Аккумулятор батареялары туралы


Кіріспе
Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу жабдықтары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.
Электр энергиясын өндіретін приборлар электр тоғының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.
Аккумулятор ( лат. Accumulator - жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол лектржәне су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.
Қозғалтқыш - автомобильдің қозғалуы үшін қажетті энергияны қамтамасыз ететін қондырғы болып табылады. Қазіргі автомобильдердің көбісінде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ, және де уақыт өте осы қозғалтқыштардың орнын құрылыстары аса жетілдірілген күш қондырғылары алуы мүмкін.
1. Аккумулятор батареялары
Аккумулятор батареясы қозғалтқыш жұмыс істемей, болмаса иінді біліктің кіші жиіліктегі айналысында жұмыс істеп тұғанда тоқты тұтынатын орындарды қоректендіру үшін қызмет етеді.
Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері:
- қышқылды;
- сілтілі.
Аккумуляторлар құрылысы бойынша:
- ашық;
- жабық.
Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады.
Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.
Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялың энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.
Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттегі пластиналардың беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған.

1- сурет - Аккумулятор батареясы
Аккумулятор батареясы ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады (сурет 2) . Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиыны орналасқан.

1-теріс пластиналар, 2-оң пластиналар, 3-батарея қыры, 4-бак, 5-тығын, 6-қақпақ, 7-жалғағыш пластина, 8-полюстық штыр, 9-сеператор.
2 - сурет - Аккумулятор батареясының ішкі құрылысы
Банканы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен (6) жабады. Құятын тесік тығынмен (5) жабылады. Тығында аккумулятор қуысын атмосферамен жалғастыратын желдеткіш тесік бар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газдың шығуы үшін қажет
Жеке аккумуляторларды біріктіретін ұстатқышта батерияның жалғанған күнімен маркасы, мысалы 6 СТ-60 ЭМС, көрсетіледі. Батерия маркасы былайша түсіндіріледі. Бірінші цифр тізбекті жалғастырылған аккумуляторлардың санын көрсетеді ол-6. Ондай батарея ерекше берік болып келеді. Бұндай батареялар жеңіл және ауыр жүк машиналарында кеңінен қолданылады. СТ әріптері бұл батерея стартерге пайдалану үшін, арналғандығы, 60 цифры жиырма сағаттық разрядталу кезінде батареяның ампер сағаттық сыйымдылығын көрсетеді. Цифрдан кейінгі бірінші әріп бактағы материалдың сипатын (Э - эбонит) береді, ал екіншісі сеператорлар материалы (М-мипласт), шыны талшықты (С) өте ұсақ тесікті пластмасса.
Электролитті климат жағдайын ескере отырып жасайды.
Қысқы температура 30 0 С-қа дейінгі орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторда электролиттің тығыздығы жыл бойына 1, 27 болуға тиіс. Температура төменгі жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал температура көтерілген кезде төмен болуға тиіс.
Электр аккумуляторы - электр энергисын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Электр аккумуляторы ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар изоляциялық материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электродтарын сыртқы тізбекке қосқанда, онда химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын химиялық процесс жүреді. Тізбектен электр тогы өтіп, аккумулятор разрядталады. Разрядталған аккумуляторды басқа тұрақты ток көзіне қосып зарядтайды. Бұл жолы керісінше электр энергиясын химиялық энергияға түрлендіретін химиялық процесс жүреді. Сыртқы тізбекке берілетін электр мөлшері (А·сағ) аккумулятордың сыйымдылығы, ал аккумулятордың 1 кг салмағы не 1 дм3 көлемінен алынатын энергия мөлшері (Вт·сағ) оның салмақтық немесе көлемдік меншікті энергиясы деп аталады. Электр аккумуляторы сыйымдылығымен және энергия қайтымдылығымен (немесе пайдалы әсер коэффициентімен), сондай-ақ зарядтау және разрядтау кезіндегі токтың орташа кернеуімен (В) де сипатталады. Сыйымдылық қайтымдылығы деп разрядтық А·сағ-тың зарядтау кезінде алынған А·сағ-қа қатынасын, энергия қайтымдылығы деп разрядтық энергия мөлшерінің зарядтау кезінде жиналған энергияға қатынасын айтады.
Электр аккумуляторы стационарлы және тасымал болып бөлінеді. Стационарлы аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стационарларында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумуляторы көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильде, самолетте, электрокарда т. б. ) қолданылады. Электр аккумуляторы электролит түріне қарай қышқылды және сілтілі болып бөлінеді. Кең тарағаны - қорғасынды-қышқылды электр аккумуляторлары (негізінен стационар қондырғыларда) . Оларда электролит ретінде тығыздығы 1, 18-1, 29 г/см3 күкріт қышқылының (H2SO4) ерітіндісі, ал оң электрод ретінде қорғасынның қос тотығы (PbO2), теріс электрод ретінде металдық қорғасын (Pb) пайдаланылады. Қышқылды аккумулятор разрядталғанда, мынадай химиялық процесс жүреді:
PbO2 + Pb + 2H2SO4 = 2PbSO4 + 2H2O.
Соның нәтижесінде аккумулятор кернеуі мен электролит тығыздығы кемиді. Аккумулятордың разрядтау кезіндегі орташа кернеуі 1, 98 В, ал зарядтық кернеуі 2, 4 В.
Тасымал электр аккумуляторы ретінде көбінесе сілтілі аккумулятор пайдаланылады. Қышқылды аккумуляторларға қарағанда оның механикалық беріктігі жоғары, жұмыс үстінде зиянды газ бөлмейді, пайдалануға ыңғайлы. Сілтілі аккумуляторларға темірлі-никельді және кадмийлі-никельді электр аккумуляторларды қолданады. Оларда электролит ретінде тығыздығы 1, 20
г/см3 ащы калийдің судағы ерітіндісі (калий сілтісі), оң электрод ретінде графит араласқан никель тотықтары, теріс электрод ретінде темір ұнтақтары немесе темір араласқан металдық кадмий пайдаланылады. Темірлі-никельді аккумуляторлардың орташа зарядтық кернеуі 1, 74 В, ал кадмийлі-никельді аккумуляторларда - 1, 65 В. Самолеттерде күмісті-мырышты және күмісті-кадмийлі сілтілі электр аккумуляторлар кеңінен қолданылады. Олардың меншікті энергиясы басқа аккумуляторларға қарағанда молырақ, герметизацияланған жабық ыдыстарда, температурасы және қысымы төмен биіктік жағдайында жұмыс істей береді. Бірақ олар қорғасынды-қышқылды электр аккумуляторларына қарағанда 4-10 есе қымбатқа түседі. Электр аккумуляторлар басқа да өндірістің көптеген салаларында қолданылады. Қуатты және жоғары кернеулі тұрақты ток көздерін жасау үшін электр аккумуляторларынан батареялар құрастырылады. Электр аккумуляторларын жасауда бірінші тәжірибені 19 ғасырдың бас кезінде В. В. Петров және И. Риттер жүргізді. Аккумуляторлардың конструкциясын жетілдіріп, оның қасиеттерін зерттеуде орыс ғалымдары Э. Х. Ленц, Д. А. Лачинов, Е. П. Тверитинов, Н. Н. Бенардос, П. Н. Яблочков, М. П. Авенариус, ағылшын физигі У. Гров, француз Р. Планте т. б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Сілтілі аккумуляторларды 1900 жылы Т. А. Эдисон ойлап тапты.
2. Аккумулятор түрлері
Электр аккумуляторы - электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стансасында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда т. б. ) қолданылады.
Газды аккумулятор - қысымдағы газ энергияны сіңіріп сақтайтын аккумулятор.
Инерциялы аккумулятор - энергиясы айналымдагы серппеде сіңіріп сақталатын механикалық аккумулятор.
Қышқылды аккумулятор - қышқыл электролит құйылған аккумулятор.
Механикалық аккумулятор - энергияны механикалық тұрмен (мысалы, көтерілген жүк, қысылған серіппе, aйнaлымдағы серпер) сіңіріп сақтайтын қондырғы.
Гидравликалық аккумулятор - гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан) келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымыменжинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы мен шығынын реттеп отыруға пайдаланылады.
Пневматикалық аккумулятор - пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу мақсатында сығылған ауа энергиясын жинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады. Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа таратқыш жүйеге беріліп отырылады. Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электр станцияларында т. б. қолданылады.
Бу аккумуляторымен - көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады. Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы: кептіру камералары), сондай-ақ сантехника қондырғылар қажетіне жұмсалады.
Жылу аккумуляторы - жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім және орташа қуатты жылу электр станциялары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес, жылу аккумуляторынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторы резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен де қыздыра алады. Жылу аккумуляторы қазандағы бу қысымынан төмен қысымды бумен де жұмы істей береді. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз бірқалыпты қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Инерциялық аккумулятор - қызметін айналып тұратын маховик атқарады Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр станцияларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы тағы басқа жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.
Қорғасынды аккумулятор - қорғасын қалақшаларынан тұратын аккумулятор, арасы қорғасын оксидімен таятырылады.
Сілтілік аккумулятор - электролит ретінде сілті ерітіндісі қолданылатын аккумулятор.
Қазақстанда 1970 жылдан Талдықорған қаласында сілтілі және қорғасынды аккумулятор шығарылып келеді. 1975-1985 жылдары Талдықорған аккумулятор зауыты қайта жабдықталды. Бүгінде аккумуляторлар зауытта жартылай автоматты желімен құрастырылады.
3. Қозғалтқыш
Қозғалтқыш, мотор (лат. motor - қозғалысқа келтіретін) - қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Энергия механикалық жұмысқа қозғалтқыш тегіне (типіне) қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын, тағыда басқа іске қосу үшін қолданады. Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) Қ. болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыш көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрикалық қозғалтқыштар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік қозғалтқыштар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен - көлден су тартуға, кейін келе мануфактура өндірісінің күш құралы ретінде қолданды.
Жел қозғалтқышы да ертеден белгілі болған. 18 ғасырдың орта шенінен өндірістің машиналы технологияға көше бастауына байланысты жергілікті қуат көзі - суға, желге, тағыда басқа тәуелді бола бермейтін қозғалтқыш жасау қажеттігі туды. Осы кезде отын энергиясымен қазанда бу өндіріп, онымен жұмыс істейтін бірінші жылу қозғалтқышы - бу машинасы жасалды. 19 ғасырдың 2-жартысында жылу қозғалтқышының бу турбинасы және іштен жанатын қозғалтқыш (ІЖҚ) атты жаңа екі типі өмірге келді. Бу турбинасында бу энергиясын біліктің айналысына түрлендіру үшін бу машинасындағыдай кривошипті-шатунды (айналшақты-бұлғақты) механизмнің қажеті болмады. Бұл қозғалтқыш тарихындағы ірі техникалық жетістік еді. ІЖҚ да арзан мұнай өніміне көшіп, бу өндіретін ауыр да қолапайсыз бу қазанынсыз жұмыс істейтін болды. 19 ғасырдың аяғында карбюраторда жанғыш қоспа дайындап, оны қозғалтқыштың жану камерасында электро білтемен тұтататын ІЖҚ емес, сорған суық ауаны цилиндрде піспекпен қатты қысып қыздырып, оған сұйық отын бүркіп жағатын жаңа жылу қозғалтқышы (қ. Дизель) жасалынды. Нәтижесінде ІЖҚ-тың п. ә. коэффиценті өсті, үнемділігі артты, құралымы қарапайым да ықшам түрге келді. Бүгінгі күні көлік құралы түгелдей дерлік ІЖҚ-пен жарақталады. Жылу қозғалтқышы сияқты осы кезеңде гидравлик. қозғалтқыш, оның кең тараған түрі - гидравликалық турбина (гидротурбина) құралымы да ұдайы жетілдірілумен болды. Соның арқасында негізгі гидротурбинадан тұратын аса қуатты (600 МВт-қа дейін) гидроэнергет. агрегаттар жасалып, ірі-ірі су электр стансалары салына бастады. 19 ғасырдың аяғы және 20 ғасырдың басында электро энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіргіш машина - электрлік қозғалтқыш (электр моторы), оның тұрақты токпен, айнымалы токпен жұмыс істейтін нұсқаларының пайда болуы және іс жүзінде қолданылуы өнеркәсіптің энергетикалық базасын күрт дамытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қуаты Вт-тың шағын бөлігінен ондаған МВт-қа жететін синхронды электро қозғалтқыш пен асинхронды электро қозғалтқыш тіршіліктің барлық дерлік саласында кең қолданыс табуда. 20 ғасырдың 1-жартысында жылу қозғалтқышының жаңа түрлері - газ турбиналық қозғалтқыш, реактивті қозғалтқыш, ядролық қозғалтқыш (қозғалтқыш Ядролық күш қондырғысы) жасалды. Қазіргі таңда авиация қозғалтқышының көпшілігін газ турбиналық қозғалтқыш құрайды. Ол сонымен бірге локомотивте (газ турбиналық тасығыш), автомобильде қолданылады.
а) бірінші такт (енгізу)
б) екінші такт (сығылу)
в) үшінші такт (жұмыстық)
г) төртінші такт (шығару)
4. Іштен жанатын қозғалтқыштардың негізгі элементтері
Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы білігінің айналу шапшаңдығы әдетте 3000 - 7000 айн/мин-қа тең. Жарыс автомобилі мен жиілігі 15000 айн/мин, кейде одан да жоғары болады. Массасы бойынша жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен арақатынасы - 15:1 шамасында. Қозғалтқыш жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен салыстырғандағы үлесі 18:1-ден төмен және 12:1-ден жоғары болса ғана жұмыс істейді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуатын цилиндрге берілетін қоспа мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады. Айналу жиілігінің жоғары болуы, қоспадағы отын мен ауаның тиімді қатынасы қозғалтқыш қуатын арттыруға әсерін тигізеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы цилиндрінің диаметрін үлкейтсе, қозғалтқыш детонацияға бейім келеді. Сондықтан қозғалтқыш цилиндрінің диаметрін үлкен етіп жасамайды. Ең қуатты 4 тактілі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуаты 600 квт (800 а. к. ) . Мотоцикл карбюраторының 2 және 4 тактілі Іштен жану қозғалтқышытарының қуаты 3, 5 - 45 квт-қа (5 - 60 а. к. ) тең. Авиациялық поршеньді қозғалтқыштардың қуаты 1100 квт-қа (1500 а. к. ) жетеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы - әр түрлі тораптар мен жүйелерден құралған күрделі агрегат.
Қозғалтқыш қаңқасы - механизмдер мен жүйелерге тиянақ (база) болатын қозғалмайтын бөлшектер тобы. Оған картер блогы, цилиндрлер, иінді білік подшипниктерінің қақпақтары, картер блогының алдыңғы және артқы беттері, сондай-ақ май құйылатын астау мен бірқатар ұсақ бөлшектер жатады. Қозғалыс механизміне цилиндрдегі газ қысымын қабылдайтын және сол қысымды қозғалтқыштың иінді білігінің айналдырушы моментіне түрлендіретін қозғалмалы бөлшектер жатады. Оның құрамына поршень, шатун, иінді білік пен маховик кіреді. Газ тарату механизмі жанғыш қоспаны тиісті цилиндрге дер кезінде беру және пайдаланылған газды сыртқа шығару қызметін атқарады. Бұл механизм құрамына жұдырықшалы білік, итергіш, штанга, клапанды ашатын күйенте мен оны жабатын серіппелер жатады. Майлау жүйесі үйкеліске түсетін беттерге жағар май жеткізетін агрегат пен арналар жүйесінен тұрады. Суыту жүйесі сұйықты немесе ауалы болуы мүмкін. Сұйық арқылы суытқыш сұйықпен (су, антифриз) толтырылған цилиндр астарларынан, сорғыдан, радиатордан (сұйық желдеткіш тудыратын ауа ағынымен суытылып отырады) және су температурасын реттеп отыратын құрылғыдан құралады. Ауамен суыту цилиндрлерді желдеткішпен не ауа ағынымен (мотоциклде) үрлеуге негізделген. Қоректендіру жүйесі қозғалтқыштың жұмыс режиміне сәйкес белгілі пропорцияда әрі қозғалтқыштың қуатына сәйкес қажетті мөлшерде отын мен ауадан жанғыш қоспа дайындау қызметін атқарады. Бұл жүйе отын багынан, айдамалау сорғысынан, сүзгіден, түтіктер мен карбюратордан құралады. Тұтандыру жүйесі жану камерасындағы жанғыш қоспаны тұтандыратын ұшқын тудыру үшін қажет. Бұл жүйенің құрамына ток көздері - аккумулятор мен генератор, үзгіш енеді. Оталдыру жүйесі электрлік стартерден, беріліс шестерняларынан, ток көзі мен дистанциялық басқару элементтерінен құралады. Жанғыш қоспаны ендіру және қайта шығару жүйесіне түтіктер, ауа сүзгі және бәсеңдеткіш жатады. Газды Іштен жану қозғалтқышы көбінесе табиғи немесе сұйық отынның жануы кезінде пайда болатын газбен жұмыс істейді. Ол сонымен қатар қатты отынның шала жануы кезінде бөлінетін газбен, металлургия және канализация газбен де жұмыс істейді. Газды Іштен жану қозғалтқышының 4 тактілі және не 2 тактілі түрі бар. Қоспаның түзілуі және тұтану тәсілі бойынша газды Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп ұшқыннан от алатын Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп сығылу нәтижесінде тұтанатын Іштен жану қозғалтқышы және іштей қоспа түзіп ұшқынмен от алатын Іштен жану қозғалтқышы болып ажыратылады. Табиғи газбен жұмысістейтін газды Іштен жану қозғалтқышы стационар электр станциясында, компрессорлы газ айдайтын қондырғыларда, т. б. пайдаланылады. Іштен жану қозғалтқышы жұмысының тиімділігі, оның п. ә. коэффициентімен сипатталады. Кемелдендірілген Іштен жану қозғалтқышының ең үлкен п. э. коэффициенті 44%. Іштен жану қозғалтқышытар және басқа да жылу қозғалтқыштары гидравлика және электрлік қозғалтқыштар сияқты тұрақты энергия көзіне (мысалы, су қоры, электр станциясы, т. б. ) тәуелді емес. Іштен жану қозғалтқышы қондырғылары кез келген жерде жұмыс істей алатындықтан, олар көлікте (автомобильде, а. ш. және жол құрылыс машиналарында, өздігінен жүретін әскери техникада) кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде Іштен жану қозғалтқышының қуатын, сенімділігі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығын арттыру, массасы мен габаритін кішірейту, олардың жаңа құралымдарын жасау (мысалы, Ванкель қозғалтқышы) жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге автомобиль көліктеріндегі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышын дизельмен алмастыру, көп отынды қозғалтқышты пайдалану, айналу жиілігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Қозғалтқыш, мына негізгі бөліктерден тұрады: айналшық - бұлғақ механизмдерден (піспектен, бұлғақ, иілмелі біліктен және сермерден) ; қозғалтқыш корпусынан (ірге тас рамасы подшипнигімен, картерден, цилиндірлі блок толкесімен және цилиндірлік қақпақпен) ; газ бөліп таратушы механизмнен (бөліп таратқыш біліктен, шестернадан, қақпақшадан, көлдектен, итерушіден және басқалары) ; қоректендіруші жүйелерден, (отын бактарынан, сүзгіштерден, отын сұйық сорғыштарынан, бүріккіштерінен, карбюратордан, отын жүргізгіштерден және басқаларынан) ; майлаушы жүйелерден және салқындатқыш және қосымша құрылғылардан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz