Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар Өндірістік гигиена және санитария



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау - еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысыты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.
Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды кешенді зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.
Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмаса, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.
Еңбекті қорғау және санитарлы - сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың кешенді жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобаға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.
Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.
Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады.
Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағанннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады.

Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар
Өндірістік гигиена және санитария

Еңбек гигиенасы -- қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық - гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария -- зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.
Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды.
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі СЭТ өндірістік объектілерді жобалау (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).
Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Өндірістегі негізгі зиянды факторлар келесілер болып табылады:
- жоғары шаңдылық және жұмыс аймағының жоғары газдылығы;
- жұмыс аймағындағы жоғарғы және төменгі ауа қозғалысы мен ауа ылғалдылығы;
- жұмыс аймағының немесе қондырғы бетінің төменгі немесе жоғарғы температурасы;
- шу деңгейінің жоғарлығы;
- діріл деңгейінің жоғарлығы;
- табиғи жарықтықтың аздығы немесе жоқтығы;
- жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы.
Өнеркәсіптік санитарлық жағдай.
Есептеу орталықтарында санитария және гигиена бойынша өткізілетін төмендегідей іс - шаралар жұмысшыларға оңтайлы жұмыс жағдайларын құруға бағытталған:
а) жарық техникалық жағдай;
ә) психофизиолоиялық жағдай;
б) санитарлы - гигиеналық жағдай;
в) есептеу центірінің бөлмелеріндегі микроклимат.
Бұл жұмыс жағдайларының барлығы жұмысшыларға зиянды фактоларының немесе сәл болса да әлсіретуді немесе жоюды қамтамасыз етеді.Жұмыс зонасының ауасына қойылатын жалпы санитарлы - гигиеналық талаптар
МСТ 12.1.005 - 02 құжаты кәсіпорындағы жұмыс зонасының ауасына қойылатын талаптарды бекітеді. Бұл стандарт микроклимат көрсеткіштеріне қойылатын жалпы санитарлық - гигиеналық талаптар мен жұмыс зонасының ауасының зиянды заттарының шегі жұмыс орнының қайда орналасқанын тәуеліз орнатады.
Өндірісте тиімді жұмыс жағдайын құру үшін, жұмыс орнында санитарлы - гигиеналық шарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өндірістік санитария сұрақтары және өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды төмендету қатерлі мәселелері зор маңызға ие.Қалыпты еңбек щарттарын құру үшін, сәтсіз жағдайларды, сонымен қатар өндірістрдегі өрттер мен жарылыстарды жою керек.
Өндіріс пен тұрғылықты аудандардың арасында санитарлы - қорғау зоналары құрылады. СНм Е 245 - 71 сәйкес келісімімен кәсіпорындардың класына байланысты үшінші топқа, санитарлы қорғау зонасының ені 300м - ге сәйкес келеді.
Өндірісте санитарлы - гигиеналы талаптар қатаң бақыланады. Жұмысшыларға арналған тамақтанатын бөлмелер, киімдерін ауыстыруға арналған бөлмелер, әжетхана, жуынатын және кір жуатын бөлмелер, темекі шегуге арналған арнайы орындармен және әйел адамдарға арналған гигиеналық жеке бөлмесімен қамтамасыздандырылған. Жұмысшылардың жұмыс уақытынан тыс қолданатын тұрмыстық бөлмелері цехтан бөлек орналасқан. Цехтағы жұмысшылардың мөлшеріне қарай тұрмыстық бөлмелер бөлмелерде орналасады және бөлмелерде жерасты галереялармен немесе туннелдермен жабдықталады.
Тұрмыстық жабдықталған ғимараттар өндірістік процестердің санитарлы негіздеріне байланысты, сондықтан барлық өндірістірк процестер төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топқа өндірістік процестерді нормальды метрологиялық жағдайға және шаң мен зиянды газдардың шығуы.
Екінші топқа өндірістік процестің метрологиялық жағдайда жағымсыз шаң - тозаңдардың болуы, және жұмыс кезінде физикалық шаршау.
Үшінші топқа өндірістік процестер кезінде жұмыс киімінің зияндануы мен ластануы.
Төртінші топқа өндірістік процес кезінде өнімнің сапасын қамтамасыз етуге арналған талаптар жатады.
Тұрмыстық обьектілерді орналастыру кезінде санитарлы талапқа сай алшақ орналастырылған. СНмЕ талабы бойынша ғимаратттар мен асханалар ішінде су құбырлары, канализация, жылу батареясымен және желдеткіштермен жабдықталуы керек. Өндірістік ортадағы ауаның зиянды санитарлы - гигиеналық қатынастары микроклиматпен, зиянды заттарға игридиенттерді қосумен (шаңдану, газдануы) және ионды құралдармен сипатталады.Өндірістің зертханаларында өнімнің сапасын анықтауға және көрсеткіштерін анықтауға арналған жабдықтардың тазалығына ерекше назар аударылады. Зертханадағы құрал - жабдықтар, өнімді өлшеуге арналған ыдыстар, шыны цилиндрлер арнайы ыдыс жууға арналған құралмен жуылып дистилденген немесе қайнатылған сумен шайылады. Өндірістегі цехтың тазалығы, жұмысшыларға араналған бөлмелер, зертханалар жалпы өндіріс тазалығы қалалық санитарлы - эпидемиялық орталықпен тексеріледі.

Кәсіпорын аумағы
Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. Кәсіпорынның топтық сәйкестігіне байланысты қорғау аймақтары орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, екіншіге -500, үшішісі үшін -300, төртіншісі үшін -100, бесіншісі үшін -50 м.
Кәсіпорындарды санитарлық топтастыру, өндірістердің және объектілерді технологиялық процесстермен, өндірістегі зиянды заттардың қайнар көзі болып табылады, сонымен қатар санитарлық - қорғау аймақтардың мөлшерлерінің сәйкестігіне СЭТ өндірістік объектілерді жобалау (ҚР ДСМ №334, 08.07.05 бұйрығында).
Шаңның, шуылдың және басқа да өндірістік зиянды заттардың болуы кезінде, шаң ұстайтын қондырғы қолдану қажет, арнайы тазалайтын құрылғыларды құрастыру, учаскілерге бөлу, мұнда шуыл деңгейі жоғары болған кезде қолданылады.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты жоспарлау кезінде санитарлық және от пен жарылуларға қарсы қажетті талаптарды қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сәйкес биіктікті тігінен жоспарлау кезінде алынады. Өндірістегі аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдар қамтамасыз етілуі қажет, адамдардың өту және автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету, өндіріс мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар өртсөндірушілерге де немесе әр - түрлі апаттардың алдын алу шаралары кезінде де қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол болу керек.
Қалған барлық алаңдар көгалдандырылған болуы тиіс.
Көгалдандырылған, және көркейтілген аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдарды тек қана жүруді ғана қамтамасыз етпей, сонымен қатар осы кәсіпорын ауданындағы ауа тазалығына да жағдай жасау болып саналады.
Зиянды факторлар
Зиянды факторларға жұмысшылардың жұмыс қабілетін төмендететін немесе ауруға соқтыратындары жатады.Пайдаланылатын заттардың токсикалық әсері және жұмысшылардың жеке қорғану шаралары. Токсикалық заттар және олардың адамға әсері.
Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағанннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады.
Өткір уланулар зиянды заттың тезарада жоғары концентратциясының организмге әсерінен шығады. Олардың белгілері тез арада көрінеді, сондықтан уланғандарға 1-ші медециналық көмек беріп, уланудың себебін жоюға мүмкіншілік береді. Уланудың созылмалы түрі-зиянды заттардың аз концентратциясымен ұзақ уақыт бойы алатын әсері, оның организмде жинақталу қабілеті бар.
Уланудың белгілері апталар, айлар өткенде көрінеді және олар кей кезде созылмалы ауруларға апарады. Мысалы, сынап көп уақытқа дейін белгілері білінбейді сондықтан созылмалы улануға соқтырады.

Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу.

Көрсеткіштер
Қауіпті кластарыдың нормалары

1
2
3
4
Жұмыс орнындағы ауадағы зиянды заттардың мүмкіндік шектік концентрациялар (МШК), мгм3
0,1 төмен
0,1-1,0
1,1-10,0
10,0 астам
Асқазанға кіргенде орташа өлтіретін дозасы, мгкг.
15 төмен
15-150
151-5000
5000 астам
Теріге түскенде орташа өлтіретін дозасы, мгкг
100 төмен
100-500
501-2500
2500 астам
Ауадағы орташа өлтіретін дозасы, мгкг
500 төмен
500-5000
5001-50000
50000 астам
Инголяциядан уланудың мүмкіндік коэффициенті, (ИУМК)
300 жоғары
300-30
29-3
3 төмен
Үшкір әтекеттің зонасы.
6,0 төмен
6,0-18,0
18,1-54,0
54,0 астам

Организмге әсерлігіне қарай химиялық зиянды өндірістік факторлар былай бөлінеді:
1. жалпы токсикалық орталық нерв жүйесіне қанға және қанайналым
мүшелеріне әсер ететін, мысалы күкіртсутегі, органикалық
комірсутектер, көмір оксиді.
1. тітіркендіргіш - көздің, мұрынның, тамақтың кілегей қабатын
тітіркендіретін және теріге әсер ететін: қышқылдар мен сілтілердің
булары, азот пен аммиашы оксиды, күкірт ангидриды ж.т.б.
1. Канцерогенді заттар ( рак ауруларына шалдықтыратындар): олар
резиналық өнеркәсіпте қолданылатын күйе, мұнайөнімдері, бензидин
ж.т.б.
1. Мутогенді : мысалы сынап және қорғасын, этилен оксиды.
Соның ішіндегі ең маңыздысы: заттардың физико - химиялық сипаттары, түрі, әсерлігінің ұзақтығы және концентрациясы. Физикалық факторларға заттың агрегаттық түрі ұшқырлығы және ерігіштігі жатады. Бу, газ, түтін және тұман күйіндегі заттар аса қауіпті себебі олар тыныс алу органдарынан кіріп , тез арада қанға сіңеді.
Улы заттардың зияндығы сыртқы ауаға да байланысты. Ауыр күш салатын жұмыстарды орындағанда немесе жоғары температурада жұмыс істегенде адам денесінің термореттеуі бұзылады, тері арқылы денесіндегі суды жоғалтады. Сонымен қатар биохимиялық процестер күшееді. Тыныс алуы жоғарылап, қан қысымы күшееді және терінің сосудаттары кеңейіп, өкпе мен тері арқылы улы заттардың денеге таралуы тездетеді. Сол себептен уланудың қауіптілігі жоғарылайды.
Ауа аралығын индикаторлық әдісі арқылы анықтау қатты заттарда жүретін калориметриялық реакцияға негізделеді (қағазда, ұнтақтарда, ж.т.б., және оларға индикаторлық реактивтер сіңірілген болуы керек). Анықталатын заттар әсер етуіне байланысты индикатордың тұсі өзгереді. Ламберт-Бери заңдылығына сәйкес индикатор түсінің өзгеруі анықталатын заттың мөлшеріне пропорционалдық болады. Талдауды калориметриялық және сызықты-калориметриялық екі әдіспен жасауға болады. Калориметриялық әдісте талдау нәтижесін алдын ала әзірленген бояу қарқындылығы яғни эталонды түтекшелеріндегі түрімен салыстырып анықталады.

Газды қоспаның компонентерінің пайызды мөлшерін анықтау үшін - ГХП-3 газанализаторын қолданады. Аппарат тасу үшін тұтас, тұрақты және ыңғайлы. Ол ағаш тасымалдауға - ыңғайлы беттері оңай жылжыитын жәшікке орналастырылған. Газанализатордың схемасы - суретте қорсетілген.
Сызықты калориметриялық әдісте индикатор үнтағының ұзындығы бойынша боялуы арқылы мгм3 градуирленген шкала бойынша анықталады.
Сызықты калориметриялық әдіс, бөлмедегі зиянды газ бен буларды өте тез анықтау үшін қолданады. Бұл әдісте УГ-2 газоанализатор (универсалды газоанализатор ) қолданылады.
Бұл әдіспен көп заттарды анықтауға болады, мысалы, бензол, асилол, күкіртсутегі, хлор, аммиак, көмір оксиді ж.т.б.

Өндірістік бөлмелердің микроклиматы
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы - бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.
Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар - бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.
Ауа температурасы - көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.
Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады.
Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын 0,15мс жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360С кем температурадағы ағын адамды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Қабандар (шошқа)
Қазақстанның кейбір облыстарындағы мал қораларында кезігетін кеміргіштердің түрлері
Етті бастапқы өңдеу
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Ұшадан теріні сыпыру
Қабандарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық – санитариялық және гигеналық талаптар, малдарды күтіп- бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Шошқа шаруашылығының маңызы
Пәндер