Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1 тарау. Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

2 тарау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
2.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.
2.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.
2.3. Калькуляциялаудың әдістері.

1 тарау. Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
Шығын – тауарға және жұмысқа төленетін ақша.
Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық
субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге
қабілетті қаражаттар - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға
берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның
басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор
Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: Шығындар –
тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар
( ақшалар ). Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф.
А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан шығындар
тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін
экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың
біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты шығындар,
шығыстар, жұмсалған қаражат бірдей деп теңдестіріледі және өндіріс
шығындары немесе өндіріске жұмсалған шығын терминдері бір мағынада
қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға
байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр
түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы
ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген
оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек.
Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес
топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу
обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша
классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне
жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім
қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің
бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс.
Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша
классификациялауға болады.
1. Құрамы бойынша:
Нақтылай.
Жоспарлы немесе болжамды.
2. Өндірістің көлеміне байланысты:
Ауыспалы.
Тұрақты,т.б.
3. Орташаландыру дәрежесі бойынша:
Жалпы.
Орташа.
4. Басқару тәсілдері бойынша:
Өндірістік.
Коммерциялық.
Әкімшілік.
5. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:
Тікелей.
Жанама.
6. Пайда түскен кезеңге шығындарды реттеу және жинақтау.
Өнімге.
Кезеңге.
Шығындар ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты
активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе
міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. Шығындар мен
шығыстар ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы
стандарттары бойынша Шығыстар - есепті кезеңде активтерді пайдалану
немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың
кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.
Шығындардың мәнін жеткілікті түсіну үшін , оны үш жақты қарастыру
керек. Біріншіден, шығындар ресурстардыпайдаланумен анықталады.
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған
ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің
қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын)
салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде
белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе
ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. Шығындарды есепте көрсету соңғы
өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді
шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде өздерін түрліше алып жүреді, ал
жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе
дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра шетелдік
әдебиеттерде, теориялық еңбектерде шығынның әрекеті (қылығы) деген
термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы
(қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, шығынның әрекеті (қылығы) термині
тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін
болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып
табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің
деңгейлеріне тәуелді шығындардың әрекеті (қылығы) қалай өзгеретінін
көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті
жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:
- Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
- Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту
керек пе?
- Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай
нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың
комбинациялары?
- Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу
керек пе?
Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері
бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу
(классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де
жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін
арттырады.
Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон
ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені
классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді.
Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде
жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)

1.Кесте.
Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі (
классификациясы ).

№ Жіктеу белгілері Шығын түрлері
1 Мазмұны (айналымы) бойынша Негізгі және үстеме
2 Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісіТікелей және жанама
бойынша
3 Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша Айнымалы және тұрақты

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін
басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру
Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру
Шығындар есебінің негізі
Көмекші өндіріс есебі
Жалпы өндірістік шығындар
Көмекші өндіріс шығындарының есебі
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын колькуляциялаудың нормативтік әдісі
Пәндер