Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Көтерілістің шығу себебі
2. Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
3. Қозғалыстың Жетісудағы көрінісі
4. Қозғалыстың Торғайдағы көрінісі
Қорытынды

Кіріспе
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ғасырдан астам уақытқа созылған ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов, Сыбанқұл Ханқожин және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев сияқты ел таныған көсемдер мен батырлар бастап шықты. 1916 жылғы көтеріліс, Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалысынан кейінгі кең-байтақ қазақ даласының барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Әдетте, 1916 жылғы көтеріліс туралы сөз болғанда Торғайдағы Амангелді батыр бастаған көтеріліс пен Жетісудағы Ұзақ, Жәмеңке, Бекболат бастаған және т.б. қозғалыстар еске түседі. Біздің шығыс өңірінде де бас көтерулер болды, бірақ ірі іс-қимылдарға баратын ұйымдасқан ауқымды көтеріліс дәрежесіне жете алмады. Әр жерде бұрқ ете түскен халық наразылықтары жақын жерде дайын тұрған қарулы әскердің көмегімен тез арада басып-жаншылып тасталды. Шығыстағы Семей, Өскемен, Көкпекті, Зайсан, Аягөз, Үржар сияқты патша бекіністері бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналастырылып, қазақ даласын тор тәрізді шырмап алған еді. Бекіністер арасындағы әрбір 20-25 шақырым сайын қойылған бекеттер шапшаң байланысты қамтамасыз етіп, қазақтардың тыпыр етуге шамасын келтірмейтін.

Көтерілістің шығу себебі
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, Қазақ гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.
Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 - 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ - қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық - зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама - қарсылық, бір - біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық - түлік екі - үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті.
Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын қара тізімге қосты, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 - 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі туралы ақпарат
1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы жайында
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі жайлы ақпарат
Пәндер