Тарихи-шежірелік жазбалардағы Асан ғұмырнамасы және тарихи шындық

Қазақ тарихына қатысты шежірелік еңбектер қалдырған Қ. Халидтың
Тауарих хамса еңбегіндегі Асан Қайғының ғұмырнамалық баяны, Шәкәрім
Құдайбердіұлының Түрік, қырғыз-қазақ Һәм хандар шежіресі атты шежірелік
зерттеуіндегі Асан өмір сүрген заман шындығына қатысты деректер талданады.
Асан Қайғының қай кезде туып, қандай қызметтер атқарғаны туралы
хабарлар қазақ аңыздарында өте мардымсыз сақталған болса, 1910 жылы Қазан
қаласында Тауарих хамса атты тарихи еңбек шығарған оқымысты Құрбанғали
Халидтың баяндауларында Асанның ғұмырнамасы туралы деректер келтірілген.
Қ. Халид тарихи-шежірелік деректерде жақсы сақталған Ұлық-Мұхаммед
ханды Асан есімімен байланыстырып, халық аңыздарындағы Орманбетті
Ұлық–Мұхаммед деп таниды. Бұл тұрғыда ол Орманбет атауының дыбысталуын
бұзып, оны Ұр-махаббат хан деп айтады. Осы танымның салдарынан Орманбет
хан өлген күн, он сан ноғай бүлген күн деген жолдар Халидтың еңбегінде Ұр-
махаббат хан өлгенде, он сан ноғай болғанда деп өзгертіледі. Ал қазақ
арасына кең тараған Ел айырылған (Ноғай мен қазақ айырылған күйі) күйін
Қ.Халид ағайынды хандар Кіші-Мұхаммед пен Ұлық-Мұхаммед хандардың бір-
біріне өкпелесіп айырылысқан күні тартылған күй деп танып, оны Екі
ханзаданың айырылғаны деп те атайды. Інісіне өкпелеген Ұлық-Мұхаммед көшіп
кетіп, Қазан қаласының негізін қалаған деп санайды. Сол Қазандағы Ұлық-
Мұхаммедті Сарайдан қуылған Асан паналайды:...Асан Атаны Сарай ханы
кеңестен қуған соң, ол Қазандағы Ұлық-Мұхаммед ханның қасына барғаны
кешірілген (нақыл етілген). Олай болса, әдепкіде Кіші Мұхаммед хан алдында
Сарайда болып, соңынан Ұлық-Мұхаммед ханға барған болып шығады [4, 93],-
деп жазады.
Оқымысты тарихшының ел арасынан өзі жазып алып, оны шежірелік кітаптар
дерегімен салыстырған аңызды талдауында тарихтан хабары бар зерделі
жандарға бірден байқалатын үш қате пікір бар:
1. Халық арасында Ұр махаббат хан өлгенде, он сан ноғай болғанда
деген ауызша тараған тұрақты жыр жолдары жоқ. Түркі тектес ноғай, қазақ,
қарақалпақ, қырғыз халықтарына тараған тұрақты жыр жолдары Ор орманы
күйген күн Орманбет би өлген күн Он сан ноғай бүлген күн деген
тіркестермен сақталған;
2. Халид айтып отырған Екі ханзаданың айырылғаны деп аталатын күй
Ноғай мен қазақ айырылған күйі (Ел айырылған) күйі деп аталады және
оның шығу уақыты Ұлұғ-Мұхаммед хан өмір сүрген ХV ғасыр емес, ХVI ғасырдың
соңы [5, 166];
3. Қазан қаласының негізін қалаған Ұлұқ-Мұхаммед хан емес, қала
іргетасы ХІҮ ғасырда қаланды [6, 295]. Ұлық-Мұхаммед хан – Қазан қаласына
Алтын Ордадан ығысып барған билеуші.
Қ. Халидтің Ұлық-Мұхаммед ханды аңыз-жырда айтылатын Орманбет деп
тануына оның Құдабай ақыннан 1871 жылы Асан туралы алған дерегінің әсері
болғаны сөзсіз. Автордың Асан Қайғы кім, оның сөздерінен есіңізде қалғаны
бар ма? деген сауалына Құдабай мынадай сөздермен жауап қатады:
Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық-қанық емес едім,
Естігенім, тақсыр-ау, былай деймін:
Тегінде ноғай –қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды еткен дүбір.
Ор Мамбетхан ордадан шыққан күн
Асан Ата қайғырып айтыпты жыр [4, 111].
Құдабай ақынның Асан туралы деректерге анық-қанық емес, үлкендердің
айтуы бойынша білетіндігін хабарлаған бұл өлең жолдарындағы Орманбетхан
ордадан шыққан күнде деген жолдарға Қ. Халидтың терең мән бермегені
байқалады. Өлең жолы Орманбетхан өлген күнде деген мағынаны беріп тұр.
Себебі хан ордадан шықпайды, тек қуылуы мүмкін. Шықса тек өлгеннен
соң немесе күштеп, зорлықпен, болмаса өз еркімен тақтан бас тартып ғана
шықса керек. Мұрагерлік биліктің заңы осындай.
Қазақтың жерлеу ғұрпында үйден шығару деген рәсім бар. Хан үшін,
әрине, үйдің орнына орда аталады. Шығу, шығару деген сөздер
қайту, қайтыс болу ұғымымен пара-пар. Орманбет хан ордадан шыққан
күнде деп тұрған өлең жолы Орманбет хан өлген күнде деген хабарды
жеткізіп тұр. Олай болса, Құдабай ақын Орманбет хан өлген күні Асан
қайғырып жыр айтыпты дегенді мезгеп тұр. Бұл халық аңыздарында айтылатын
Орманбет хан өлген күн, Он сан ноғай бүлген күн, Ор орманы күйген күні
немесе тарих тілімен сөйлейтін болсақ - Ноғай Ордасының күйреген күні.
Демек, Асан Қайғы, аңыздың өзі мегзеп тұрғандай, Ноғай Ордасы күйреген күні
елдің болашағына қайғырып жыр айтқан кісі.
Ноғай Ордасының толық күйреген уақыты ХҮІ ғасырдың соңы, ал Орданың
соңғы билеушісі –Орманбет би. Бұл тарихта анық қағида ретінде орныққан
дерек.
Қазақ тарихын қозғаған шежірелік еңбектердің Орманбет биді Ұлық-
Мұхаммед деп шатастыруы кейінгі зерттеушілерге Асан өмірбаянын Қазан
хандығының негізін салушы, билеушілері өзара таққа таласқан Алтын Ордада аз
уақыт үлкен билікте болған Ұлық-Мұхаммед ханмен байланыстыра қарастырып,
алдымен Асанды Қазан қаласында Ұлық-Мұхаммед жанында қызмет атқарған,
кейіннен Дешті-Қыпшаққа қайта қайтып, қазақ ханы Әз-Жәнібек жанында қызмет
атқарады деген болжамдарға, пікірлерге арқау болды. Мұндай пікірлердің
орнығуына қасаң таптық идеологияға сүйенген кеңес заманының қыспағы тұсында
жыраулық поэзияны зерттеп, тың деректер ашқан М.Мағауиннің зерттеулері де
өз әсерін тигізді.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімі “Асан есiмдi тарихи тұлғалар және түркі
тектес халықтардың аңыздарындағы Асан Қайғы бейнесі деп аталып, онда Асан
есімді тарихи тұлғалардың өмір сүрген уақыты, атқарған қызметтері
талданады. Сонымен қатар, тарауда Асанның түркі тектес халықтардың
аңыздарында сақталған бейнелеріне сипаттама беріледі.
Асан есiмдi тарихи тұлғалар деп аталатын тарауда Алтын Орда мен
Ноғайлы Ордасы тарихына қатысты түрлі жазба деректерде сақталған Асан
есімді кісілердің аңыздағы Асан Қайғыға қатысы болу мүмкіндігі мен
алшақтығы анықталады. Өмір сүрген заманы, әрі атқарған қызметі, тарихи
оқиғаларға қатысы тұрғысынан аңыздағы Асанға жақын тарихи тұлғаларды
қатарын анықтау барысында Алтын Орданың арғы-бергі тарихтарына шолу
жасалды.
ХІҮ ғасырда Жошының Бату атты баласынан тарайтын билік мұрагерлігінің
соңғы тұяғы Бердібек ханның тұсында Асам (Асан) би деген кісінің қызмет
жасағаны жазба деректе тіркелген. Асам (Асан) бидің есімі 1358 жылы
Бердібек ханның венециялықтармен сауда-саттық жөнінде жасасқан келісімінде
аталады. Бұл келісімде Өзбекұлы Жәнібекті өлтіріп, оның орнына Бердібектің
отыруына ықпал еткен беделді Тоғлу бидің есімі аталады [7, 107].
Алтын Орда билеушiлерiнiң венециялықтарға жолдаған жарлықтарын арнайы
зерттеген шығыстанушы ғалымдардың пiкiрiнше, латыншаға аударылып берiлген
Асанның мұсылманша толық есiмi - Хүсейін–Софы [8, 163]. Ол - Өзбекұлы
Жәнiбек хан тұсында Ордаға үлкен ықпалы болған, Өзбек ханның қызына
үйленген қоңырат Нангудайдың ұлы. Ол ХIV ғасырдың 70 жылдары Хорезмдi
билеп, өзiнiң ағасы Жүсiп екеуi қоңыраттың билеушi Софы әулетiнiң негiзiн
қалаған [8, 70].
Бердібек хан тұсында беделді би Асанның оның алдындағы Өзбекұлы Жәнібек
ханның билігі тұсында да беделі бар би болуы ғажап емес. Бердібек - таққа
әкесінің жанында қызмет еткен билердің қастандығы арқасында билікке келген
хан тағының үміткері еді. Бердібектің тұсында Алтын Орданың билігіне қатты
ықпалы болған Тоғлу бимен қатар Асан есімінің венециялықтармен жасалған
келісімде қатар аталуы біздерді осы ойға жетелейді. Бұл –бір.
Екіншіден, Асан (Хүсейін-Софы) ағасы Жүсіппен билеген Хорезм
өлкесіндегі Бұқар (Жиделі Байсын), Үргеніш өлкелері Асан туралы аңыздарда
ел-жұрттың ертедегі атақонысы ретінде жиі айтылады және Асан елді сол жаққа
көшіруге ұмтылып отырады.
Үшіншіден, Асан туралы халық аңыздарының бірінде ол – Әз-Жәнібек ханның
алдында беделді, сыйлы кісі. Хан Асанды бірнеше рет арнайы тойға шақырады.
Асан Аштарханды (Астраханьды) орыстарға салдырдың, қарадан қатын алдың,
құладынға қу алдырдың деп ханға өкпелеп, тойға келмейді.Аңыздың Алтын Орда
ханы Әз-Жәнібекке қатысты айтылуы мүмкін дегенге қосымша жорамалдар аңыз
мазмұндағы Асанның осы өкпесінен байқалады. Аңыз бойынша, Құладынға қу
ілдірген, қарадан қатын алған хан сол қарадан туған құлдың қолынан қаза
табады [9, №5]. Бұл көрініс Жәнібек ханның өзіне жақын Тоғлу бидің қолынан
қаза табуын мегзейді.
1359 жылы Бердібек хан қастандықпен өлтіріледі. Алтын Орда тарихында
үлкен зобалаң (замятная великая) деген атаумен қалған аласапыран дәуір
басталады. Жошы ұрпақтары хан тағына таласқан үлкен зобалаң
жылдары Ақ Орданың ішкі берекесіздігін тудырды. Жошы ұлысына тәуелді елдер
бағыныштылықтан құтылуға ұмтылады [7, 60-61]. Сарай билігіне бағынғысы
келмеген ірі феодалдар шеткі аймақтарға көшіп, өз алдына отау тігуге
тырысты. Мысалы, Еділ бойындағы көне қала Бұлғарды Алтын Орданың ірі
феодалы Бұлғақ-Темір басып алады. 1367 жылы ол орыс әскерінен жеңіліп,
Еділдің төменгі ағысына қашады. Сол жерде ол Әзиз ханның қолынан қаза
табады. Бұлғар қаласының билігі жергілікті князь Хасан қолына көшеді. 1370
жылы Мамай орыс әскерінің көмегімен Бұлғардың билігіне Мұхаммед сұлтанды
отырғызады. Хасан Бұлғарға соғысуға келген орыс әскерінің алдынан көп
тарту, мол сыйлықпен шығып, билікті қантөгіссіз береді. Өзіне қарасты елді
алып, көш бұлғар жерін тастап, Коми өзенінің оң жағалауына өтеді де, жаңа
қаланың негізін қалайды. Қала Хасан князьдың атымен Қазан аталып кетеді
[10, 63].
Хасан бидің (князьдың) атақты кісі болғаны оның басына қойылған
көктастағы жазулар байқатады. Онда атақты бек, жеңімпаз, билеушілердің
көмекшісі, әулет пен діннің мақтанышы Мір-Махмұд ұлы Хасан бек [6,15]
деген мадақ жазулар бар.
Демек, билеушілердің көмекшісі Хасан бектің күші көп жауға қарсы
келмей, қантөгіссіз елді бөтен өлкеге алып кетіп ақыл тапқан ісі Ноғайлы
арасында үлгілі аңызға айналуы әбден мүмкін. Қазақ аңызындағы ақыл иесі
Асанның әрекеті де сол – елді бөтен, тыныш өлкеге алып кету.
Аңыздардағы Асан елді орыс алады деп қауіптеніп, жаңа жер іздейді. Ал
тарихи тұлға бұлғар князы Хасан да Мамай қолдаған дем берген Орыс әскерінің
тегеуірінен жылысып, бөтен қонысқа ауысады.
Алтын Орданың мұрагері ретінде қалған Ноғай Ордасы өз тарихында бірнеше
бұлғақты (смута) басынан өткізген. ХҮІ ғасырдың бойында Ноғай Ордасы үш
үлкен бұлғақты (смута) басынан өткізіп, оның соңы Орданың күйреуіне әкеліп
соқтырады. Бір ғасыр бойы бұлғақтан көз ашпаған Ноғай Ордасы жұртының
аңыздарында тыныш, бейбіт қонысты армандаған сарынның дүниеге келгені
сөзсіз. Орыс деректерінде ХҮІ ғасырдың орта шенінде (1554-1560 жж.) Ноғай
Ордасында болған кезекті бұлғақ (ІІ бұлғақ) уақытында халық ішінде Бұқара
мен Үргенішке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz