Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тың игерудің пайдасы мен зияны

2. Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай

3. Мал шаруашылығы

4. Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыс

Қорытынды


Кіріспе

Тың және тыңайған жерлерді игеруXX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын. Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады. Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6, 3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің » Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы» каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29, 7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн. Гектар қажетті. Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16, 6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25, 5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы жер 223 млн. гектарға жетті.

Негізгі бөлім

Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. 1954 жылы Кеңес Одағында 13, 4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6, 5 миллион гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9, 4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7, 5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тың жерлердің игерілуі жүргізілді: Ақмола, Солтүстік Қазақстан;

Қостанай, Көкшетау;

Торғай;

Павлодар облыстарында.

Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266, 6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 2-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.

Тың игерудің пайдасы мен зияны

Тың игерудің пайдасы . Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

Тың игерудің салдары . Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, Мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 65 тың игерушінің 15-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды.

Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді.

Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды.

Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:

1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды;

3) 1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956, 1958, 1964 жж. ) астық сату жоспары орындалды;
4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127, 3 мың трактор, 46, 2 мың астық комбайнын, 29, 6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45, 1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74, 4 мың себу мәшинелерін т. б. алды.

Мал шаруашылығы

Коммунистік партияның жүргізген солақай саясатының кесірінен Қазақстан мал шаруашылғының дамуы баяу жүрді. Көптеген мал жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналып кетуі де мал шаруашылығының артта қалу себептерінің бірі болды.

1955 жылы болған КОКП Орталық Комитетінің пленумында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанда мал шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен, 225 совхоз және 47 колхоз мал өнімдерін, яғни ет, сүт өндіретін шаруашылықтар ретінде өзгертілді. Мал шаруашылығы үкіметтің жасаған көптеген шаралары нәтижесінде жақсара бастады. Малшылар еңбегі арқасында мал шаруашылығы ілгері басты.

Шаруашылықтың бар ауыртпалықтарын көтерген малшылар өз еңбегі нәтижесінде үлкен табыстарға жете білді. Мысалы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Айдарлы колхозының шопаны Жазылбек Қуанышбаевтың өндірген қаракөл терілері Бухарест пен Познаньдағы, Дели мен Нью-Йорктегі көрмелерге шығарылды. Жазылбек Қуанышбаев 1958 жылы «Орақ пен балға» алтын медалін алды.

1960 жылы қазақ КСР-де мал саны 37 млн 400 мыңға жетті.

Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыс

Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1, 5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391, 5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы. н, орыстар 42, 7%-ын, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңда-рының уштсн бірінсн де аз немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша, олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.

• Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік болғаны сөзсіз. . Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.

• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.

• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.

Тың эпопеясының кейбір түстарын айғақтай түссек, онда:

1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25, 5 млн. гектары Қазақстандаласыңда жыртылды;

2) астықты бес - Крстанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне Павлодар - облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады;

3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп тартылды. 1954 жыддың мамыр айының езіңде ғана республиканың тың өлке-сіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен 2 миллионға жуық адам келді;

4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11, 3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының өрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесінетиді;

5) республика 1956 жылы Імлрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды.

6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді. Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай.

Жарлық шығарып, «Тыңға-50 жыл» мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3, 5 мың тың ардагері марапаттадды.

4. 1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандагы қорытындалары
60 және 80-жылдардын басындағы тарихи кезенде социализм бірқа-лыпты дамыған жоқ. Дәуір 2 кезеңге бөлінді жөне оның аралық уақыты 70-жылдың басымен айқы ндалды. Бірінші кезеңде (1960-70 жылдар) елде қоғамдық өмірді жацартудың жолдары табысты ізденістермен ұштастырылды.

Екінші кезенде (1971-1985 жж. ) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсіреп, коғамдық құрылымның әрекет етіп отырған принциптері мен түрлерін, ескі төртіпті сақтау бағыты басым болды. 50-жылдардыңортасынан бастап Кеңес өкіметі иемденіп отырған шаруашылык механизмінің белгілі бір дәрежеде ескіргендігі айқын көрініс тапты. Ол механизм көбіне 20-30-жылдардағы төтенше жағдайларда орнықкан еді. 1966 жылдың қарсанында кеңес экономикасында өнеркәсіптің ЗОО саласы өрекететіп, 47 мың кәсіпорын мекемесі, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың ұжымшар болды. Мүндай жағдайда басқарудың тікелей жұмыс тәртібін белгіленетін әкімшілдік әдіс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық жағынан тиімсіз болып табылды. Өндірісті басқаруда киыншылықтар ерістей бастады. Әрекет етіп отырған орталықтандыру дәрежесі өз кезегінде кайшылықтарды шиеленістірді, мұнын әзі кәсіпорындардың шаруашылык дербестігін улғайтудың қажеттілігін көрсетгі. Кадр потенциалында да өзіерістер болған еді. Егер бұрын жоғары білімді мамандардың біраз бөлігі басқару жүйесінде шоғырланган болса, ал 50-60-жылдары олардың көп бөлігі ондіріс сферасында еңбек етті. Сондай-ақжұмысшылар мен шаруалардың білімдік және мамандықдәрежесі өсті. Осындай жағдайда өмір енбекшілердің білімі мен тәжірибесін толық және тиімді пайдалануды және бәрінен бұрын, жергілікті жерлерге мейлінше дербестік беруді талап етті. Оның бержағында, мемлекетте басшылықауысты. 1964жылы қазанда КОКП ОК-нің Пленумы Н. С. Хрущевті (1953 жылғы қыркуйектен бері мемлекет басшылығындагы) шаруашылық мәселелерді шешкенде субъективизмге, волюнтаризмге (омірдің негізі ерік деп түсіңдірді), басқарудын әкім-шілдік әдісіне бой ұрды деп сынаи, оны өз еркімен қызметінен кетті деуге саятын отінішін қанағаттандьфды. Сонымен Пленум Н. С. Хрущевты ОК-тің І-хатшысы, ОК-тің Төралқа мүшесі және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Пленум КОКП Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп Л. И. Брежневті сайлады, мұнымен қатар КСРО Министрлер Кеңесінің төрагасы болып А. Н. Косыгин тағайыңдалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тың игерудің алғашқы екі жылында көрші республикалардан
Қазақстандағы тың игеру саясатының басталуы.
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары
Қазақстанның өткені мен бүгіні (тарихи жағдайлар, наразылықтар)
Тың эпопеясы
Тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы
Тың және тыңайған жерлерді игеру
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz