Адам өміріндегі достықтың орны
Кіріспе
Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: "Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының, өзі де жақсы", "Дүниеде адамның жалғыз қалғаны -- өлгені, қайғының бәрі соның басында". Достыққа қарама-қарсы ұғым -- қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу -- өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Негізгі бөлім
1. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттардың бірі
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық - бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқы
Жақсы дос - жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі - әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.
Жігіт қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.
Қолбасы:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.Мұны көрген жаудың қолбасы: Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді. Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. Дос - қияметтік деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады, - деген.Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.
2. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі - достық
Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық - бірде бар, бірде жоқ. Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің Өмірлік данышпандықтың афоризмдері деген еңбегінде: Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз - досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа - ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы - лаң - ды тең ететін айналаңдағы доста - рың - ның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі Қабуснама кітабында былай делінген екен: Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: Дос пен ағайынның қайсысы жақсы? - деп сұрапты. Данышпан Дос жақсы,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Және халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген - дос деген мақал бар. Достық - бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа - ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы - лаң - ды тең ететін айналаңдағы доста - рың - ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
3. Достық ұғымы және оның мәні
Ең алдымен, достық сөзі бір емес, бірнеше түрлі мағынаға ие. Және біздің уақытта ғана емес. Екі мың жыл бұрын оны Аристотель анықтады, ол достықтың әртүрлі түрлерін олардың арасындағы шынайы достықты ажырата білуге тырысты. Ол, негізінен, қызығушылыққа негізделген достықты және достықтың беделін ерекшелендіреді, ол тек нақты деп санауға лайық. Сондықтан, тіпті ежелгі Грецияда да екі кәсіпкерді байланыстыратын қарым-қатынас достық емес, ортақ істің табысқа деген қызығушылығы ретінде қабылданды. Содан кейін саясаткерлердің достығы саясатта табысқа жетудің жолы ретінде қарастырылады.Сондықтан, егер біз осы сөздің жалпы мағынасын қысқа тізімге келтірсек, көп жағдайда достық сөзі шынайы дос туралы ойларымызбен біршама ортақ екенін көреміз.
Бірінші құнды: таныс. Достық деп санайтын адамдардың көпшілігі, шын мәнінде, біздің таныстарымыз, яғни біз қоршаған адамдардан тысқары адамдардан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz