ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (Ибраһим, 1841-1889)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим, 1841-1889) Қазақтың аса
көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері
– Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы,
Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара
комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі
(1850).
Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып
қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-
1859).
Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор
бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол
мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін
арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің
араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864
жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару
жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда
төрт рет уездік судья болып (1868-1874), торғай уездік бастығының аға
жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі
жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі
кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен
жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық
ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ
жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан
әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер
кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш
жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің
иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары
үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының
тарихи мән-маңызы зор болды.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана
отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ибраһим Алтынсарин жайлы
Ұстаздық-ағартушылық қызмет
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Ыбырай Алтынсарин көз жұмды
XIX ғасыр әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим)
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог
Алтынсарин Ыбырай
Торғайда Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп
Пәндер