Судың қасиеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Үстіңгі сулардың артық жұмсалуы.
2. Судың қасиеттері
ІII.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тіршіліктің көзі-су болып табылады.Адам баласы сусыз өмір сүре алмайды.Сусыз адамның, жануар және өсімдіктердің тіршілігі мүмкін болмас еді, себебі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі судан тұрады. Сонымен қатар, тіршілік үшін қажетті температура диапозоны 0-ден 100∙С, бұл сұйық күйдегі судың температуралық шектеріне сәйкес келеді. Көптеген тіршілік иелері үшін су тіршілік ортасы болып табылады. Осылайша, судың ең басты ерекшелігі ондағы тіршіліктің мүмкінділігі болып табылады.
Биосфера мен адамның тіршілік етуі суды пайдалану арқылы өмір сүрді. Адамзат әрқашан суды пайдалануын ұлғайтып, гидросфераға үлкен әсер етті. Қазіргі кезде техносфераның дамуында, әлемде адамның биосфераға әсері күшті қарқынмен өсіп келе жатыр, ал табиғаттық жүйе өзінің қорғаныштық қасиетін жоғалта бастады, яғни қажетті жаңа жолдар тенденцияны іске асыратын нақтылықты сезіну болды, ол табиғат пен бүкіл әлемнің және оны құрайтын құбылыстарында пайда болды. Ал ол жамандыққа негізделді, яғни біздің уақытымыздағы жер үсті мен жер асты суларының бүлінуі. Су қабаттарының бүлінуі, ол биосфералық функциямен және экологияның мәніне ауыр әсерінің тигізуіне әкеліп соқтырады, нәтижесінде оған жаман заттардың түсуі болды.

Негізгі бөлім

Гидросфера - жердің су қабығы, оның құрамына мұхиттар, көлдер, теңіздер, өзендер, жерасты сулары және мұздықтар,қар қабаты және атмосферадағы су булары кіреді. Жер гидросферасының 94%-ы мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары, ал 75%-ы Арктика мен Антарктиданың тұщы сулары.Жер шарындағы су барлық 3 агрегаттық күйде де кездеседі, ал ең үлкен бөлігі барлық тірі ағзалардың жаратылысы үшін маңызы жоғары болып табылатын сұйық күйде кездеседі. Барлық табиғи су комплексі біртұтас жүйе ретінде қызмет етеді, ол үнемі қозғалыс, даму және жаңару үстінде болады. Жер шарының 71%-ға жуығын алатын дүниежүзілік мұхит беті атмосфера және литосфера қабаттарының аралығында орналасқан.Планетаның климатының тұрақтылығын ұстап тұруда да судың маңыздылығы ерекше. Ол бір жағынан жылу аккумуляторы ретінде атмосфераның бірқалыпты орташа температурасын ұстап тұрса, екінші жағынан ондағы фитопланктондар атмосфераның оттегісінің жартысын өндіреді.Сулы орта балық аулау, басқа теңіз өнімдерін өндіру, өсімдіктер қоры, суастылық рудаларды (марганец, никель, кобальт) және мұнайды өндіру, жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады. Адам өнідіріс және шаруашылықта суды тазалау, жуу, құрал-саймандарды суыту, өсімдіктерді суару, гидротранспортировка, электр энергиясын өндіру және т.б. мақсаттарды пайдаланады.
Су энергетикасы - энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС - жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы. Олардың жиілікті реттеуде, қосымша жүктемелерді атқаруда және энергетикалық жүйенің апаттық қорын қамтамасыз етуде тиімділігі жоғары.
Қазақстан аумағындағы Сырдария, Талас, Шу, т.б. өзендерінің қосынды энергетикалық потенциалы 23,2 млрд. кВт сағатқа тең. Солтүстік және Орталық Қазақстанда су энергетикасы қорларының негізгі үлесі Есіл өзенінде, Торғай үстіртіндегі өзендер тобында және Теңіз бен Қарасор көлдеріалабында шоғырланған.
Су қорларын қалай пайдаланатына байланысты халық шаруашылығының салалары екі категорияға жіктеледі:
1) су қолданушылар - бұл су қорларын әр түрлі мақсатта қолданып, бірақ қайтымсыз су жиналғы жасамайтын салалар. Оларға гидроэнергетика, су көлігі, суды халықтың қажеттілігіне пайдаланатын жергілікті органдар т.б. жатады.
2) су тұтынушылар - бұл суды су қоймаларынан алып, көбінесе қайтымсыз қолданатын салалар. Ең iрi су тұтынушылар (әсiресе АЭС) теплоэнергетиктерi болып табылады, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiптен - химия және металлургиялық.

Үстіңгі сулардың артық жұмсалуы.

Ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде, өзен ағуы нормадан төмен деңгейге дейін түсетін кезде, болмай қалмайтын құрғақшылық жылдарды есепке алу қажет. Су тапшылығын бастан кешіру тәуекелсіз ортажылдық өзен ағуының 30%-нан артық пайдалануға болмайды деп саналады. Кейбір өзендер қатарында судағы қажетсінулер ортажылдық өзен ағудың 90% -нан асады.Үстіңгі суларды артық жұмсаудың экологиялық салдары өзеннің өзіне ғана емес, сонымен бірге өзенмен байланысты биоценозға (батпақтардың құрғауы, өсімдіктер мен жануарлардың өлуі және т.б.) тиеді. Жер астындағы сулардың артық жұмсалуы.
Жерастындағы су қоймалары, егер ондағы суларды жұмсау толықтырудан тезірек жүрсе, басқалары сияқты, таусылады. Жауын шашын мөлшері төмен өңірлерде бұл проблема әсіресе қауіпті, себебі, толықтыру жылдамдығы зор емес, ал үстіңгі су айдындарының жетіспеушілігінен су қажеттігі жоғары.
Жерастындағы сулар деңгейінің түсуі үстіңгі су айдындарына әсеретеді, өйткені, бұлтүсу, экологиялық проблемаларды ұлғайтатын, бұлақтар мен олар мен байланыстыүстіңгі су айдындардың қысқартылуына әкеп соғады.
Жердіңотыруы: Жер астындағы сулар, жер қойнауындағы сумен толтырылатын қуыстарды жуып шығарады. Судың өзі жоғарыда жатқан тау жыныстар мен топырақты ұстап тұрады. Жер астындағы сулар деңгейі түскен кезде, бұлт ірек жоғалып кетеді, және құрлықтың үстінгі қабатының бірте-бірте төмендеуі болуы мүмкін, ол жердің отыруы деп аталады. Оның жылдамдығы жылына 15-30 см. құрауы мүмкін.

Ащы судың астына ағуы:Жер астындағы сулар қорының таусылуынан тағы бір проблема туындайды - ащысудын астына ағуы. Жерастындағы сулар деңгейінің төмендеуі немесе оны пайдаланудың үлкен жылдамдығы сулы деңгей жиектегі қысымын төмендетуі мүмкін, сондықтан да құдықтар мен артезианды скважиналарға тұзды судың түсуі мүмкін.

Судың қасиеттері
Су -- Жершарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді (Н2О) болып табылалы. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабыққа жүретін процестерінің маңызы зор.
Біріншіден, суқалыптыжағдайдыңөзіндеүшбірдейкүй деболаалады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СУ - ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫ
Физикалық қасиеті
Кен орнында қабатқа су айдау технологиясы
Су ресурстарының экологиялық проблемалары
Су-тіршіліктін қажетті шарты, тіршілік факторы
Химиялық қасиет
Табиғаттағы судың ластануы
Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы
Өлі табиғатты бақылау
Гидросфера
Пәндер