ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯСЫ

Реферат

ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР

Орындаған:

Дулатов Мырзахмет

3 В сыныбы

Петропавл қаласы, 2009 жыл

Төлебаев Мұқан 1913 жылы туған. Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, 1959 жылдан бастап КСРО халық артисі, 1949 жылы КСРо мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілген, Қазақстан Республикасы ескі гимнінің авторларының бірі.

Туып-өскен жері - Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылы. Орта мектеп бітірген соң 1933 жылдан бастап Алматы педагогикалық училищесінде оқиды. Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. 1934 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып, әнші ретінде көзге түседі. 1936 жылы Москва консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі.

1942 жылдан бастап 1944 жылға дейін Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады. 1951 жылы Москва консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады.

1942 жылдан бастап КСРО Композиторлар одағының мүшесі. 1948 жылыдан бастап Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі. 1956 жылдан бастап 1960 жылға дейін Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарған.

Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған.

Жалпы Мұқан Төлебаев шығармаларындағы музыкалық - эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.

Мұқан Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық.

Мұқан Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.

Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады. М. Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.

Біржан-Сара” операсы 1946 жылы жарық көрді. Кейбір жекеленген үзінділері премьераға дейін-ақ концерттерде айтылып радиодан жиі беріліп жүрді. Халық премьераны асыға күтті. Үміт ақталып, Қазақстан опера өнерінің жарқын туындысының соңы тамаша мерекеге ұласты. Мұқан Төлебаев бірден қазақ музыка өнерінің классигі боп шыға келді. Содан күні бүгінге дейін бірде-бір театр маусымы тамаша туынды “Біржан - Сарасыз” өтіп көрген емес.

“Біржан-Сара” операсы 1958 жылы Мәскеуде өткен Декадада Үлкен театр сахнасында қойылып оның табысы жөнінде “Правда” газеті былай деп жазды: - “Композитор Мұқан Төлебаев өзін Біржанның ізбасарындай сезініп бір тылсым ақындық әлемнің құпиясына шомып кеткендей оның сиқырлы сырлы әлемін сезіну арқылы нағыз толыққанды әсерлі ұлттық опералық шығарма тудырды”.

Композитор Мұқан Төлебаев 1960 жылы дүние салған. Ол Алматы қаласында жерленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстар туралы
Жыртқыш құстардың сипаттамасы
Құстарды бонитировкалау
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Құстардың жіктелуі
Омыртқалы жануарлар – құстар
Биология сабағында құстар класын оқыту
Жыртқыш құстар - дене мөлшері сан алуан
Құстар
Қазақстанда мекендейтін құстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz