Ыдыс жасаудың технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Қыш құмыра өндірісі -- қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан қоспаны көзеші ұршығында қалыпқа келтіріп, сосын оны күйдіріп керамикалық қыш құмыраларға айналдырумен айналысатын өндіріс. Осы тәсілмен үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б., техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылатын бұйымдар жасалады. Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген. Алғашқы заман адамдары әлгіндей қыш құмыралардың сыртына ою-өрнек салатын болған. Сүйте-сүйте адамдар сазды шарыққа салып ыдыстар жасауды үйренген. Ол үшін әбден иленген балшық дөңгелек табақшаға қойылады да, шарық шыркөбелек айналдырылады, сонда саз балшық өз-өзінен күпсіп көтеріліп құмыра кейіпке түседі. Сырт көзге, оңай көрінгенімен, керамика ептілікті, шеберлікті керек етеді.

Негізгі бөлім
Қыш ісі - адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде күнделікті тіршілікте әр адам табиғи ыдыс пайдаланғысы келеді. Түрлі құмыралар, сазбалшықтан жасалған кәдесыйлар ерекше көрінеді. Қыш ісімен айналысатын шеберлер бүгінгі күні көп емес, алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, сазбалшық денсаулыққа пайдалы. Осыған орай бұл өнер түріне қызығатындар жыл сайын көбейіп келеді.
Қазақстан нарығында авторлық керамика өнімдері бойынша бәсекелестік байқалмайды. Алайда болашақта бұл сала бойынша бәсекелестердің пайда болуы әбден мүмкін. Жоғары сапа, өзіндік стиль, жарнама сауданы өрге бастырады.
Керамика - қыштан керамиқалық бұйымдарды жасау өнері. Көзеші күнделікті шыныаяқ пен тәрелкелерді 5000 жылдан аса уақыт бойына жасап келеді. Керамикалық бұйымдардың үлгілері ретінде саз балшықтан жасалған табақшаларды, гректік және қытайлық құмыралар мен бастарды, сонымен қатар саз мүсіндерді алуға болады. Боялған және лакталған фарфор ( кәрлер ) ( керамикалық бұйымдардың ең әдемі түрі ) Қытайда шамамен 1300 жыл бұрын жасалған.
Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған. Ежелгі замандарда, атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған. Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған.

Ыдыс жасаудың технологиясы
Ыдыс жасаудың технологиялық процесі бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше сатыға бөлінеді: шикі затты даярлау, ыдыс жасау, ыдыстың сыртын өңдеу, ыдысты күйдіру.
Шикі затты даярлау.
Ыдыс жасаудың ең алғашқы сатысы-шикі затты даярлауға шеберлер өте жауаптылықпен қараған. Сондықтан да олар жасалынатын ыдысқа қажетті шикі затты тандауға, оны сапалы түрде өңдеуге және оған қосылатын қоспаларды даярлауға ерекше көңіл бөлген.
Ыдыс жасауға керекті ең басты шикізат саз болып табылады, ал саздың өзі химиялық құрамына, физикалық қасиетіне және минералдық заттардың қоспасына қарай түрлі-түрлі болып келеді. Мысалға, құрамында темір қоспасы жоғары саз (темірлі саз) майлы, әрі өте икемді болады. Құрамында карбонаттың қоспасы (40 процентке дейінгі) бар саз (маргелді саз) төмен температурада күйдіріледі. Кезінде шеберлер маргелді сазды қазан-ошаққа қатысты ыдыстарды жасауға кеңінен пайдаланған.
Шеберлер саздың құрамына басқа да қоспалар қоса отырып, оның әртүрлі қасиеттерін арттыра түскен. Қоспаның құрамы, көлемі жасалынатын ыдыстың атқаратын қызметіне, түріне, көлеміне тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты. Әсіресе, қоспаны алдын-ала реттеп алудың және оның физикалық қасиеттеріне дұрыс бағалай білудің мәнісі зор.
Қоспа ретінде: құм, кварц, ұнтақталған керамика (шамот), ұнтақталған тас (дресва), әр түрлі тау жыныстарын, тағы басқа заттарды пайдаланған.
Құм. Құм қоспа ретінде кең таралған. Оны иі қанған сазға дұрыс мөлшерде қосса, саздың беріктігі арта түседі. Жеткілікті мөлшерде құм қосылған саздан жасалған ыдысты қорықпай кептіруге және күйдіруге болады.
Кварц. Қоспа ретінде кварцтың ірі-ірі түйіршіктері пайдалынылған. Ірі кварц түйіршіктері қосылған саздан жасалған ыдыс отқа төзімді болып келеді
Ұнтақталған керакшка (шамот). Шеберлер қоспа ретінде әртүрлі үнтақталған керамика түйіршіктерін пайдалана берген. Мысалға, ірі-ірі керамика түйіршіктері қосылған саздан жасалған ыдыс осал болып келеді, ал ұсақ керамика түйіршіктері қосылған ыдыс тығыз әрі қатты болады, оның жылу өткізгіштік қасиеті төмен.
Ұнтақталған тас (дресва). Әбден иі қанған сазға ұнтақталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Еңбекке баулу» оқу пәнінен оқу құрал
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
Көкөніс қосып, дәнді бидай ұнынан чебурек дайындау
Оқушылардың қолөнер сабағында шығармашылық қабілетін арттыру
Тағамдарды безендіру
Қуыс бұйымдарды үрлеу арқылы жасау
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Ағаштарды қолөнерде пайдалану
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Пәндер