Экологиялық философия ғылымының тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  • 1. Экологиялық философия ғылымының пайда болуы
  • 2. Экологиялық философия ғылымының тарихы
  • 3. Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар
  • 4. Экологиялық философия кезеңдері

ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүниежүзілік философия ғылымында «Экологиялық философия» атты ағым ерекшеленіп, өз алдына бөлініп шыға бастады. Экологиялық философия ағымы қазіргі философия ілімінің мынадай бірнеше бұтақтарын біріктіретін тұтас ілімге айналды:

  • табиғат философиясының тарихы,
  • ауқымды ғаламшарлық философия,
  • биофилософия және табиғат қорғау философиясы.

Экологиялық философия адамзаттың табиғат және айналадағы қоршаған орта туралы түсінігінің дамуын тарихи тұрғыдан қарастырады, сонымен бірге, экологиялық білімнің жалпы
негіздерінің қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы іргелі теориясын қалыптастырады.
«Экологиялық этиканың ғылыми-көпшілік ортада өз алдына мейлінше кең тараған нұсқасы «адам және табиғат» желісі бойынша құрылатын қарым-қатынастарды қарастыратын нұсқа боп саналады.
Ілімнің бұл нұсқасының шығу тегінің өте ұзақ уақытқа созылған философиялық-этикалық тарихы бар.

«Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог, морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу».

Экологиялық философия тарихы

Адамзат ұрпағы мен табиғат арасындағы қарым-қатынастар мәселелері жайлы түсініктерді ерте заман философтары қалыптастырды. Олардың арасында Пире Манон, Лини Уайт және жабайы табиғатты «жырлап өткен» Перли Каскиндерді атауға болады. Сондай-ақ, Карл Вьеланд және Джонатан Сарфати өздерінің «Экологиялық проблемалар туындауында христиан дінінің кінәсі бар ма?» атты мақалаларында Інжілден «экологиялық үзінділерді» молынан келтірген. Ал, кейбір америкалық экофилософтар - мәселен, Ю. Харгроув, Холмс Ролстон ІІІ және басқалары - антропогенді келбет алған экологиялық мәселелердің туындауында діннің емес, керісінше, философия ғылымының үлесі бар деп санайды. Сонымен бірге, аталмыш мәселелердің туындауында адамзаттық мәдениет пен өркениеттің және табиғаттың өзара қарым-қатынасынан деп санайтын философтар да баршылық. Олардың арасында М. Хайдеггер, К. Ясперс, Л. Мамфорд және басқаларын атауға болады.

Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865-925 жж. ), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т. б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632-1723 жж. ) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628-1705 жж. ) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж. ) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707-1788 жж. ) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды.

Адамзаттың табиғатқа көзқарасы негізгі екі көзқараста қалыптасты:

  • антроптық принцип
  • экоцентристік бағыт

Адам өзінің «үйін» толық өзгертуге құқым бар деп санап, түрлі реформалар, тәжірибелер жүргізе бастайды. 1983 жылы Мәскеуде шыққан «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» бұл тараптағы жиынтық пікірлер келтірілген: «Р, Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц бастаған классикалық рационализм ортағасырлық философияға және діни догматизмге қарсы табиғи тәртіп идеясын насихаттады». Жаңа заман рационализмінің өкілдері таным іс-әрекеттері арқылы жиынтықталған білімнің объективтілігі туралы гносеологиялық мәселелерді шешуге едәуір талпыныс жасады. Бұл заманның көптеген философтары табиғатты Құдайдың адамға өзгерту үшін, пайдалану үшін, зерттеу үшін берген объектісі деп қана қабылдаған. Осының салдарына адамзат орасан экологиялық проблемаларды басынан кешірді.

Ноосфера (гр. νόος - сана және σφαῖρα - орта, шар) - биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор.

Осындай экологиялық-этикалық әмбебап жүйелерді құру үшін жасалған қадам ретінде Біріккен ұлттар ұйымының қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясы қабылдаған «ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі», «Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы» және басқа да құжаттарды атауға болады.

Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710-1784 жж. ) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты.

Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731-1802 жж. ) "Табиғат ордасы" және т. б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды.

Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П. С. Паллас (1741-181 Іжж. ), И. И. Лепехин (1740-1802 жж. ), И. Г. Гмелин (1709-1755 жж. ), С. П. Крашенинников (1711-1755 ЖЖ<) және т. б. үлкен үлес қосты.

Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769-1859 жж. ) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.

Екінші кезеңде - экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ), Н. А. Северцов (1827-1885 жж. ) және В. В. Докучаев (1846-1903 жж. ) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

К. Ф. Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Ғылымдағы дағдарыс
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Оқыту әдістемесінің тарихы
Экология ғылымы
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Экология ғылымы туралы ақпарат
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Психология ғылымының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz