АҚШ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім. 4

1. Герман Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі. 4

2. АҚШ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі. . 6

3. Франция мемлекетінің саяси-әкімшілік жүйесі . . . 10

Қорытынды12

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі. . 13


Кіріспе.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында:«Жаңғыртудың ең негізі мәселелерінің бірі-сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл бағыттағы біздің жасаған әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы жемқорлықтың деңгейін төмендетті. Оны халықаралық сарапшылар да атап өтті. Бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын дайындау қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу ескерту үшін қоғамды, ақпараттық мүмкіндіктерді, жаңа құқықтық тетіктерді пайдалану керек. Басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу және пайдалану қажет» -деп атап өтті.

Осы бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін шет ел мемлекеттерінің тәжірбиелерін зерделеп, талдау және олардың оңтайлы тұстарын пайдалану мәселесін зерттеу өзекті болып табылады[1] .

Негізгі бөлім .

  1. Герман Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі.

Герман Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлыққа федералдық денгейде Бундестаг (қылмыстық-құқықтық және басқа актілер қабылдап) және жергілікті деңгейінде Ландтагтар (қызметтік-құқықтық актілер қабылдап) қарсы күрес жүргізеді.

Атқарушы билік саласында: федералдық деңгейде - Федералдық ішкі істер министрлігі және басқа органдар (алдын алу функциясы), сондай-ақ Федералдық әділет министрлігі қылмыстық қудалау саласында (қуғындық фунқция) ; жерлер деңгейінде - тиісті жерлер министрліктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін айқындау және олардың алдын алу функцияларын полиция, прокуратура, ішкі тергеу органдары, есеп және тексеру органдары атқарады.

Бұл елде 1995 жылы ішкі ревизия қызметі құрылды, ол барлық мемлекеттік және муниципалдық билік органдарына әртүрлі тексерулер жүргізеді. Оның негізгі міндеті - ІІМ-де, биліктің жоғарғы органдарында және басқа водомстволарда ревизия жасау.

Тексерудің негізгі бағыттары:

- мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа шалдығуы мүмкін лауазымды орындарға талдау жүргізу;

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес шараларын қайта тексеру;

- сыбайлас жемқорлық туралы келіп түскен хабарларды зерделеу;

- басқару салаларының жыл сайынғы есептеріне баға беру;

- жалпы федералдық аумақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға келісу;

- ішкі ревизияларға кәсіби қадағалау жасау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті стратегиялық жоспарлау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзге де іс-шаралар.

Бұл қызметте орта қадағалау буыны бар, ол аумақтық үкіметтің вице-президентіне бағынады, барлық бөлімдерді, коммуналдық басқарманы, құрылымдардың басқармасын, басқа да құрылымдарды тексереді.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық жазаланатын фактісі анықталған жағдайда материалдарды полицияға не прокуратураға тергеуге береді.

Германияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің федералдық бағдарламасы бар, ол «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оған қарсы тұру тұжырымдамасы» деп аталады. Мұндай тұжырымдамалар муниципалдық деңгейде де бар. Олардың орындалуын Ішкі істер министрлері, сенаторлар конференциясы бақылап отырады.

1997 жылғы 9 қыркүйекте «Қосымша қызметпен айналысуға шектеу салу туралы» заң қабылданды. Онда қандай қызметтерді қанша уақыт бойы біріктіріп атқаруға болатындығы көрсетілген. Мысалы, екінші қосалқы жұмыс негізгі жұмыспен сәйкес келмесе, онда оларды қосып істеуге тыйым салынған. Қосып істеу мерзімі бес жылдан аспауы қажет және олардан түскен табыс жайында деректер берілуі керек.

Қызметке нұқсан келетін болса, жұмыстарды қосып істеуге тыйым салынады. Олар мынадай жағдайда:

- қызметкер атқаратын негізгі жұмыстың ауқымы үлкен болса;

- қосымша жұмыс қызмет мүддесіне қайшы келсе;

- қосымша жұмыс қызметкер қарайтын билік органы тартылған салада жүзеге асырылатын болса;

- қосымша жұмыс қызметкердің саяси бейтараптық принципін бұзатын болса;

- мемлекеттік басқарудың беделіне нұқсан келтіретін болса[2] .


  1. Америка Құрама Штаттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі.

Дүниежүзін алаңдататын проблемалардың бірі шетелдік әріптестерді ақшаға сатып алу болып табылады. Мәселен, кейбір мәліметтерге сүйенсек АҚШ компаниялары дамушы елдердің нарығын оңай жаулап алу үшін ондаған миллион доллар жұмсайды екен. Бұл компанияға тиімді болғанымен, дамушы мемлекетке тиімсіз екені сөзсіз. ЕҚЫҰ осыған қарсы 1997 жылы «Халықаралық істер операцияларын жүргізуде шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды парамен сатып алуға қарсы қүрес конвенциясын» қабылдады.

Жалпы халықаралық қауымдастық шетелдің лауазымды адамдарын сатып алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарау керектігін көрсеткен. Аталған мәселеге қатысты ертеректе жазған мақаламызда шетелдің лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық жауаптылық қарастыру қажеттілігін айтқанбыз. Кейін сол айтылған ұсынысымыз қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамаға енгізілді. Ал оны ең бірінші енгізген ел АҚШ мемлекеті болатын. Оған алып келген ірі қорпорациялардың шетелдік тапсырыстарды алу үшін пара төлейтіндігі әшкереленіп ашылғаннан кейін болды. Олар осыған қатысты заң қабылдады. Онда корпорациялар үшін 2 млн. долларға дейін айыппұл, жеке адамдар үшін 5 жылға дейін бас бостандығын айыру санкциясы белгіленді [3] .

Бұл көрсетілген қылмыстық әрекеттер қару-жарақ, әскери техника, ұшақ, кеме, мұнай өнімдері саудасында, әскери және азаматтық құрылыстарды салуға келісімшарт жасағанда жиі кездеседі.

Кейбір халықаралық ұйымдардың мәліметтеріне сүйенсек 100 мың доллардан 5% жоғары лауазымды адамдарды, ал 100 млн. доллардан 5% мемлекет басшысын «жолдан тайдыра» алады екен, ол мұндай қаражат үлкен корпорациялар үшін түкке тұрмайтыны айдан анық. Сондықтан Еуропа Кеңесінің, БҰҰ-ның, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуропа Одағының мүдделеріне сай халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүреске қатысты арнайы ұсыныс даярланды.

Америка Құрама Штаттарының заңнамасында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның мәні мен мазмұны, ерекшеліктері мен түрлерінің анықтамасы берілген, олардың алдын алу шаралары анықталған. Мәселен пара үшін оның үш есе мөлшеріндегі айыппұл немесе 15 жылға дейін түрмеде ұстау, не екеуін бірдей қолданса, ал ауырлататын мән-жайларда - 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

АҚШ заңдар жинағы (US Code), 201-бабының бірнеше тармақтарына сәйкес азамат пара беру мен алу, уағдаласу жайттары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Пара беруші үш еселенген айып төлеуге міндетті немесе 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады. АҚШ-та кез келген шенеунік секілді президент те қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды. Мәселен, АҚШ вице-президенті Спиро Агню парақорлықпен айыпталып, қызметінен босатылғаны былай тұрсын, ендігі саяси мансабына мүмкіндік жоқ.

АҚШ-та заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері арасындағы міндеттер, құқықтар мен функциялар қатаң бөлінген. Конгресс өзі шығарған зандардың орындалуын мұқият қадағалайды. Құқық бұзушылықты бақылауды өз палаталарының тұрақты және арнайы комитеттері арқылы жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық проблемасымен, негізінен, этика жөніндегі Арнайы сенат комитеті мен өкілдер Палатасының лауазымды адамдарының қызметтік іс-әрекеттерінің стандарттары жөніндегі Комитет айналысады. Бұл қылмысқа байланысты мәселелер басқа Комитеттерде де тыңдалады.

Комитеттер федералдық министрліктермен және ведомстволармен ұдайы өзара байланыста болады. Олардың басшылары Комитеттер алдында есеп береді.

1946 жылы Лоббистік қызметті федералдық реттеу туралы заң қабылданған, оған сәйкес Конгреске қысым көрсететін кез келген ұйым өз лоббистерін тіркетіп, заң саласындағы өз мүдделерін хабарлауға тиіс. Әрбір лоббист «Конгресс ведомостволарында» тоқсан сайын өз қызметі жайында есеп жариялауы керек. Бұл заңды бұзғандарға 10 мың доллар айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Конгресс палаталарының бұрынғы мүшелеріне бір жылға дейін лоббистік қызметімен айналысуға тыйым салынған, олардың үшінші жақтың мүддесі үшін палаталарға келуіне, қандай да бір келіссөз жүргізуіне рұқсат етілмейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Әділет министрлігінде тікелей криминалдық басқарма жүргізеді, негізінен ол ұйымдасқан қылмыстың ашық бизнеске енбеуін қадағалайды. 80-жылдары ұйымдасқан қылмыстар тобы жыл сайын 160 млрд. доллардан аса табыс түсіріп тұрған [4] .

Ал федералдық тергеу бюросы кезінде Вашингтонның мэрі Дж. Бэрридің жасаған қылмыстарын ашу мақсатында кешенді операция жүргізді. Оның есірткі саудасымен айналысатына көзін жеткізіп, оның жүріс-тұрысына сырттай бақылау орнатылып, оның қылмысы дәлелденіп, қамауға алынды.

Федералдық тергеу бюросымен комиссиялар шенеуніктердің де, бизнесмендердің де шығысы мен кірісінің өзара сәйкестігіне ұдайы назар аударады. Қандай да бір алшақтық болған жағдайда тиісті жазалау шарасы қолданылады.

1978 жылы АҚШ Конгресі Үкіметтегі этика туралы заң қабылдады, ондағы мақсат - «мемлекеттік шенеуніктер мен мекемелердің адалдығын сақтау және ондай болуына жағдай жасау» еді. Заңға қол қояр кезде, АҚШ Президенті Дж. Картер «бұл заң үкімет шенеуніктерін адал етіп қана қоймайды, оларды адалдықты сақтауға мәжбүр етеді» және соның арқасында «қоғам қайсыбір мемлекеттік шенеуніктің қаншалықты адал екендігін бағалауға мүмкіндік алады» деген болатын. Кейінірек этикалық нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын арнайы ведомстволар құрылды:

- Конгрестің Өкілдер Палатасы мүшелері мен аппарат қызметкерлеріне қатысты бақылау - Палатаның ресми іс-әрекеттер стандарты жөніндегі комитетіне;

- сенаттар мен Сенат қызметкерлеріне қатысты бақылау - Сенаттың этика жөніндегі Комитетіне;

- федералдық судьялар мен сот аппаратының қызметкерлеріне қатысты бақылау - АҚШ соттарының әкімшілік басқармасына;

- атқарушы билік органдарының лауазымды адамдарына қатысты бақылау - үкіметтегі этика жөніндегі басқармаға жүктелді.

Бақылау - үкіметтегі этика жөніндегі басқармаға жүктелді. Бақылаудың бұл барлық органдарының ұйымдастырылу принциптері мен қызметтері ұқсас. Олар тергеу жүргізгенде ант бергізіп, жауап алады, тиісті құжаттарды талап етеді. Жауап немесе құжат беруден бас тартқан адам Конгресті сыйламағаны үшін жауапқа тартылады.

Комитеттің Сенат мүшесін немесе оның қызметкерлерін анықтайтын өкілеттігі жоқ, сондықтан ол бұларға қатысты істерді әрі қарай тергеп, айыптауы үшін Әділет министрлігіне өткізеді. Егер ол істе саяси сипат болса, оны қараумен Министрліктің, мемлекеттік шенеуніктердің адалдығы жөніндегі секторы айналысады.

Атқарушы билік органдарының қызметкерлері үшін «Үкіметтік қызмет этикасының кодексі» бар, оның нормаларын президент атынан мемлекеттік хатшы белгілей алады. Әр ведомствоның өз қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылайтын арнайы қызметкерлері бар.

Жалпы, дүниежүзінде сыбайлас жемқорлықтың ең көп тараған жері - Африка құрлығы. Бұл елдер 60-жылдары отаршылдықтан құтылып тәуелсіздік алғаннан бері сыбайлас жемқорлықтан көз ашпай келеді. Сомали, Руанда, Ботсвана мемлекеттерін сыбайластық жайлағандығы сонша, сыбайластықты анықтайтын тізімдерінің ең соңында жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның көзқарасынша, экономикасы нашар дамушы елдер сыбайлас жемқорлық салдарынан 20-40 миллиард долларға жуық ішкі өнімін жоғалтады. Жалпы, бұл елдер жыл сайын 148 миллиард көлемінде қаражатын жоғалтады екен, бұл олардың ішкі өнімінің 25 пайызына тең. Ал Латын Америкасы елдеріндегі криминалды экономиканы уысында ұстайтын күшті ұйымдасқан топтар ресми билікке көнбей келеді. Бұл құрлықта саяси тұрақсыздық қалыпты жағдай. Дегенмен, латынамерикалық сыбайластық Азия елдеріне қарағанда, жоғары болғанымен, Африка елдерімен салыстырғанда төмен.

Халықаралық Транспаренси Интернешнл ұйымының «Сыбайлас жемқорлық индексіне қатысты - 2010 жылдық есебі бойынша Сингапур, Дания, Нидерланды, Финляндия, Жаңа Зеландия, Швеция, Исландия алдыңғы қатардан орын алды. Соның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сингапурлық үлгіні жұрт жиі ауызға алады. Ал Сингапур 1965 жылы тәуелсіздік алған кезде жемқорлық қалың жайлаған ел болатын.

Сыбайластыққа қарсы күресте шведтік үлгі де тәжірибе аларлық. Ол ел мемлекеттік құжаттар ашықтығын қамтамасыз етіп, тәуелсіз сот жүйесін құрды. Қоғамдағы абырой, тазалық - әлеуметтік норма саналды. Шенеуніктердің жалақысын 12-15 есеге көтеріп тастады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында біздің ел де осы тәжірибені ескеріп, шенуніктердің еңбек ақысын жүйелі түрде көшіру мәселесін назарда ұстауы қажет.

БҰҰ-ның 2003 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына» сәйкес заңсыз байлыққа ие болған шенеуніктің қылмысы заң алдында дәлелденуі тиіс. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенциясына қосылып ратификациялады. 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қауіпті індетпен күресте жаңа мүмкіншіліктер туғызып, міндеттер жүктейді. Бұл бойынша мемлекеттік қызметке келген азамат артықшылықтарға емес, шектеулерге ұшырайды[5] .

3. Франция мемлекетінің саяси-әкімшілік жүйесі.

Франция мемлекетінің саяси-әкімшілік жүйесін соңғы онжылдықта жайлап алған сыбайлас жемқорлық қасіреті қоғамдық пікірге, партиялар мен саяси ұйымдардың іс-әрекетіне қауіпті ықпал етіп отыр. Ол - саяси партияларды қаржыландырудың тәсілін реформалау қажеттігін көрсетті.

Саяси партиялар сайлау науқанына қаржы табу үшін заңсыз тәсілдерге жүгініп, саяси-әкімшілік шешім қабылдайтын шенеуніктер мен лауазымды адамдардың іс-әрекеті, мердігерлік келісім-шарттар жасасу кезіндегі билік органдары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланыс жемқорлықтың таралуының негізгі саласына айналды.

Сол себептен, Францияда 1988 жылғы наурызда саяси партиялардың есеп-қисабын, олардың саяси науқан өткізуге жұмсайтын қаражатын, президенттің, министрлердің, депутаттардың табыстары туралы декларацияны жариялау туралы шешім қабылданды.

1990 жылғы қаңтарда саяси партиялардың сайлау науқанын жеке адамдар, кәсіпорындардың қаржыландыруына лимит белгілеу туралы заң қабылданды. 1993 жылғы сайлауда бұл шығын 80 мыңнан аса сайлаушылары бар округтер үшін 500 мың франк мөлшерінде, ал сайлаушылар саны одан аз округтер үшін 400 мың франк мөлшерінде белгіленді. Ал жеке адамдардың бір сайлауға берер қаржысы 30 мың франктен аспауға тиіс. 1000 франктен асатын салым чек арқылы аударылады. Бұл заңның негізіне төрт принцип алынды:

Депутаттың сайлау науқанына 500 мыңнан, президенттің сайлау науқанына (екі турға) 160 млн. франктен аспайтын қаражат жұмсау, саяси жарнаманың кейбір формаларына тыйым немесе шектеу салу және т. б.

Жариялылық принципі. Ондағы мақсат - өз фукцияларын пайдаланып, өзінің пайда табуы үшін арада делдал болатындардан арылу.

Бақылау принципі. Сол үшін саяси партиялардың есеп-қисаптарын, сайлау науқанын қаржыландыруды тексеру жөнінде комиссия құрылды. Бұл заң бойынша сайлау науқанында жұмсалатын шығынның жоғарғы шегі 30%-ға төмендетілді [6] .

1995 жылғы 19 қаңтарда Сеген (lоі Sеguіm) заңы қабылданды, ол қоғамдық жұмыстар нарығының жариялылығын күшейтті, мемлекеттік қызметке тағайындау процесін Есеп палатасы бақылайтын болды. Осы заң бойынша француз парламенті депутаттарының мүліктік жағдайын бақылауға тиісті қаржы жариялылығы жөніндегі комиссия құрылды. Бұл заң қабылданғанға дейін депутаттар сайлау науқанына жұмсалатын қаражаттың мөлшері, өзінің меншігі жайында декларация тапсыратын.

1995 жылы Франция үкіметі мемлекеттік қызметтің деонтологиясы бойынша Комиссия құру туралы шешім қабылдады, ондағы мақсат фаворотизмге жол бермеу еді. Бұл комиссияның құрылуы шенеуніктерге ұнамады, себебі олардың айлығы жақсы жеке компаниялар мен банктерге ауысып кетуі «ұлттық дәстүр» еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Ғаламдық мәселелер
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Көпшілік сыбайлас жемқорлық тепе-теңдігі
КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ТУРАЛЫ
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz