ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК
ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Ә.О. Қамақ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен
халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз.
Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың
ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі.
Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын
алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына
тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап
шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта
қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен
терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған
халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан
азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі
белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне
көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Азаматтық сана
– біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан
сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын
бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен
болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен
ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.
Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында Бізге
қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-
дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін
көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу - деп атап
көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу,
білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның жастарды
ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-
тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-
материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың
иесі. Қазақ даласы әлемге Екінші ұстаз атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұн,
Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді.
Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени
өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-
салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина,
Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне
ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі
ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы
білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері –
жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Есік қаласынан табылған Алтын адам ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей
тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан ежелгі
мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің
қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан мәдениетінің
қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын
жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды
жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары.
Қазақ халқы ұрпағының Сегіз қырлы-бір сырлы азамат болып дамуын,
ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік
мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол
құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық
фольклорлары құрайды.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес
қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің
бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық
өткірлігімен аса құнды қазына. Өнер алды - қызыл тіл деп, Тоқсан ауыз
сөздің, тобықтай түйінін шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен
тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама
болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай
құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар.
Алпамыс, Қобыланды, Қамбар батыр, Едіге, Сырым батыр т.б.,
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама кезіндегі елін, жерін сырт даулардан
қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына
арналған көптеген дастандар, өз халқының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz