Қазақстан Республикасындағы адами ресурстардың дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасы

Экономикалық теория негіздері пәні бойынша
№ 1 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы адами ресурстардың дамуы
Нұсқа: 4

Орындаған: Ээк-18-1 тобының студенті Артыков Т.Н.
Тексерген: Электроэнергетика каф. доценті Нұрпейіс Е.М
Өткізілген күні: 28.09.18ж

Алматы, 2018
Жоспары:
1. Кіріспе
Адами ресурстарының алғы шарттары
2. Негізгі бөлім
2.1 Демография және жалпы көші-қон
2.2 Еңбек ресурстары
2.3 Жастар саясаты
3. Қорытынды бөлім
Тұрғын үй саласы

2

Елбасының биылғы жариялаған Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қа­зақстан халқына арнаған Жолдаудың мазмұнында экономиканың бәсекелестікке қатысты мін­деттері айқындалған. Негізгі міндет - эко­номиканы цифрландыру. Цифрландыру - адам баласының өнер­тапқыштық табысын­дағы ең озық үлгі­лерінің бірі. Оның адамзат қоғамының дамуына қосар үлесі орасан зор. Цифр­ландыру - адам атқаратын жұмыстарды құрал-жабдықтар мен жасанды интел­лектіге арту деген сөз. Қазіргі таңда да­мыған Батыс елдерінде жасанды интеллекті құралдардың немесе қарапайым сөзбен айтсақ, өндірістегі роботтардың салмағы артып келе жатыр. Болашақта адам еңбегінің кейбір түрлерін, ауыр физикалық күшті немесе біртекті қимылды қажет ететін жұмыстар бірыңғай роботтар ен­шісіне көшері анық. Цифрлан­дырылған экономикада тауардың немесе қызметтің өзіндік құнының арзандауына байланысты кіретін табыс та жоғары болады. Осылайша адамның қоғамдағы ең басты монопо­лиялық иелігі еңбек монополиясының іргесі сөгіледі. Сондықтан болашақта жұмыс­сыздық мәселесінің күрделене түсетіні анық. Бұл - ғылыми-техникалық прогресстің дамуынан туындайтын заңды көрініс. Өнеркәсіп саласына жасанды интеллекті дендеп енген кезде босайтын жұмыс қолын адами капиталды дамытатын салаларға мамандандыру, шағын және орта кәсіп­керлікке бейімдеу арқылы шешуге болады. Өйткені болашақта қай мемлекетте болмасын адами капиталды дамыту саласы өте өзекті бола түседі.
Адами капиталдың, ресурстардың ар­тықшылығы қоғамның басты байлығына айналады. Бұл жерде адами капитал деген ұғымды кешенді түрде бейнелеп тану қажет. Ол дегеніміз - адамның білімі, денсаулығы, мәдени-рухани дамуы, салауатты өмір сал­ты, әлеуметтік хал-ахуалы Һәм белсен­ді­лігі, экологиялық таза азық-түлік, орта т.б.
Адами капиталды үстемелеуге үлкен үлес қосатын саланың бірі - білім. Елбасы Жол­дауының жетінші бағыты Адами капитал - жаңғыру негізі деп аталып, онда білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешуді көздеген мәселелер көтерілген. Білім саласында, жоғары оқу орнының осы бағыттағы атқарар ісі мен орны өте маңызды. Жолдауда Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жедел­дету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп атап өтілген. Бұған қоса, Президент Н.Назарбаевтың жақында жарияланған бес
3
әлеуметтік бастамасында биылғы оқу жылына қосымша 20 мың грант қосылатыны және гранттың құны өсетіні айтылды. 20 мың гранттың жар­тысынан астамы техникалық мамандық­тарға бөлінетін болды. Демек, мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына тапсырыс беруші ретінде рөлі арта түсуде. Тапсырыс берушінің талабын орындау үшін ЖОО-лар білім мазмұны мен мақсатын өндірістің, нарықтың, әлеуметтік саланың сұранысына бейімдей білуі - күрделі жұмыс.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының тілге қатысты мәселелерде қолданған Тіл - құрал деген жақсы ұғымы бар. Осы ұғым­ның аясы бүгінгі таңда кеңейе түскендей. Біздіңше, кең мағынада, білім де бір құрал. Озық білім - озық құрал. Жоғары оқу орындарында арнайы бір мамандықты игеріп жатқан жастардың бәсекеге қабі­леттілігін арттыру үшін оларға озық құрал ұсыну - замана талабы. Бұған қоса ол құрал әмбебап болып, өнеркәсіптік, әлеуметтік салалардың сұра­нысына жауап беруі тиіс. Бұлай деп тұжырым­дауымыздың себебі еліміздің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгерістерге ұшырап, онда шағын және орта бизнестің әлеуеті артып келеді. Кеңестік дәуірдегі алып кәсіп­орындар өндірістік технология дамыған заманда кешегі күннің мұрасы сынды қалып келеді. Олардың орнынын технологиялық бейім­ділігі икемді шағын кәсіпорындар алмас­тыруда. Демек, жоғары оқу орындары қоғам­дағы орын алып отырған осы көрі­ністі ескере отырып, әлдебір экономикалық қиындық, өзгерістерге тез бейімделгіш кәсіпкерлік сана мен дағдыны, ойлау мен іскерлікті меңгерген мамандарды дайын­дауы керек. Бұл дегеніміз білім мазмұнын, филосо­фиясын, миссиясын, пәндер ті­зімін, білім­денушілердің дүниетанымын, дағдысын, оқытушылардың мінезі мен құлқын, таны­мын, ғылыми коммерцияға деген көзқарасын т.б. түбегейлі өзгерту болып табылады.
