Түркі тектес халықтардың аңыздарындағы Асан Қайғы бейнесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Түркі тектес халықтардың аңыздарындағы Асан Қайғы бейнесі
Ноғай Ордасының  құрамында болған ру-тайпалардың негізінде жеке-жеке ұлт
болып құрылған ноғай, башқұрт, қазақ, қарақалпақ халықтарының әдеби және
фольклорлық мұраларында сақталған Асан Қайғы бейнесінің қазақ аңыздарымен
ортақ және алшақ тұстарына талдау жасалынады.
Бұл орайда алдымен ноғай атауын ұлт этнонимі ретінде сақтап қалған
Солтүстік  Кавказдағы ноғай халқының аңыз-жырларында қандай бейнеде
сақталғанына көңіл бөлінеді.
Солтүстік Кавказдағы ноғай халқының арасында сақталған батырлық жырларда
Асан бірде мұсылман дінінің өкілі, бірде батырдың тұлпарын танитын сыншы,
бірде абыз-сәуегей бейнесінде көрінеді. Мысалы, Ноғайлы батырлық жырларының
ең көне жырларының біріне жатқызылатын Айсыл баласы Ахмет жырында Асан
мұсылман дінінің қайраткері ретінде көрініп, алғашқыда Әз-Жәнібекке қызыңды
Ахмет батырға бер деп кеңес береді, бірақ Темір бай пара ұсынғаннан кейін
ол шешімін өзгертіп ханға қызыңды Темір байдың баласына бер деп үгіттейді
[14, 9].
Қазақ аңызында бұл мазмұн сәл өзгеше баяндалады. Жәнібек өзінің қарындасы
Қаныбетті Айсыл баласы Әметке бермей Мығалы байдың Тастемір деген ұлына
бергендігіне өкпелеп тойға келмей қояды .
Ал Орақ-Мамай жырының ноғай халқының арасындағы нұсқасында Асан абыз-
сәуегей бейнесінде орын алған. Жырдың басында Мұса ханның ордасында
өткізіліп жатқан кеңесте ол Мұсаның 12 ұлының кенжесі Исмаилдың өсе келе
ноғай халқын күйрететін ағайын аралық жауластыққа себепкер болатынын
болжайды [14,147]. Тарихта Ноғай Ордасының күйреуі Исмайыл мен Жүсіп бидің
билік үшін тартысынан басталған болатын. Сонымен қатар аталған жырда Асан
жылқы баласының жүйрігін анықтай алатын сыншы .
Ноғай халқының ақындар мұрасында да Асан өлеңдері көрнекті орын алады.
Мұнда ол ел тағдырын ойлаған, әділ қоғам орнатудың жолына  жауап іздеген,
ел мүддесіне кереғар іс-әрекет жасаушы билерді сын тезіне алған танымал
ақын. Асан Қайғы өмірдің басты құндылығына адамгершілік қарым-қатынасты,
өзара сыйластықты, әділдікті қояды. 
Асан шығармашылығы  Ноғай Орда мырзалары өз ара билік тізгініне таласып, ел
басына күн туып,  ноғайлының  ыдырап кету уақытында туған. Ноғайлы
жұртының  қамын ойлаған ақын елдің болашағына қам жеп қайғырады. Асан
ағайынға ағайын жау болып, ата-анадан, бала-шағадан айрылып, іргесі
сөгілген елдің ауыр тағдырына кінәлы деп ел билеген билеушіні (ханды)
айыптайды.  Ақын басты кінәны Әз-Жәнібек ханға артады. Бұл ақынның елдегі
қалыптасқан шиеленісті мәселені шешуге ұмтылған, ханды халық үніне құлақ
асуға шақырған дауысы деп санауға болады:
За истребленных отцов,
За причитающих матерей,
За разоренный народ,
За сыновей, мчавшихся, как ветер,
За пленных дочерей,
За Родину возмущенную
Наш хан, называемый Джанибеком,
От тебя я потребую ответа! [14,54], - деп қаһарланады ақын.
Ноғай халқында сақталған Асан өлеңдерінен оның қазақ халқы арасындағы
толғауларынан мазмұны бөлектеу. Ноғай Асаны ханға батыл сөйлейтін, одан ел
мұң-мұқтажын өтеуге қайғы жеуді талап ететін ақын.
Қазақ арасындағы Асан - ханның орынсыз істеріне өкпелеп, тығырықтан шығу
үшін қайғы жеп жол іздеген жырау:
Ай, хан мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Екі Асанды салыстырып қарағанда, қазақ арасындағы Асан ноғай Асаны сынды
ханға сұрауы нақты талаптар қоймайды.   
Асанның ноғайлық сыңарынан жұмсақтау болатынының  себебі мынада: Алтын
Орданың ыдырауынан кейін жеке хандық ретінде бөлек отау құрған Қазақ
хандығы тұсында ХІҮ-ХҮІІ ғасырларда Ноғай Ордасында өмір сүрген
ақындарының  шығармалары қазақ рулары арасында өзінің төл топырақтағы
тарихи шындықтан  алыстап кеткен. Ноғай Ордасынан бөлек хандық құрған қазақ
арасында ақындардың өмірі мен олардың шығармаларының кейбір мәтіндері және
олармен ілесетін аңыздар түпкі мазмұннан ауытқыған[14,193].
Асан Қайғы бейнесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан Қайғы туралы аңыздар
Тарихи-шежірелік жазбалардағы Асан ғұмырнамасы және тарихи шындық
Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі
Аңыз-әпсаналардың жанрлық ерекшеліктері
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Қазақ философиясының тарихы
Шоқан Уәлихановтың қазақ эпосының шығу арналарына, рухани өміріне қатысты ойлары
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Ш.Ш. Уәлиханов
Пәндер