Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері мен өкілеттіктерді бөлу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері

Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:

- педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді;

- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;

- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.

- педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы.

Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:

- уақыты бойынша - күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;

- басқару қызметі бойынша- талдауға орай, бағалық, құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты;

- келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы мекемелерден;

- мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т. б.

- өкілеттіктер беру принципі.

Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы - қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік - нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С. Қасымовқа емес, мектеп директорына (С. Қасымов) тапсырылсын) . Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар - күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- басшы қызметі; мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық,

оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер; тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002. -250 бет

Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы-2005. - 359 бет

Намазбаева Ж. И. Психология, оқулық Алматы-2005. - 430 бет

Алдамұратов А. Жалпы психология, Алматы, 1996. - 300 бет

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. - 300 бет

Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977. - 488 бет.

Ж. . Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2002. - 369 бет.

Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002. -254 бет.

Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т. Д. Марцинковской. М. : Гардарики, 2003. - 350 бет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері, негізгі принциптері және мектеп басқаруының қызметтері мен әдістері
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері, принциптері және мектептегі ғылыми басқару
Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы және өкілеттіктерді бөлу
Мектептегі педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері мен мектепішілік басқару әдістері
Мектепішілік басқарудың принциптері мен педагогикалық жүйені басқарудың теориялық негіздері
Мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері, құқықтық тәсілдері және нысандары
Ақпараттық жүйелерді жобалау және жобаларды басқарудың теориясы мен әдіснамалары
Мектепті ғылыми басқарудың заңдылықтары мен басқару принциптері
Автоматты басқарудың принциптері мен құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz