Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.Топырак, өсімдіктері -- бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады. Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады. Жер беті есімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау -- басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі.Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез -- күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті -- хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына айналдырады. Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар. ІІІамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20 -- 30 млрд т. көміртегін пайдаланады. 300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық заттар құрады. Олардын 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы - мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді. Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі. Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жинақталды, олардың бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф, т.б.. Көмір, мұнай күйінде кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегінен 50 есе көп. Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өміріне, өндіргіш күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға иммунитет
Өсімдік ауруы
Тіршілік факторлары және қоршаған орта жағдайлары туралы мәліметтер
Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Өсімдіктердің өзара қатынас түрлері. Ареалдар туралы түсінік
Өсімдіктердің минералдық заттармен қоректенуі
Фосфор тыңайтқышы
Биоценоздар
Гүлді өсімдіктер
Пәндер