Сайлау құқығы принциптері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстан республикасындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелері

1. 1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы

2. Сайлау құқығы принциптері

3. Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі

4. Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері

Қорытынды

Кіріспе

Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қырқүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін "Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы 19 маусымдағы №133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) .

Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар кез келген сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 5-бабы) . Тең сайлау құқығы сондай-ақ Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті.

Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады. Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.

1. Қазақстан республикасындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелері

1. 1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды. Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады. Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып бөлінеді. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілді органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихаттар депутаттығына) және жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Белсенді сайлау құқығын реттейтін жалпы талаптар бар. Олардың арасында азаматтың белгілі бір жасқа толуы, белгілі бір аумақта тұруы, іс-әрекетке қабілеттілігінің болуы маңызды болып табылады . Бәсең сайлау құқығын реттейтін басқа қосымша талаптар да бар. Бұл талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға жас шамасы цензасы, отырықшылық цензасы, білім цензасы, мүліктік ценза жатады. Мысалға, жас шамасы цензасы Президенттікке, Парламент, Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының Президенті жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат үшін жиырма бес жастық, ал Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жиырма жастық жас шамасы цензасы белгіленген, Отырықшылық цензасы сайлау заңдылықтарымен Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленген. Сайлау тете және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент Сенаты депутаттары сайланады. Төте сайлау жолымен Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.

2. Сайлау құқығы принциптері

Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген. Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы) . Сонымен бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды. Төте сайлау құқығы принципі Президентті, Парламент Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлаған кезде қолданылады, оларды азаматтар тікелей сайлайды (Сайлау туралы Конституциялық заңның 6-бабы) . Жанама сайлау құқығы принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы жолымен жүзеге асырылады. Парламент Сенатының депутаттарын таңдаушылар сайлайды. Таңдаушылар тиісті облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті басқару органының (Мәслихаттардың) барлық депутаттары болып табылады. Жасырын дауыс беру құқығы сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау және сайлау кезінде азаматтарға қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл принципті іске асыру арқылы сайлаушының еркін білдіру құпиясы сақталады. Сайлау құқығының маңызды бір принципі сайлау бостандығы принципі болып табылады. Конституция азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына кепілдік береді. Сайлау бостандығы принципі әрбір сайлаушы сайлауға қалай қатысуды өзі шешеді дегенді білдіреді. Ешкімнің де қандай да бір жолмен сайлаушыға ықпал етуге хақысы жоқ. Сонымен қатар барлық кандидаттарға заңға сәйкес сайлау алдыңдағы қызмет үшін тең мүмкіндік беріледі. Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі. Сайлаудың жариялылығы принципі - демократиялық принциптердің бірі, ол сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ашықтығы мен жариялылығын, сайлаудың барша процесін бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты көрсетуімен қамтамасыз өтіледі.

3. Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі

Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы) .

Сайлау органдарының біртұтас жүйесін:

1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2. Аумақтық сайлау комиссиялары;

3. Округтік сайлау комиссиялары;

4. Учаскелік сайлау комиссиялары құрайды. Сайлау комиссиялары өкілдіктерінің мерзімі 5 жыл.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 11-бабы Орталық сайлау комиссиясының құрылу тәртібін, құрамын және қызметін реттейді. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық өтеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның тәрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Төраға мен хатшының жоғары білімі болуға тиіс. Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының мынадай өкілеттіктері бар:

Республика аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды

жүзеге асырады; олардың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;

Президент пен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді;

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

Cайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;

Облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика

астанасы) әкімдерінің ұсынуы бойынша аумақтық округтік сайлау комиссияларын құрады;

Сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады;

Президенттікке кандидаттарды тіркейді;

Парламент, Мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындайды.

Келесі сайлау органдары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Аумақтық сайлау комиссияларына облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады. Облыстық сайлау комиссиялары облыс әкімдерінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша құрылады және Президент, Парламент және Мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімнің ұсынуы бой-ынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша құрылады. Олардың құрамына 9 адамнан 15 адамға дейін кіреді, сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы 7 күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

- Әкімшілік аумақтық бөліністер аумағында сайлау туралы заңдардың

атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

- Президентті, Парламенттің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді;

- Сенат депутаттары сайлауын қамтамасыз етеді, Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркейді;

- Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады және олардың тізімдерін жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жері туралы сайлаушыларға хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының қызметі Сайлау туралы Кон-ституциялық заңның 15, 16 баптарымен реттеледі. Олар Орталық сайлау комиссиясының шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкімдерінің ұсынуымен құрылады; сайлау округтерінде Парламент Мәжілісі және Мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Олардың құрамы жеті адамнан тұрады.

Округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

Тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын сайлаудың өткізілуін ұйымдастырады;

Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады;

Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды тіркейді;

Округ бойынша дауыс беру үшін учаскелердің рет сандарын белгілейді және т. т.

Ең төменгі сайлау органы учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның 17, 18 баптары) . Олар тиісті әкімдердің ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиісті сайлау комиссияларының шешімімен құрылады. Құрамы жеті адамнан тұратын комиссия тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

4. Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Сайлау жүйесінің ұғымы
Сайлау жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің түсінігі
Сайлау құқығының прициптері
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Конституциялық құқықтың жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz