Тұфтолла Қалимовтың соғыс және тұтқындық естеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Тамұқтан аман шыққан жан

Фашисттермен болған сұрапыл соғыстың аяқталғанына да 60 жыл болды. Небір боздақтар қан майданнан оралмай бала жетім, ана жесір атанған кез еді бұл. Өлдіге санап, үмітін үзе бастаған шақта келешек отын маздатқандар да бар еді. Ал Индер ауданы Гребенщик селосының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Тұфтолла Қалимовтың айтары аз емес. Сол кездің қасірет таңбасындай болып әжім айғыздаған жүзі, көзі көрмей, құлағы естімей қалған майдангер қартпен тілдесудің сәті түсе кеткені. Алдымызда былғары мұқабасы бар, көк дәптер жатты. Сырға, мұңға, қасіретке толы күндердің естеліктері бар мұнда.

Ер етігімен су кешкен кез еді

Ел еңсесі енді көтеріле бастаған кез. Тұфтоллаға әскерге шақырту 1941 жылдың 23 маусымында болатын. Ойларында түк жоқ бұлар бір күн бұрын әскери коммисариатқа барды. Ауданда митинг өтіп жатыр. Естігендері таңертең герман фашисттері соғыс ашыпты.

- Комиссариат біздерді қыркүйекке дейін елге барыңдар деп жіберді, ешқайда кетпеуімізді сұрады, - дейді майдангер қарт күнделігінде.

Ел әп-сәтте жүдеп қалды. Ерлер біртіндеп сұрапыл соғысқа аттана бастады. Колхоздың қым-қуат жұмысы көбейді. Тұфтолла көрші Кулагино селосындағы жинақ кассасына жұмысқа тұрды. Көп ұзамай армияға шақырту қағазын қолына алған Тұфтолла 1942 жылдың қаңтарында көптің бірі болып кете барған. Украинадан келгендері де әр ауданға бөліп жатыр. Ығы-жығы халықтан, шуылдаған составтан құлақ тұнады. Жылап сықтап, күңіренген ел жауынгерлермен қимай қоштасуда. Бұлар Саратовқа табан тіреді. Тұфтолла ақпанда 196 дивизия, 725 артиллерия полкінің топографиялық взводына түсті. Әскери ойынмен қоса карта, т. б. үйреткен болатын.

- Біздерге, 15 адамға екі арба, екі ат бөлінді. Жерді өлшеп, сызып, штабқа жіберсек, ал жаяу әскерлер окоп қазумен болды. Соғысқа кірістік. Калач деген жерден 40 шақырымдағы селода біз немістердің қоршауында қалдық. Оқ борап, самолеттер қайта-қайта бомбалайды. Тірі қалғанымыз өзіміздің әскерге қашан жетеміз деп сүйретіліп келеміз, - дейді күнделік парағы сол күндерден сыр шерте.

Қоршаудағылар соғыста ілгері жылжып келеді. Өлгендердің денесіне сүріне атысқанмен күш тең емес еді. Немістер тысқырып, жақындаған сайын бұлардың командирі “құжаттарымызды көміп тығып тастайық” деген көшелі ақылып жеткізген. Тұфтолла өз бөлімшесіндегі тірі қалған басқа да қарулас жолдастарымен бірге жау қолына түсті.

Тұтқындағы азапты күндер

1942 жылдың тамызында тұтқынға түскен 200-ге жуық тұтқынды Батысқа қарай айдап келе жатқан. Ас, сусыз бұлар қалжырай бастады.

- Адам нағыз қатты шаршап, ашыққанда қолтығынан демеуге келмейді екен. Ақыры тастап кетуге тура келеді. Артымыздан ергендер қалжырап құлағандардың басынан, кеудесінен атып келеді, - дейді майдангер қарт.

Аш-жалаңаштарды былайғы адамдар аяғанмен не болсын, оларға жақындаттырмайды. Жүрегінде түгі бар бір әйел ғана немістердің қорқытқанына қарамай, бір бөлке нанды лақтырып, өзі қашып кеткен-тұғын. Бұлар әп-сәтте жоқ қылды. Тұтқындарды сайға ұстады. Еріккен фашисттер тұтқындарды суға лақтырып, болмаса қашуға талпынғандарды аямай қырды. Тамақ бір мезгіл берілді. Өлген жылқының еттері, тұйсыз күйген бидайды еріксіз талғажау екен. Аштықтан адамдар қырыла бастады. Тірілердің қолынан келетіні жер қазып, бетін жасырғаны болды.

Күз келді. Күн суыта бастады.

- Аштыққа енді тоңғанымыз қосылды. Дірдіктеп шығамыз. Бірді бір орыстың шашына ақ кіре бастаған жауынгері мені аяп, шинелімнің бір жағын жамылып жат. Жассың ғой деп мені аяйтын, - дейді күнделік тағы да.

Тұфтолладан әл кетіп, жүруге жарамай қалды. Жолдастарының көмегінің арқасында бидай жеп, сәл болса да әл кірген. Бұларды вагонмен Кароль деген жерге әкелген. Көрсеқызар фашисттер үсті-бастарын тінтып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы: майдан естеліктері мен әдеби әсері
Әлима Сұлтанғалиеваның 1986 жылғы Желтоқсан туралы естеліктері және тәуелсіздікке тағылымы
Хамит Тілеубайұлы естеліктері негізінде Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қайта қарау
Екінші дүниежүзілік соғыс: соғыс алдындағы сыртқы саясат, негізгі кезеңдері және халықаралық салдары
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Түркістан легионы: құрылуы, соғыс қызметі және кейінгі тағдыры
Нюрнберг процесі және Германияның 1939-1945 жж. соғыс саясаты: соғыс қорытындылары мен халықаралық жауапкершілік
Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмірі, соғыс тәжірибесі және әдеби шығармашылығы
Бауыржан Момышұлы: соғыс ерлігі, әскери педагогика және әдеби мұра
Абдолла Үсенов, Құрбанбай Ырысбеков, Файзулла Юлдашев және Расул Есетов: Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері мен естеліктері
Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Батыс Еуропадағы халықаралық саяси ахуал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz