Этносаяси жанжалдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Этносаяси жанжалдар
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі - этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:
-- автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;
-- белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
-- өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі -- түптеп келгенде езінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралык кақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, фузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б. жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі -- этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі женінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға "Лад", "Русская община" ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп
Жанжал фазалары
Этносаяси жанжал
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Кәсіпорындарда шиеленісті басқару жүйесін талдау («Арқабаев» ЖК мысалында)
Этносоциология туралы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Пәндер