Платон Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Өлместік мәселесі
2. Платон: Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді
3. Жанның өлместігі туралы ілімнің бастауы
Қорытынды

Кіріспе

Өмірдің өліммен аяқталатынын әрбір адам біледі. Бұл Дүниеге келгеннен кейін уақыты келгенде кету керек. Ол бізге тәуелді емес, қолымызда тұрған жоқ, ол - табиғи заңдылық. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған өмір тәжірибесі бірде-бір өлген адамның тіріліп, өмірге қайта келгенін көрсеткен жоқ. Әсіресе жақын адамдардың бұл дүниеден кетуі біздің жан-дүниемізде ауыр жаралар қалдырады. Енді біз оларды ешқашанда көре алмай, іштегі сырымызды айтып, бірге қуанып, сонымен бірге қайғы-қасіретімізді бөлісе алмаймыз. Бәрі де өткен шақтың қойнауына кетті. Сол сәтте біз өзімізді де сондай тағдыр күтіп тұрғанын үрейлене аңғарамыз. Сонымен қатар біз ақыл-ой таразысына мәңгілік өмір сүру мәселесін салсақ, онда оны адамға берілген ең ауыр жаза екенін байқауға болар еді. Өйткені егер адам шексіз өмір сүре берсе, онда оның еш мән-мағынасы болмай қалады. Шексіз өмір жөніндегі ой өрісі бүгінгі күннің ашынған өзекті мәселелеріне немқұрайды қарауды тудырып, қоғам өмірі мелшиіп, бір орнында тұрып қалар еді.
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағынасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Өйткені өмірді ешқандай байлыққа сатып алуға болмайды, бірақ оның бір ғана өлшемі бар, ол - Ұлы мәртебелі Табиғаттың (я болмаса, егер адам сенімде болса -Құдайдың) әр адамға берген өмір жасы, яғни уақыты. Бұл дүниеде бірде-бір жасалған ұлы нәрсені істеген адамдар, әрине, өз өмірінің шектелгенін біліп, сондықтан асығып, соны үлгірсем екен деген ой-үмітпен оларды аяқтады емес пе?! Егер ол мәңгілік өмір сүрсе, сол ұлы істерді бастамас та еді ғой!! Антик дәуіріндегі стоиктер: Өлімді есіңнен шығарма! - деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылық өмірде байқалмайтын кішігірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.

1. Өлместік мәселесі

Енді келесі үлкен мәселені - өлместікті талдауға уақыт келген сияқты. Бұл мәселе адам өмірі мән-мағынасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан айырмашылығы қандай деген сұрақ пайда болады емес пе! Өлместік мәселесі қайсыбір діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені өлместікті аңсайды. Өлместік идеясы сонау көне заманда адамдардың өлімнен қорқу сезімінен өз бастауын алады. Көне Үндістан және Мысыр елдерінде адам өлгенде оның жаны басқа денеге көшетіні жөніндегі идеялар қалыптасты. Буддизмдегі мойындалатын нәрсе - жан әрбір жаңа денеге көшкен сайын өз күнәсінан тазара береді.Көне гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі басталады деген пікірде болған. Олардың ойынша, құдайлар мен адамдардың арасында онша көп айырмашылық жоқ, өйткені жақсы адам өлгеннен кейін өлместік сыйына ие болып, құдайлардың қатарына кіреді. Ал құдайларға келсек, олар өмір сүріп жатқан адамдарға келіп, қарым-қатынасқа түсіп, тіпті жердегі әйелдер олардан аса күшті ер балалар, я болмаса аса сұлу қыз балаларды туады екен. Мысалы, Геракл Зевс құдайы мен Алкмена деген әйелден туыпты-мыс.Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның жан дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де бүгінгі таңдағы бірде-бір дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды.Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. Алайда мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды көзге елестету өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де.
Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Өйткені өмір жаңа өмірді тудырып, өз өмірін жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз толығынан болмаса да, болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл өмірден кетпейміз, бала, немере өмірі арқылы қала береміз.Енді адамның жан дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адам - дар дың шығармашылық ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олардың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей боламыз.Енді миллиондаған қарапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен байланысты болса керек. Өйткені ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз алдымызда жоқ болса да, pyx ретінде бізбен бірге өмір сүріп қала береді. Ұлы Конфуций айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда ұмыт болып қалады.Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, ол шынайы өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе тез қарқынмен дамып келе жатқан гендік инженерия саласы болашақта адам өмірін бейнақтылы ұзарта беруге болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол жалған жол болса керек. Әрине, гендік инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып, тұқым қуатын аурулармен күрессек, ол жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға бағытталған зерттеулер қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін ешкім бүгінгі таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, оның теріс салдары ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман болуы мүмкін. Екінші жағынан, адам Дүниедегі ең тендесі жоқ биік құндылық болғаннан кейін, оның өмірі мен денесіне жасанды тәжірибелер жасау қылмыс болар еді (адам көлбақа емес қой).Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде өзі тудырған қауіп-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл, бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға шынайы өлместіктің керегі қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса деген заңды сұрақ дереу ойға келеді.
Бұл Дүниеге келген әр адам Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде-бір адам өмір соңында қайғылы үштікті (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту - адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан дүниесін тазартып, адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, сондықтан ешкімнің де адам өмірін қиюға (соның ішінде адамның өзін-өзі де) құқы жоқ.

2. Платон: Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді

Уақытында ұлы Платон: Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні мен оның қызметі
Философия - көзқарастың бір түрі
Ойлаудың философиялық түрі - сын және күмәндау
Философия нені зерттейді
Гуманизмнің бастаулары бруно
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Фиолософия дәрістер курсы
Әлеуметтану ғылымы
Үңгір аллегориясы және саяси жақтары
Философия: пәні мен функциясы
Пәндер