Салықты бақылау мен салықты жоспарлау


Салықты бақылау мен салықты жоспарлау
Салыктық бақылау мемлекеттің салықтық қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және салықтық бақылау салық органдары мен тиісті уәкілеттілігі бар басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ каржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде мемлекеттік салықтық бақылау кең мағынада айтылады.
Осы салықтык бақылау аясындағы мемлекеттің материалдық мүддесі айрықша және айқын көрінісін табады. Өйткені, мемлекет салықтық қатынастардың әрқашанда бір жағында тұратын субъектісі, сондай-ақ қоғамның саяси жүйесінің субъектісі ретіңде бақылай отырып тексеріп, тексере отырып қадағалап, салықтардың уақтылы жиналуын және олардың толық мөлшерде тиісті бюджеттердің кірістеріне түсуін қамтамасыз етіп, өзінің және қоғамның ақша қаражаттарына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл ретте айта кететін тағы бір қызық жәйт, мемлекет қандай болмасын материалдық салықтық құқықтық қатынастардағы тараптың міндеттітұрақты субъектісі болып саналғанымен, егер салықтөлеушіменсалык органының арасыңда белгілі бір даудамай туындаған жағдайда оны әділ шешуге ат салысатын ара би болып табылады.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу;
2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
3) бюджетке түскен түсімдерді есепке алу;
4) қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;
5) салықтық тексерулер;
6) камеральдық бақылаулар;
7) салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне мониторинг жүргізу;
8) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану;
9) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
10) мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және оны сату тәртібін сақтауды тексеру;
11) уәкілетті органдарға бақылау жасау.
Акцизделінуге тиіс тауарларды акциздік алым және есепке алу-бакылау таңбаларымен таңбалау сол тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылардын мойынына жүктелген. Соны-мен катар, салык органдары уәкілетті мемлекеттік орган бел-гілеген тәртіп негізінде акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік постылар белгілейді; Мемлекеттік салықәкімшілігін жүргізу салықсалу саласындағы мемлекеттік баскарудың айрыкша түрі болып табыла ма? Мемлекеттің бас фискальдык органы Қаржы министрлігінін Салық комитсті жөнінде кандай мағлүматтарды білесіз? Оның негізгі кызмет багыты мен өкілсттіліктерін сипаттап көрсетіңіз. Мемлекеттің салықтық мснеджментінің Кдзақстан Республи-касы салықтық қүқығынын маңызды элементі болып табылатынын дәлелдеу барысында фискальдық қатынастарға катысты мемлекеттің экономикалык менеджментінің әдістерін сипаггап беріңіз.
Мемлекеттік салықтық жоспарлау
Мемлекеттік салықтык жоспарлау тактикалық және страт-гиялық жоспарлау болып бөлінеді. Мемлекеттік салықтық жоспарлау салықтар бойынша жоспарлы тапсырмаларды қарастыру кезінде мына кезендерді қамтиды:
1) Үкіметтің және салық органдарының осы аядағы накты іс-қимылдарын және салық салу саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындау;
2) стратегиялық қоғамдық саяси мақсаттарды есепке ала отырып салық салу концепцияларын әзірлеу және оны бағалау;
3) салық салуға қатысты тәсілдер мен жолдарды өзгертетін немесе сақтайтын үтымды салық концепциясын тандау және негіздеу.
Осы мемлекеттік салықтық жоспарлау белгілі кезендеріне байланысты:
1) жедел салықтық жоспарлау (бір тоқсанға) ;
2) ағымдағы салықтық жоспарлау (бір жылға) ;
3) үзак мерзімді және стратегиялық салықтык жоспарлау болып бөлінеді.
Мемлекеттік салықтық жоспарлауды іске асыру кезінде салық салуға байланысты болжамдар бюджеттік тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және еліміздің әлеуметтік-эконо-микалық дамуының бағдарламаларында беріледі. Мемлекеттік салықтық жоспарлаудың негізгі міндетіне бюджеттік тапсырманың басым бағыттарының салықтық түсім көздерін және еліміздің әлеуметтік-экономикалык дамуының перспективалық бағдарламаларын экономикалык түрғысынан немесе заң жүзінде қабылдаңғаң салық концепциясф көлемінде негіздеу жатады.
Сонымен, салықтык жоспарларды іске асыру дың механизмдері бір неше.
Салық салуды жоспарлау жүйесі бюджеттік кұрылыс ауқымында, оларды негіздеу және бағалауды болжаумен, сондай-ақ жоспарлы салықтапсырмаларын және салық концепцияларын калыптастырумен айналысатын күрделі ұйымдастырылу құрылымы бар жоспарлау органдары мен әртүрлі ведомстволарға жататын бөлімшелерден тұрады. Мәселен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, оның кұрылымдық бөлімшелері, Каржы министрлігінің Салық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, статистикалықжәне ақпарат беру мекемелерінің және т. б. салықтық жоспарлау жүйесіне тікелей катысы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz