Реле


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Реле

Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің күйін секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлі қызмет атқарады.

C:\Users\USER\Desktop\2.jpg

Релелер контакттарының бастапқы қалыптарына байланысты:

  • Тұйықталған;
  • Ажыратылған;
  • Өзгермелі контакты реле болып бөлінеді.

Іске қосатын сыртқы әсерлердің физикалық табиғатына байланысты:

  • Электрлік (ток, кернеу, қуат, кедергі, жиілік т. б. ) релелер;
  • Механикалық (жылжу, жылдамдық, үдеу, қысым, деңгей, т. б. ) релелер;
  • Оптикалық (жарық күші, жарықтандыру, т. б. ) релелері;
  • Жылулық (температуралық) релелер;

Орындайтын қызметіне байланысты:

  • Қорғаныс релесі;
  • Басқару релесі;
  • Дабыл релесі;
  • Бақылайтын (контрольные)
  • Іске қосатын (пусковые) ;
  • Орындаушы (исполнительные)
  • Аралық (промежуточные)
  • Қосу-ажырату (комутациялық) т. б.

Ток түріне байланысты:

  • Айнымалы ток релесі;
  • Тұрақты ток релесі;

Электрлік релелердің көпшілігі электромагниттен және тұйықтаушы және ажыратушы түйіспелерден тұрады (1. 1-сурет) .

Егер шарғыға (5) кернеу берсе, онда өзекте магнит ерісі қоздырылады. Магнит өрісінің әрекетінен якорь (2) өзекке (1) тартылып, ажыратушы түйіскілер (3) ажырайды да, түйықтаушы түйіспелер (4) тұйықталады.

Релені іске қосатын, яғни якорьді өзекке тартып тұратын күш тудыратын, әсер етуші шаманың минимал мәнін реленің іске қосылу параметрі деп атайды. Реле қайтатын, яғни якорьді өзекке тартып ұстап тұра алмайтын, әсер етуші шаманың максимал мәнін реленің босату параметрі деп атайды.

C:\Users\USER\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\image026.jpg

1. 1-сурет. Электромагниттік реленің құрылысы (а) және түйіспелер мен шарғының шартты белгілері (б) .

Реленің босату параметрінің Х б іске қосылу параметріне Х ік Қатынасы реленің қайтымдық коэффициенті деп аталады:

C:\Users\USER\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\image028.gif

Қайтымдық коэффициент неғұрлым бірге жақын болса, соғұрлым реленің дәлдігі жоғары болады деп есептеледі.

Әсер етуші шамаға байланысты және арналымына қарай релелер токтық, кернеулік, уақыттық, жиіліктік, арнаулы, т. с. с. больш бөлінеді. Мысалы, токтық реле электрлік қондырғыларды ток күші бойынша асқын жүктелуден қорғауға және токтың мәніне байланысты басқаруға арналған.

Токтық реленің іске қосылу тоғын оның токтық ұстамы деп атайды. Әдетте токтық реленің шарғысы арқылы бақылауға алынған ток, яғни жүктің тогы жүруі керек. Сондықтан реледегі кернеудің түсуі аз болуы үшін токтық реленің шарғысы кедергісі аз жуан сымнан жасалады.

Осындай релені кернеудің мәнін бақылау үшін де қолдануға болады. Бірақ кернеулік реленің шарғысы кернеуі бақыланатын элементке параллель жалғанады. Сондықтан оның шарғысы кедергісі үлкен, яғни орам саны көп, жіңішке сымнан жасалған болуы керек.

Осындай релені кернеудің мәнін бақылау үшін де қолдануға болады. Бірақ кернеулік реленің шарғысы кернеуі бақыланатын элементке параллель жалғанады. Сондықтан оның шарғысы кедергісі үлкен, яғни орам саны көп, жіңішке сымнан жасалған болуы керек.

Көптеген қондырғылар мен құрылғылардың жұмысы уақыт бойынша кезектілікті және сатылықты қажет етеді. Ал оны қамтамасыз ету үшін басқару тізбектерінде уақыт релесі қолданылады. Уақыт релесі әртүрлі үрдіске негізделген (электромагниттік, электрондық, механикалық, т. с. с. ), бірақ солардың ішінен сағат механизмін қолданатын уақыт релесі кең тараған.

Автоматика жүйесінің қазіргі дамуы ақпараттың өңдеуінің жылдамдығы мен көлемінің жоғарлауымен, техникалық жабдықтардың іс дәлдігі мен сезгіштігінің өсуімен сипатталады. Бірақта қазіргі уақытта кең пайдаланылатын релелі-түйіспелі аппаратура жаңа талаптарға сәйкес келмейді. Релелік-түйіспелі аппаратураның орнына логикалық элементтер қолданады. Логикалық элементтер элементтің кіріс және шығыс белгілері арасындағы логикалық тәуелділікті жүзеге асырады. Логикалық элементтердің талдау мен құрастыру үшін математикалық логика тәсілін пайдаланады - оны логика алгебрасы деп атайды. Логика алгебрасын Буль алгебрасы деп те атайды.

Логикалық элементтердің кірмесі мен шықпасындағы кернеудің бары немесе жоғарғы деңгейі «1» деп, ал оның жоғы немесе төменгі деңгейі «0» деп алынады. Осы себепті де жоғарыда аталған құрылғыларда екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесін қолдану «ЕМЕС», «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ» деп аталатын қарапайым үш түрлі тізбекті барлық логикалық және цифрлық құрылғылардың негізіне алуға мүмкіндік береді.

Бульдік логикалық өрнектерді жасау үшін, 1. 1 кестеде көрсетілген небары үш негізгі оператор қажет.

1. 1 кесте

Оператор
Символ
Операцияның жазылуы және функцияның аты
Схемалық белгіленуі
Түсінік
Оператор: ЖӘНЕ
Символ: ^
Операцияның жазылуы және функцияның аты: Ү=A·B=A^B коньюкция
Схемалық белгіленуі: https://konspekta.net/studopediainfo/baza1/491756575277.files/image030.jpg
Түсінік: Ү ақиқат болуы үшін А және В да ақиқат болуы тиіс
Оператор: НЕМЕСЕ
Символ: v
Операцияның жазылуы және функцияның аты: Ү=A+B=AvB дизьюкция
Схемалық белгіленуі: https://konspekta.net/studopediainfo/baza1/491756575277.files/image032.jpg
Түсінік: Егер не А, не В немесе екеуі де ақиқат болса, онда Ү те ақиқат
Оператор: ЕМЕС
Символ:
Операцияның жазылуы және функцияның аты: Ү=Ā инверсия
Схемалық белгіленуі: https://konspekta.net/studopediainfo/baza1/491756575277.files/image034.jpg
Түсінік: Егер А ақиқат болса, онда Ү жалған; егер А жалған болса, онда Ү ақиқат

Қосу, немесе V таңбасы логикалық НЕМЕСЕ үшін қолданылады; кәдімгі алгебрада көбейту белгісі ретінде пайданылатын нүкте немесе ^ таңбасы Буль алгебрасында логикалық ЖӘНЕ үшін қолданылады. Логика алгебрасының қарапайым өрнегіне (1. 1) -ін алуға болады, мұнда Ү шығыстық (тәуелді) айнымалысы А және В екі кірістік (тәуелсіз) айнымалыларының функциясы болады:

Ү=А·В (1. 1)

Бұл өрнек шығыстық айнымалысы ақиқат болуы үшін (логикалық бірлікке сәйкес келуі үшін) - екі кірістік айнымалылары (А мен В) ақиқат болулары керектігін (яғни бірлікке тең мәнге ие болуы) көрсетеді. Ал өрнекте тек бір қосылғыш болғандықтан, баламасы болмайды: тек А мен В-ның белгілі бір комбинацаясы Ү-тің нәтижесін бере алады.

(1. 2) өрнегі Ү-тің шығысын алу үшін балама жасайды:

Ү=(А·В) +С. (1. 2)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реле типтері
Электромагниттік реле
Кернеу релесін тексеру
Ток релесі және оның қолданылу мақсаты
Бағыттағышты басқарудың төрт сымды сұлбасы
«Құлсары» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру
Сигналды релелердің сұлбасы
Біржолды автоблокировка рельс тізбектерінің ауысып қосылуы
МАКСИМАЛДЫ ТОК ҚОРҒАНЫСЫ
Ток трансформаторы және оның қателіктері. Фильтр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz