Электрохимия жаңа дамып жатқан ғылым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Электрохимия ғылым ретінде ХVIII және XIX ғасырларда шет елдерде
қалыптасты. Тек сол кезде шешімі электрохимия теориясын жаңа дәрежеге
көтерген болатын проблемалар туындады. 1799ж итальян физигі А.Вольттің
вольттік бағанасының- адамзат тарихындағы бірінші тоқ көзінің пайда болуы
және итальян физиологы Л.Гальванидің тәжірибелері электрохимияның ғылым
ретінде дамуына бастапқы түрткі болды.

Электрохимия жаңа дамып жатқан ғылым. Тек екі ғасыр бұрын электр тогының
тұздардың сулы ерітінділері арқылы өткен кезде жаңа заттар пайда болатын
химиялық алмасулар жүретіні анықталды.

Тек өткен ғасырдың басында ғана заттардың ерітінділері мен балқымаларында
болатын электрохимиялық процестерді зерттеудің ғылымдық бағыты-
электрохимия пайда болды.

Электролиздің өндірістік қолданылуы ХІХ ғасырдың 70 жылдарында тұрақта
электр токты қуатты генераторлардың пайда болуынан кейін ғана мүмкін
болды.

Электрохимияны 70-ші жылдардың соңында ғана екі бөлімге бөле бастады:
ионика және электродика. Ионика- электр өрісінің әсерінен зарядталған
бөлшектердің жүрісін және электрөткізгіштік құбылысын зерттейтін бөлім,
ал электродика электрод ерітінді (балқыма) шегі арқылы өтетін электр
тогының электродтар бетінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

Егер энциклопедиялық сөздікке көз салатын болсақ, келесі анықтамаға
тірелеміз:
Электролиз ( грек тіліндегі electro және lysis- бөліну, ыдырау)-
электрохимиялық тотығу- тотықсыздану процестерінің электрлік тогы өткен
кездегі электролитке салынған электродтарға әсері. электролиз
электрохимиядағы ең маңызды бағыт болып табылатыны ескеру қажет, ол өз
кезеңінде электрохимия облысында маңызды жаңалықтардың ашылуына негіз
болды.

Электролиттік деп заттарға электр тогының әсерінен болатын химиялық
айналымдарды айтамыз.

Электролиз процессі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияның маңызы және міндеті
Электролиз. Электрхимиялық өнеркәсіптердің даму және толық жетілдіру жолдары
Электролиз
Химия пәні мен оның маңызы
Мұрат Жұрынұлының Ұлттық Ғылым академиясы президенті ретіндегі тарихи рөлі
Гальваникалық элементтер
Гальваникалық элемент
Менделеевтің периодты заңының ашылу тарихы
Химия пәні және оның міндеттері
Темір-аммоний ашудасын алудың электрохимиялық технологиясының негіздерін жасау
Пәндер