Технологиялық бейімдеушілік артқан сайын Қазақстанның әлеуметтік болмысы да қатты өзгеріс үстінде. Әлеуметшілдік пен адами құндылықтарды артықшылық деп бағалайтын, яғни адами капиталды құн­дақтап, тербететін қоғам қалыптасып келеді. ЖОО-лар сол құбылысты түбегейлі сезінетін, әлеуметтің талабына сай ма­мандар қатары қалыптасуы керек. Демек, жоғары оқу орындарының бұрынғы классикалық білімнен бәсекеге қабілетті, кәсіпкерлікке бейім, әлеуметшіл маман­дарды дайындауға түбегейлі бет бұруы - күттірмейтін мәселе.
Бұл орайда, жоғары оқу орындары бірыңғай ескі түсініктермен жұмыс істеп жатырмыз дегеннен аулақпын. Сөз жоқ, көп жаңа істер атқарылып, білім
4
жүйесіне көп жаңалықтар еніп жатыр. Оған еш күмән жоқ. Бірақ біз әлі күнге дейін классикалық білім беру шеңберін бұзбай, қалыптан шықпай келеміз. Басқаша айтсақ, кешегі кеңес дәуіріндегідей біркелкі қалыпқа құйылған мамандықты қажет ететін экономикада жоқ, әлеуметтік сала да жоқ. Бүгінгі күннің айнымас шын­дығы мынадай: кәсіпкерлік кең әлеуметтік құбылысқа айналды. Ал әлеуметтік мәселенің сан мың қыр-сыры бар екені әлімсақтан белгілі. Біз маман дайындауда мұны ескеріп отырған жоқпыз. Мысалы, біздер жоғары оқу орындарында жастарды тәрбиелейді деген мақсатпен тәрбие ісі жөніндегі проректор лауазымын белгілейміз. Мұнда білім тәрбиемен қатар жүруі тиіс деген қағидаға сүйенеміз. Бұған біз тірек ретінде әл-Фарабидің Тәрбиесіз берілген білім қауіпті деген тәмсілін мысалға аламыз. Әл-Фараби өмір сүрген уақытта білім жүйесі бүгінгі күндегідей бірнеше сатыға бөлінбеген, тұтас ұғым болатын. Басқаша айтсақ, бас­тауыш, орта білім, жоғары білім деген ұғым тұтастанып, бір ғана білім-ғылым деген ұғыммен орныққан еді. Ал қазіргі таңдағы трендтің бірі - өмір бойы үздіксіз білім деген қағида. Демек, үздіксіз білімді жетілдіру жолында тәрбие берудің өзіндік кезеңі бар. Ықылым заманнан белгілі қағида: адамды жас кезінде еңбекке, ар-ұятқа, адалдыққа, көркем мінезге тәрбиелеу қажет. Бұл отбасы мен мектеп кезеңінде жүзеге асады. Ал кәмелетке толған, елдің азаматы атанған, жоғары оқу орнына мамандық алуға ұмтылған адамға қандай тәрбие бермекпіз? Керісінше, мұнда оқуға түскен жас азаматтың мәдени, рухани, азаматтық дамуына жол ашып, оларды өмірдің ащы шындығы - бәсекелестік ортаға озық білім, ақыл-парасат, заманауи дағды, жігер мен қайрат, отаншыл қадір-қасиет тұрғысынан дамытқан әлдеқайда тиімді емес пе? Алты Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден демеп пе еді!? Жас адамның мінезі отаншыл болып қалыптасса, оның маман ретіндегі капи­талы елдің бағына жұмыс жасар еді ғой?
Қазақстанның жоғары оқу орын­дарының оқу жүйесі Боллон үрдісіне қосылып, ба­тыстық кредит жүйесін қабылдады. Бірақ біз батыстық білім жүйесінде қолданылатын кредиттік технологияның ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай келеміз. Бір ғана детальды мысалға алайық. Кредиттік тех­нологияда білімденушінің оқытушыны таңдау құқығы бар. Бірақ ол іс жүзінде барлық оқу орнында орындалмайды. Тіптен, оған кейбір ЖОО-ның ресурсы да, күш-жігері де жетпейді. Сонымен қатар қадағалаушы органның талабы да қатты. Оқу бағдар­ламаларының мән-мазмұнының өндірістің, нарықтың, жұмыс берушінің талғамына сай мазмұнға тез
5
бейімделе қоюы да бәсең.
Білімденушілердің рухани-мәдени сұранысын өтеуде де олқылықтар бар. Біз бар мәселені кешегі коммунистік түсінікке тірейтін кеңестік идеологиядағыдай емес, тәрбиені адам баласының бәсекелестік қабілетімен байланыстыру жемісті болмақ. Бәсекелестік жеке бастың табысына құрыл­май, оның ішінде адамгершілік, рухани ке­меңгерлік, рухани даму жөніндегі мәселелер де тыс қалмағаны жөн.
Адам баласының тіршіліктегі талас-тартысы дегенде нарықтық қоғамның алғашқы сатысында қалыптасқан кереғар түсінікті емес, әлеуметшіл нарықтың Адам адамға - дос, бауыр деген ұстанымын бағдар ете білу - біздің діни һәм адами көзқара­сымызға сай, бұлжымайтын қағида.
Білім саласындағы бәсекелестікті Пре­зидент үштілділік тұрғысынан дамытуды үнемі айтып келеді. Қазақстан азаматтарының басым бөлігі - екітілді. Үшінші тіл - ағылшынды меңгеретін болсақ, онда біздің ақпараттық кеңістігіміз кеңейіп, білім саласында жасалатын жаңалықтар көбейері сөзсіз. Бұл орайда, дамушы елден дамыған 20 елдің қатарынан ойып орын алатын Оңтүстік Кореяның тәжірибесі назар аударарлық. Олардың шет тілін меңгерудегі стратегиясы мынадай: мектепте оқушы қай тілінде білім алам десе де барлық мүмкіндік жасалған. Бірақ, мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсемін деген талапкердің алдынан ағылшын тілі күтіп тұрады. Себебі, жоғары оқу орны бағ­дарламасының 40 пайызы - ағылшын тілінде. Жоғары оқу орнында білім алғың келе ме, онда осы талапқа көнесің. Демек, мектеп бітірген соң жоғары оқу орнында оқып, маман иесі атанамын деген жас азаматтың алдында не күтіп тұрғаны күні бұрын белгілі. Бұл - бір.
Екіншіден, бакалавриат бітірген жас маман магистратураға, докторантураға түсетін болса, ол барлық пәнді ағылшын тілінде меңгереді. Кезінде олар магис­транттарды өз елінде, ал докторантураны Батыс елдерінде оқытып, кейін елге оралған PhD мамандары бакалавриат, магистранттарға дәріс беріп, инновацияға баулыған. Кореяның бірнеше оқу орны, айталық, КAIST атты университеті әрбір білімденушіні, әсіресе магистратураға түскен студентті кәсіпкерлікке дайын­дайды. Емтихан қабылдау кезеңінде магистратураны оқуға талпынған талапкер бекітілген үлгідегі сынақтар тапсырумен қатар, өзінің бизнес идеясы тұрғысында сұх­баттан өтеді. Егер бизнес жобасы көңілге қо­нымды болса, оқуға қабылдануға сеп болады. Магистратураны оқу бары­сында сол жобаны жүзеге асырып, оқу бітірген соң өзінің бизнесін
6
нарыққа қоса алатын маман болып шығуға ұмтылады. Бүгінгі адам
капи­талын жасақтау дегеніміздің бір жолы осындай.
Біздің еліміздегі ЖОО-да білімденушіні бағалау, оны кәсіпкерлікке баулу жағы кемшін болғандықтан, бітіруші мамандар да кәсіпкерлікке бірден мойын бұра қоймайды. Елбасының Жолдауында айтылған ойға сүйенетін болсақ, біз студенттерді бакалавриат кезінен бастап кәсіпкерліктің қыр-сырына баулуымыз керек.
Қазір білім мазмұнындағы ақпараттар әрбір екі жыл сайын жаңаруда. Алдағы уақытта біздің төрт жылда берген біліміміз заман ағымынан кешеуілдеп, кәдеге аспай қалуы әбден мүмкін. Сондықтан үйре­тілетін мамандықтың шеңберінде қалып қоймай, дүниетанымы кең, ойлау қабілеті креативті азаматтарды қалыптастыру - өте өзекті мәселе. Жоғары оқу орындарының миссиясы болашақ мамандарды нарық заңдылығына тез бейімделе алатын, тың идеялар тауып, тығырықтан шығатын, психологиялық, физиологиялық тұрғыдан болсын дайын, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматты қалыптастыру қарекетіне құрылуы - оң талап болмақ. Бір сөзбен айтсақ, ЖОО-дағы миссия дұрыс қойылмай, жаңа заманға бейімделген мамандар шықпайды.
Бейімделген мамандар дегеннен шығады, әлемдік тенденцияда игерген маман­дығына сай емес салада жұмыс істеу­шілер көп. Демек, ЖОО-ны бітірген түлек­терге нарықта өз мамандығы бойын­ша орын табылмаса, онда олар жеке кәсібін ашып, өз идеясын дамытатындай азамат болып қалыптасуы қажет-ақ. Университетті бітірген түлектер жұмыс іздеушілер емес, жұмыс берушілер болып шығатын болса, көптеген мәселе өз орнын табар еді.
2006 жылдың 1 қаңтарына Қарағанды облысы халқының саны 1334.4 мың адамды, ал 2007 жылдың 1 қаңтарына - 1339.2 мың адамды құрады. Бір жылда халықтың жалпы өсімі 4,8 мың адамды құрады.
Облыс халқының көші-қон өсуі 2006 жылы 1535 адамды құрады, оның ішінде халықаралық көші-қон 1238 адамды және республикалық көші-қон сальдосы - 297 адамды құрады.
Көші-қон ауысуыларына облыс ішінде 2006 жылы 18448 адам қатысты.
2006 жыл шамасында облыс аумағында 2077 оралмандар отбасы, 5771 адам келді.
7
2007 жылдың 1 қаңтарына облыста 9514 оралмандар отбасы тұрады, барлығы 35794 адам, оның ішінде 18583 адам еңбек ету жасында, оның ішіндегі 14721 оралманның тұрақты жұмысы бар және өздерін жұмыспен қамтыған, бұл 79.2 пайызды құрайды.
2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста жұмысқа орналастыру мәселесімен келген 968 оралманның 829 жұмысқа орналастырылған, бұл 85.6 пайызды құрайды.
2006 жыл шамасында жұмыссыздар ішінен кәсіптік оқыту мен біліктілігін артыруға - 90 адам жіберілген, қоғамдық жұмыстарға оралмандар ішінен 301 адам қатысқан.

Еңбек ресурстары
2006 жылы орташа республикалықпен салыстырғанда экономикалық ынталылық біраз жоғары - 70,1 пайыз (республика бойынша 69,7). 2006 жылы экономикалық ынталы халық саны 3,4 мың адамға артты және 740,7 мың адамды құрады (2005 жылы - 737,3 мың адам).
2006 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыз шегінде болды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Республика облыстарының ішінде бұл ең төмен.
Жұмыссыз халық санының ақырындап азайғаны байқалады. 2006 жылы бұл көрсеткіш 0,3 мың адамға төмендеген және 51,1 мың адамды құрады (2005 жылы - 51,4 мың адам).
Облыс экономикасында 689,6 мың адам жұмыс істейді, бұл 2005 жылғы - 685,9 мың адамнан 0,5 пайызға көп. Облыстың еңбек ресурстары көбіне жалдамалы еңбекпен жұмыс істеушілерде. Осылайша, 2006 жылы жұмыс істеушілер саны үлесінен 73,4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы аймақтарының экономикалық әлеуеті
Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші нарығындағы жағдайды талдау және оның негізгі индикаторларының динамикасы
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
Макроэкономика
Пәндер