Электр энергетикасы отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементі


Жоспар
Кіріспе
1. Энергия тұтынушылықтың зардаптары
2. Электр энергетикасы отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементі
3. Электр энергетикасында тариф ұғымы
4. Электр энергиясын пайдалану ережесі
Қорытынды
Кіріспе
Электр энергетикасы - энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті - электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі - оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.
Энергия тұтынушылықтың зардаптары
Әлі күнге дейін табиғатқа ең күрделі зиян келтіріп жатқан бірден-бір өндіріс орындары бұл-ірі-ірі мұнай өндіруші компаниялар. Үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай өндіруші компанияларда 2602, 3 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Соның 1205, 8 миллион текше метрі факельдерде жанып, ауаға тарап кетіпті. Мысалы тек "СНПС-Ақтөбе мұнайгаз" АҚ өзі 805, 3 миллион текше метр көгілдір отын жаққан. "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС болса, 357, 59 миллион текше метр газды еш рұқсатсыз ауаға таратып жіберген. Осы мәліметті есепке ала отырып, "Қазақойл" табиғатты ластап отырған "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясынан кейінгі ең зиянды өндіріс орны болып саналады.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов елдегі ірі инвесторлар болып табылатын мұнай компанияларының қарсылығына қарамастан, қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін мұнай компанияларымен жасалған келісімдерді қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсынысы бойынша жұмысын жалғастыра беретінін айтты. Тек бір «Теңізшевройл» компаниясы жұмысының нәтижесінде табиғатқа зиянды 10 миллион тонна күкірт жиналып қалған. Табиғатқа келіп жатқан зиян күн санап өсуде. Республика бойынша Ақтөбе облысы өндірістік қалдық шығарудан екінші орында, ал қоршаған ортаны қорғау үшін бюджеттен бөлініп жатқан ақша көлемі жағынан 14-ші орында.
Жергілікті табиғатты қорғаушы басқармалар өнеркәсіп орындарынан шығынды миллиондап өндіргенімен, нақты нәтиже байқалмайды.
Табиғатқа келіп жатқан зиян күн санап өсуде. Республика бойынша облыс өндірістік қалдық шығарудан екінші орында, ал қоршаған ортаны қорғау үшін бюджеттен бөлініп жатқан ақша көлемі жағынан 14-ші орында. Жергілікті табиғатты қорғаушы басқармалар өнеркәсіп орындарынан шығынды миллиондап өндіргенімен, нақты нәтиже байқалмайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, жер мен көктің арасын күл-қоқыс қаптайтын болады. Ал Ақтөбе ең үлкен қоқыс полигонына айналады. Бұл болжамды растау үшін облыстағы өндіріс ошақтары тыным таппай еңбектенуде. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті табиғатты қорғаушылар "Ақтөбе облысында 2005-07 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау аймақтық бағдарламасын" облыстық мәслихатта қабылдап, бекіткен болатын. Бағдарламаның жүзеге асып келе жатқанына бір жарым жыл болса да нақты атқарылған әлі ештеңе жоқ секілді.
Электр энергетикасы отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементі
Барлық энергия түрлерінен халық шаруашылығында және тұрмыста тұтынуда кеңінен тараған электр энергиясы. Ол дегеніміз алыс арақашықтыққа көптеген электр энергиясын беру мүмкіншілігі, тұтынушылар арасында оның таралуының қарапайымдылығы және оңайлықпен энергияның басқа да түрлеріне ауысуы (жырық, жылу, механикалық, химиялық) . Осы түрдің әйгілігі жаңа электр қабылдағыштар түрін әзірлеумен, ірі электр станциялардың құрылуымен және станциядан тұтынушыға дейін электр энергиясының тарату мен беру үшін электр тораптардың дамуымен өсе бастады.
Қазіргі заманда заманына сай адамның қызметі мен өмірін электр тоғысыз елестету мүмкін емес. Біздің мемлекетте электр тоғы халық шаруашылғының барлық салаларына мықты енген: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және адамдар тұрмысы. Бірақ, электр тоғы энергияның аралық формасы ретінде пайдаланылады және тікелей адаммен тұтынылмайды. Электр энергияның негізгі қасиеті - қатынасты қарапайымдылығы, бөлінуі және қайта өндірілуі. Отын-энергетикалық кешені мемлекеттің дамуында, халық өмірінің сапасын жоғарлатуда ерекше рөлін атқарады және республикамыздың экономикасының құрылуы үшін негізі болып табылады, ол дегеніміз, инвестициялар, дамудың барлық әлемдік үдеуі бойынша бірінші қатарлардың біріне қояды. Техника-экономикалық түсінік бойынша электр станциялар электр желісінің және қосалқы станцияның көмегі арқылы параллель жұмысы үшін жалпы қуатқа байланыстырылады. Электр станциялардың жиынтығы қуат тасушы желілер, қосалқы станциялар мен жылу желілері бір тұтас режимнің жалпылығы мен өндіріс үрдісінің үздіксіздігіне байланысты және электр мен жылу энергиясының таралуы энергетикалық жүйесі деп аталады.
Энергетикалық жүйенің генераторлардан тұратын бөлу құралдарынан, жоғарылататын және төмендететін қосалқы станциялардан, электр желілерден және электр энергиясының қабылдағыштан тұратын бөлігі электр жүйесі деп аталады. Энергетикалық және электр жүйелері арасындағы айырма жүйенің жылулық немесе гидравликалық бөлігі, яғни, бірінші ретті қозғалтқыштармен, жылыту желілерімен және оны қоректендіру қатысты бөлігі кірмейді. Электр жүйенің қосалқы станциялардан және кернеудің түрлі желілерінен тұратын бөліктері электр желілері деп аталады. Электр желісі оның өндіріс орнынан тұтыну орнына электр энергиясының таралуы және берілуі үшін қызмет етеді.
Электр желілер кернеулігі, тағайындалуы бойынша және құрылымды орындалуы ажыратылады және желілер жүйесінен құралады. Сондықтан электр желінің кең мағынадағы сөз түсінігінде тек электр желі дәрістерімен емес, қосалқы станциялар барлық электр жабдықтары кіреді. Электр станциялардың қоректену көзі болып, онда энергияның басқа пішінінен өзгерту жолымен алынған электр энергиясы табылады. Электр желінің тек кейбір бөлігін жиі қарастырады. Электр энергиясын беру жолы бойынша жайлап қуаттылық беру жолы қалай өзгерсе, солай беру ұзақтығы да өзгереді. Осыған байланысты электр энергия параметрлерінің өзгеруімен қосалқы станцияларда жүргізіледі. Сондықтан желі үшін қоректену көзі қосалқы станциялар болып шығуы мүмкін.
Электр энергияны тұтынушылар жеке электр қабылдағыштар, сонымен қатар олардың келесі желі бөліктері біріктірілген топтары болуы мүмкін. Қосалқы станциялардағы жағдайлар қатарында желі бөліктерінің электр жабдықтары іске асырылатын тұтынушылар ретінде қаралуы мүмкін. Электр желілерді белгілер қатары бойынша түрлі топтарға бөлуге болады, мысалы, тұрақты және айнымалы токтардың желілері, төмен және жоғары кернеулі желілер, коммуналды желілер фабрика-зауыттық, ауылшаруашылық. Бұдан басқа желілер келесі екі топқа бөлінеді:
- Жергілікті желілер әрекет ету, радиусы негізінде 15-30 км көп емес және 35 кВ дейін кернеуді қоса алғанда;
- Аудандық желі, онда электр берудің оқшаулатқыштарға жалғыз желісі кіреді. Бірінші желі қоректену желісінің жиынтығын, ал екінші таратушы желінің жиынтығын құрайды. Бірақ барлық желіде бұл бөліктерді тура бөлуге болмайды.
Электр энергетикасында тариф ұғымы
Есептік тариф - инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
Жеке тариф - инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
Тариф кiруге төленетiн ақы түрiнде белгiленедi. Электр энергиясын жүйелер бойынша тасымалдау тарифтерiн барынша төмендету.
Электр энергиясын тасымалдау тарифтерiн барынша төмендету мақсатында жүйелердi шектелген уақыт кезеңiне мүлiктiк жалға берудi (жүйелердiң деңгейiне қарай - 1 жылдан 5 жылға дейiн) тәжiрибеге енгiзу көзделiп отыр. Бұл ретте үмiткерде жүйелердi дамыту бағдарламасының болуы, осы бағдарламада жабдықтарды ауыстыру нормаларының және сенiмдiлiк резервi жөнiндегi талаптардың:
аймақаралық жүйелер бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
аймақтық және тарату жүйелерi бойынша - жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеуге тиiс талаптардың орындалуы жалдаудың мiндеттi шарттары болуға тиiс.
Жүйелердi мүлiктiк жалға беру мүмкiн болмаған жағдайда (олар жекешелендiрiлген жағдайда және басқа да себептермен), оларға арнайы әдiстеме бойынша монополияға қарсы реттеу шаралары қолданылады.
Электр энергиясын пайдалану ережесі
1. Электр энергиясын пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар арасында туындайтын көтерме және бөлшек сауда рыногындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, ережелермен және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдермен реттеледi.
Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен анықтамалар:
1) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын жеке тұлға;
2) электр торабының теңгерiмдiк тиесiлiк шекарасы - электр энергиясы рыногының субъектiлерi арасындағы: энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдар мен тұтынушылар, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы электр торабының теңгерiмдiк тиесiлiлiгi бойынша анықталатын электр торабын бөлу нүктесi;
3) тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы - энергетикалық жабдықтар және/немесе теңгерiмдiк тиесiлiлiгi бойынша немесе шартпен анықталатын және теңгерiмдiк тиесiлiлiгi немесе осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы пайдалану жауапкершiлiгiн шектеудiң тиiстi актiсiмен расталатын ұсталып тұруы, қызмет көрсетiлуi мен техникалық жай-күйi үшiн жауапты шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы торапты бөлу нүктесi;
4) электрмен жабдықтауға арналған шарт - соған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған торап арқылы энергия беруге мiндеттенетiн, ал тұтынушы қабылданған энергияны төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартпен көзделген режимiн сақтауға, өз иелiгiнде тұрған электрлiк тораптарды пайдалану қауiпсiздiгi мен өздерi пайдаланатын аспаптар мен энергияны тұтынуға байланысты жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттенетiн құжат;
5) шарттық қуат - тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келiсiлген 1 сағат iшiнде пайдаланатын электр энергиясының орташа мөлшерi;
6) электр энергиясының сапасы - электр энергиясының "Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйелерiндегi электр энергиясы сапасының нормалары" ГОСТ 13109-97 қолданыстағы Мемлекетаралық стандартпен белгiленген нормаларына сәйкестiк дәрежесi;
7) электр энергетикасының объектiсi - электр энергиясын өндiруге, түрлендiруге, беруге, таратуға және тұтынуға арналған электр станциясы, шағын станция, электр беру желiсi;
8) электр энергетикасы объектiлерiнiң ерекше жұмыс режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзушылықтар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлi режим;
9) төлем құжаты - тұтынушылар соның негiзiнде (шот, хабарлама түбiртек, алдын алу шоты) төлем жасайтын құжат;
10) пломб салу құрылғысы (пломб, пломб салу арқансымы) - бұл рұқсат етiлмеген кiруден бақылауды қамтамасыз ететiн бекiту тетiктерi бар бiржолғы пайдалану құралы;
11) коммерциялық есепке алу құралдарын тексеру - өлшеу құралдарының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет органдары немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
12) электр энергиясын қабылдағыш - электр энергиясын қабылдау мен пайдалануға арналған қондырғы немесе аспап;
13) тұтынушының электр қондырғысына жалғанған қуат - электр торабына тiкелей және (немесе) коммутациялық аппарат арқылы жалғанған тұтынушының электр энергиясын қабылдағыштарының атаулы қуаттар жиынтығы;
14) коммерциялық есепке алу аспаптарының схемасын тексеру - есепке алу аспаптарының жай-күйiн және оны қосу схемасын анықтау мақсатымен энергия берушi ұйымның өкiлi тұтынушының қатысуымен орындайтын операциялар жиынтығы;
15) есептiк кезең - тұтынылған электр энергиясының есепке алынуы және тұтынушыға ақы төлеу үшiн ұсынылуы тиiс электрмен қамтамасыз етуге арналған шартпен белгiленетiн уақыт кезеңi;
16) электр энергиясын еркiн беру - электр энергиясын айлық тұтыну көлемдерiнде және электрмен жабдықтау шартымен белгiленетiн мәндерден аспайтын қуатпен беру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz