншілік тәжірибесі қоректенудің гумустық теориясын өмірге келтірді. Алайда фотосинтездің ашылуы мен зерттелуі өсімдік денесінің 95 проценті көмір қышқыл газы мен судан құрала-тындығын көрсетті. Бұл жағдайда өсімдіктің қалған бөлігі неден құралады, оның түрі қандай және ол неден түзіледі деген сұрақ туды. Бұл сұраққа жауап беру үшін химияда қолданылып жүрген элементтік анализ методы өсімдіктердің құрамын зерттеуге пайдаланылды. Осы мақсат үшін өсімдікті жаққанда, ондағы газ тәрізді заттар -- азот, сутек, оттек және көміртек ұшып шығады. Олар негізінен органикалық заттардың құрамына енетіндіктен органогендер деп аталған. Элементтердің күлді заттар деп атала-тын барлық қалған бөлігі органогендер ұшып шыққаннан кейінгі қалған күлде болады. Өсімдікті жағу нәтижесінде алынатын күлді заттардың мөлшері өсімдіктердің әр түрінде ғана емес, сол сияқты олардың әр түрлі органдарында да түрліше болады. Ағаш сүрегінен 1%, тұқымнан 3 процентке жуық, тамыр мен сабақтан -- 4 -- 5, жапырақтан -- 10 -- 15, қабықтан -- 7% күлді заттар алынады. Орта жағдайларына қарай күлді заттардың бұл мөлшері өзгеріп отырады. Топырақта тұздар неғұрлым кеп және климат қаншама құрғақ болса, өсімдікте күлді заттар соғұрлым мол болады.

Күлдің құрамы өте күрделі және алуан түрлі, тіпті бір өсімдіктің өзінде де ол тұрақты болмайды. Белгілі бір элементтің өзі бір органдарда көп, екінші органдарда аз мөлшерде кездеседі. Тұқымның құрамында басқа элементтерден гөрі фосфор мен калий көп кездеседі, бұл элементтер жақа органдар құру үшін қажет. Топырақта көп жағдайда фосфор мен калий жетіспейді. Астық тұқымдастар сияқты өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарында кремний және кальций мол болады. Астық тұқымдастардың та-мырсабағында, картоп түйнегі мен қызылша түбірінде калий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оңтүстік – шығысында тәлімі арпа өсірудің ғылыми негіздері
Ауылшаруашылық дақылдарның қоректенуінің оптимизациясы
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Биотаның тіршілігіне қажетті литосфераның ресурстары
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану жайлы
Өсімдіктің фосфорлық қоректену диагностикасы
Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері
Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу және егіншілік жүйелері
Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
Пәндер