Менің елім — менің Қазақстаным
Туған жерім – елдігімнің айғағы
Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен
тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе — соны
ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа
Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманатттау.
Н.Ә. Назарбаев
Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан
Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ...
Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен
ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп,
береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп
жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-
бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының
нәтижесі деп білеміз.
Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып,
дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір
күш.
Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп
келеді. Кейде,шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ
жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай
зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері Найзаның ұшымен, білектің
күшімен өзінің жер көлемін сақтап қалған.
Отансүйгіштік — рухтың аса бір қасиетті тірегі демекші, Н.Ә.Назарбаевтың
тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген идеяларының бірі Қазақстандық
отансүйгіштік ұғымымен жалғасып жатыр. Президентіміз ұсынған жаңа ұлттық
идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау
үлгісіне сай айқындалған. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы — қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық
мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ
ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз
ету, — деп жазды.
Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп
аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін
өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не өткермеді? Екі
жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек,
Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,
Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай аталарымыз халықты озық
елдер қатарынан қалыспауға, білімге шақырса, ХХ ғасырдың бірінші жартысында
Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Мағжан Жұмабаев сияқты халық ұлдары
ұлт санасын оятты, елім деп еңіреп, халқым деп қайысты.
Сен үшін, Отан, сертім сол —
Неден де болса тайынбан!
Киелі менің өрісім
Барлығы-дағы сен үшін,-деген М. Мақатаевтың өлең жолдары осыны
дәлелдейді.
Отан үшін отқа түс — күймейсің,-деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық
жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың
ерлігін қалай ұмытармыз! Әрине, біз, кейінгі ұрпақ, халқымыздың ерлік
дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз
орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз
асқақтата шырқалуда. Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге
ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына
түсті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше
орын алатын бағыттарға арналып, тарихымыз таразыланды, бірлігіміз бекіп,
мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Осының бәрі —
тұңғыш рет әлемдік дәрежеге көтерілген мемлекеттің түтінін түзу шығарып,
іргесін бекітудегі алдыңғы толқын ағалардың он төрт жылдан аса уақыт ішінде
атқарған жұмыстары. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін, үлгісін,
тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге
де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз
да парыз болып саналады.
Осы арқылы кейінгіге біз де із қалдыруға тиістіміз. Ол үшін жастықтың
жалынымен, бойдағы күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен Отан-ананың
тірегі болуымыз керек. Оның үстіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай,
ХХІ ғасыр — білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Оған төтеп беру үшін рухтың
мықтылығы, ұжданның күштілігі, елге, жерге деген адалдық керек. Әрбір
азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын
сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін
терең білуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! деп тілей отырып, өзімнің
жүрек жарды сөздерімді өлең жолдарымен білдіргім келеді:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!
Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өзінде. Бәрін
де халық өзі шешеді. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері Қазақстанды
тәуелсіз мемлекет деп танып, жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр.
Әсіресе, ел астанасын Астана қаласына көшіру — пісіп-жетілген және маңызы
зор саяси және экономикалық қадам. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz