Педагогика пәнінің мақсаты,нысаны жəне қызметтері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика пәнінің мақсаты,нысаны жəне қызметтері

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш
бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат
білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас
педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық
құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда
педагогикалық нысан ретінде əртүрлі
күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары
сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология,
жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде
пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге
икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық
практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай
теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны
педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне
аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен
танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерттеу пəніне ие салыстырмалы
дербес білім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы басылымдары:
Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл
ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік
педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика
зерттеулерінің объектісі – бұл педагогикалық дерек (құбылыс). Дегенмен,
бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі
ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық
дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын
зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның
психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты
педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да
педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері
үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз.
Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен
белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті
зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану,
экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім
жүйесінде өндірілген еңбек ресурстарының шынайы мүмкіндіктер деңгейін
анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге
тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың
əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық үдеріске жəне
əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім
саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап
іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ?
Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның
психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты
кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады
т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың қосқан
үлесі, əлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті
өсу жəне даму процестерімен байланысқан білімнің мəндік астарын жəне сол
даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік
құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған
проблемалардың баршасы арнайы ғылым – педагогиканың зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда):
отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы
ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Әдіснамалық білім деңгейлері
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Әлеуметтік педагогика жайында
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Пәндер