Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығымен
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан
өткізу ережесі (бұдан әрі –Ереже) Білім туралы Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін
анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл мұғалімнің
жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін
білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау – оқушының бір оқу пәнін
оқып аяқтағаннан кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын
меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың білім беру
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу
пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі

3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық)
бағаларының негізінде аттестатталады.
1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогті к
консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де
заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу
жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру
деңгейіне баға қойылмайды.
4. 5-8 (9), 10(11) -сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын
есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды
бағалары 3, 4, 5 болған білім алушылар көшіріледі.
5. Бастауыш және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы
мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ) білім беру қызметінің сапасын
бағалау және білім алушылардың бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген деңгейлерін анықтау
мақсатында жүзеге асырылады.
6. 2-8 (9), 10(11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне
ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу
бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу
пәндерінің мұғалімдері өткізеді.
7. 5-8 (9), 10 (11) - сыныптардағы білім алушыларды аралық
аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде
әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру
ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін,
нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10(11)-
cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе
одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар
білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу
жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар
2-4-сыныптардың білім алушылары үшін
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест
тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады. 3, 4,
5 бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар
5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша
қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға
пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.
Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң
жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға
алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-
аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық-
педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын
сыныптарға ауыстырылады.

3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды
аттестаттау:
- ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі–ҰБТ);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында
өткізіледі.
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау Орта
білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек
білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы Алтын белгі аттестатын,
жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі
жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен
оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды
аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер орта мектеп курсы үшін
қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында өткізеді.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс
тілдерінде тапсыруы мүмкін.
13. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық
ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім
беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде
білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және
жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде
оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері,
денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды
аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан
нысанында өтеді. Мұндай бітірушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің (бұдан әрі – Министр) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638
бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне (бұдан
әрі- Қабылдаудың үлгі ережесі) сәйкес оқуға қабылдана алады.
14. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды
құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды
емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі–Комиссия) өткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын
Комиссия құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән
мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.
Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы керек.
Комиссия емтихандардың басталуынан бір ай бұрын құрылады.
15. Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім
беретін ұйымдардың жалпы орта білім туралы Алтын белгі аттестатын, жалпы
орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткер және ҰБТ-ға қатыспаған
білім алушылары пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды облыстық, Астана
және Алматы қалаларының білім департаменттері ұйымдастырған тәуелсіз
комиссияға тапсырады.
Білім беруді басқару органдарының басшысы қалыптастыратын және
басқаратын тәуелсіз комиссия пән мұғалімдері, жоғары оқу орындарының
оқытушылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен
тұрады.
16. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды
аттестаттаудан өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және қорытынды
емтихандарды өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) белгілейді.
17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-
сыныптарының білім алушылары жіберіледі.
18. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11(12)-сыныптар білім
алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан
бағаларының негізінде қойылады.
5-11(12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды
бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған
9(10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі
бойынша қорытынды аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын
(жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.
20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және
дене тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен
қорытынды аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді.
21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
- бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9
(10) және
11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу
пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат
етіледі;
- үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары
бар
9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
- үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары
бар
11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің жоғарғы
деңгейінің толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама
беріледі.
22. 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын қайта
қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында тиісті пәндер
бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың
материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында
әзірленеді.
Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта
тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі
негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.
24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік
аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім
басқармаларының бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім
алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-
балалар;
3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық
олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына
қатысушылар.
25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық
мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде-аудандық педиатрдың) ұсынысы
бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың медициналық-
әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі – МӘС) қорытындысы;
2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау
хаты;
3) үлгерім табелдері.
2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы
басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.
26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың
білім алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.
27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін
облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары дайындайды.
28. Оқу курсын аяқтаған және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі
(кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан
кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.

29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның
төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру
бөлімдері шешеді.
30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген
жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде
республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің,
аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім басқармалары
жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.
31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын
қорытынды аттестаттауға оқушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты
орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу
жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында
өткізіледі.
32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу
мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені
мединициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.

4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

33. ҰБТ тізбесі Министрдің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін
пункттердің (бұдан әрі – ҰБТ ӨП) базасында өткізіледі.
34. ҰБТ-ны өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан
әрі–МК) құрылады. МК өз қызметінде Білім туралы Қазақстан Республикасының
Заңын, Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңын,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңын,
осы Ережені және басқа да білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді
басшылыққа алады.
35. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу
орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім
басқармасының бастығы (бұдан әрі – білім басқармасының бастығы), аудандық
(қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, балалардың құқықтарын қорғау
жөніндегі облыстық департаменттердің қызметкерлері, құқық қорғау
органдарының, қоғамдық, оның ішінде жастар және студенттік ұйымдардың,
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының,
білім департаменттерінің білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы
кіреді. МК мүшелерінің саны тақ болуы: 5 адамнан кем емес және 11 адамнан
аспауы қажет.
36. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру
ұйымының басшысы (ректор, білім басқармасының бастығы, аудандық (қалалық)
білім бөлімінің меңгерушілері) немесе әкімдік өкілі тағайындалады.
МК құрамы жоғары оқу орындарының және облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының білім басқармаларының ұсынысы бойынша Министрдің бұйрығымен ҰБТ-
ны өткізу кезеңіне бекітіледі.
37. МК:
1) бітіруші тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын
мәліметтерді пайдаланған, сондай-ақ осы ереженің 46.; 47.; 48.
тармақтарында көрсетілген ҰБТ кезінде бітірушінің өзін-өзі ұстау ережесін
бұзған жағдайда ҰБТ нәтижелерін жою және оларды аудиториядан шығару жөнінде
шешім қабылдайды;
2) ҰБТ аяқталғаннан кейін дұрыс жауап кодтарын іледі және тестілеудің
нәтижесін хабарлайды;
3) МК-ның шешімі отырысқа қатысып отырған МК мүшелері жалпы санының
көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшы қол қоятын отырыс
хаттамасымен толтырылады. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының
дауысы шешуші дауыс болып табылады.
4) ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
38. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі),
математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі
және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа
байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне
сәйкес өткізіледі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды
таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. Орта білімнен
кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге
арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған
орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарының қабылдау
комиссияларымен өткізіледі.
39. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан
25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі
білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
40. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.
41. ҰБТ-ы Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жалпы білім
беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының
көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен
шықпауы керек.
42. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс
жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
43. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25.
44. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді.
ҰБТ-ны қайта тапсыру:
1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда;
2) оң бағаны арттыру мақсатында рұқсат берілмейді.
45. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім
туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
Балдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген 1-қосымшадағы шкалаға
сәйкес МК жүргізеді.
46. Бітіруші өзін тәртіпті ұстауы және Министрдің 2008 жылғы
14 сәуірдегі № 193 бұйрығымен бекітілген ҰБТ-ны ұйымдастыру және
өткізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі–Нұсқаулық) белгіленген барлық
нормаларды қатаң ұстануы керек.
47. Бітірушіге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан
материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды,
оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, ұтқыр байланыс
құралдарын (пейджер, ұялы телефондар) аудиторияға кіргізуге және
пайдалануға рұқсат етілмейді.
48. Бітіруші осы Ереженің 46.,47. тармақтарын бұзған жағдайда
Министрлік өкілі Нұсқаулыққа сәйкес үстінен түсу және алып қою актісін
жасайды. МК шешімімен бітіруші аудиториядан шығарылады, ал оның тест
нәтижелері жойылады.
49. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Биология пəні бойынша қазіргі білім беру үрдісінде оқу жетісіктер сапасын бағалау əдістері мен əдіснамасы
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Білім беру саласының бірінде (таңдау бойынша) бастауыш сынып оқушыларының жетістіктерін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер дайындау
Республикадағы балаларға қосымша білім беруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы
Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттарымен танысып, білу. Жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын түсіну
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Тоқсандық жиынтық бағалау
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Пәндер