Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік- психологиялық жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алағанан бері құқықтық-азаматтық мемлекет құру үстінде. Осы уақыттан бері еліміздің жеткен жетістіктері, алған асулары көп болғанымен өкінішке орай кейбір жағымсыз құбылыстардың да орын алып отырғаны тарихи шындық. Сондай келеңсіз құбылыстардың қатарына ересек адамдар мен жастар арасында қоғамға қауіпті әрекеттерге бару, адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттер жасау жыл сайын өсіп келеді. Осындай қылмыстардың қатарына сыбайластық жемқорлық мәселесін айтуға болады. Бұл келеңсіз әлеуметтік-құқықтық құбылыспен елімізде белсенді күрес жүргізіліп жатса да, оның тамырына балта шабу оңай емес екенін анық байқатып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық әрекет ретінде кең ауқымда таралуына себеп болып отырған - мемлекеттік қызметтегі азаматтар мен жастардың құқықтық мәдениеті мен патриоттық сезімдірінің төмендігі. Тұлғалардың құқықтық мәдениеті құқықтық әлеуметтену үрдісінде дамып қалыптасады. Құқықтық әлеуметтенудің маңызды механизмі тұлғалардың құқықтық санасының қалыптасуы болып табылады. Құқықтық сана стихиялы және мақсатқа бағыттала жүргізілген отбасылық тәрбие мен оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесінде қалыптасады. Қалыптасқан құқықтық сананы тұлғаның құқықтық мәдениетінен, яғни оның қоғамдық ортада бекітілген заңдылықтар мен құқықтық-әлеуметтік нормалар негізінде өз мінез-құлқын реттеу, нормаларды құрметтеу сезімдерінен көрінеді. Олай болса, құқықтық сана, құқықтық мәдениет құқықтық нормаларға, Конституцияға қатысты тұлғаның құрметтеу сезімі негізінде мінез-құлқын, әрекеттерін, көңіл-күйін бақылау және реттеу болып табылады.

Құқықтық сана-сезімдер, көңіл-күйлер отбасының, білім беру жүйесінің, әлеуметтік ортаның тікелей ықпалы негізінде қалыптасып, кейін тұлғаның белсенді қоғамға пайдалы еңбек әрекеттері негізінде байып, толығып отырады. Осыған байланысты орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Құқық негіздері» пәндері және оқу-тәрбие жұмысына құқықтық тәрбие іс-шаралары енгізіледі.

Негізгі бөлім

Бұл мәселемен күресте нәтижелі көмек беретін білім беру жүйесі деп есептейді көптеген ғалым крминогтар-психологтар. Олардың ойынша қазіргі кезде мектептерде тәрбие жұмысы өз міндетін толық атқармайды. Тәрбие теориясы мен практикасына қайта оралып, тарихтан белгілі А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің, Я. Корчактың тәжірибелерін тәрбие жұмыстарына енгізудің маңызы зор деп есептейді ғалымдар. Сонымен бірге, отбасы тәрбиесіне де үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені баланың құқықтық сананың қалыптасуына бірден бір ықпал ететін агенттер - ата-аналар. Құқықтық сана тұлғаның жас ерекшелігіне қарай сапалы өзгеріп, адамның өмір тәжірибесіне сәйкес толығып, байып отырады. Құқықтық сана-сезім құқықтық мағынадағы білімдер жүйесі, оны жағымды эмоционалды қабылдау және күнделікті өмірде қолдану негізінде қоғамдық ортадағы құқықтық нормалар мен құндылықтарды адекватты қабылдап, солардың негізінде мінез-құлқын реттейді, оларды сыйлайды және ешқашан бұзбауға тырысады. Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді жастар тәрбиелеу және қалыптастыру кезек күттірмейтін мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісінде - ең алдымен құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күштердің рөлін анықтап, сол мәселелер төңірегінде маңызды іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға баса назар аудару қажет. Қоғамдық өмірдегі рухани бастауларды зерделеп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын басшылыққа алу керек.

Құқықтық білімнің негізі мектепте салынады, сондықтанда құқықтық тәрбие тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарды негізінде іске асуы қажет. Ао ЖОО келген жастардың құқықтьқмәдениетті кәсіптік-теориялық білімдерімен қатар әртүрлі ғылыми-жобалар, студенттің өзіндік жұмыстары, диспуттар, ғылыми конференциялар т. б. формаларды қолдана отырып жүргізудің маңызы зор.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені жалпы рухани-адамгершілік тәрбиесімен сабақтастықта жүргізілуін басшылыққа алынуы қажет.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік- психологиялық жолдары

Қазіргі таңда құқық бұзушылық әрекеттердің, соның ішінде жастардың арасындағы қылмыстық әрекеттердің көбеюі, оның алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың тұлғасына тән құқықтық-адамгершілік санасын қалыптастырудың маңызы зор. Жастар өздерінің психикалық даму деңгейі бойынша тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуімен ерекшеленеді. Криминогендік белсенділер өздерінің қатарына осындай буыны қатпаған жастарды тарту арқылы, олардың санасын бұрмалайды, құндылықтар бағдары мен қажеттіліктер жүйесіне, қызығушылығы мен дүниетанымына кері ықпал етіп теріс сипатқа әкеледі. Бұл олардың құқық, заң категорияларына деген қарсылықтарын тудырып, дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебіне айналады. Осыған орай, жастардың құқықтық санасының бұзылуына жол бермеу, олардың әлеуметтік-құқықтық нормалар мен құндылықтарды игерту мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарына ерекше мән беру керек.

Адамзат қоғамында тұлғалардың қатынастарын реттеп, құқықтарын қорғау заңды түрде жазылған және жазылмаған нормалар арқылы жүзеге асады. Сол нормалардың ішінде (әлеуметтік, адамгершілік, рухани, моралдық, діни) құқықтық норма үнемі жаңарып, дамып отырады, сонымен қатар, азаматтардың қатынастары мен мінез-құлықтарын реттеуде басқаларына қарағанда жүйелі, әрі қатаң.

Құқықтық норманың басты қызметі - әділеттілік орнату. Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік десе, атақты француз педагогы Ж. Ж. Руссо құқықты қоғамдық билік деп түсіндірді. Құқық азаматтардың қоғамдық ортадағы бостандығын қамтамасыз етеді, мінез-құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына әділ жағдай жасайды, әр түрлі қылмыстық ниеттегі адамдардың теріс әрекеттерінен қорғайды, қамқорлық жасайды .

Адамдардың жекелік, топтық және ресми қарым-қатынастарын реттеп, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына негіз беретін құрал. Сонымен қатар, құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап, мемлекеттің ішкі-сыртқы қатынастарын қамтамасыз ететін негізгі құрал.

Құқықтық нормаларды тұлға құқықтық әлеуметтену үрдісінде қабылдайды және ол жалпы әлеуметтену үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Құқықтық әлеуметтену процессінде әрбір тұлға өзі өмір сүретін қоғамның құқықтық нормаларын игереді және оны өз мінез-құлқын реттеуде ұстанады. Құқықтық әлеуметтену интериоризация, идентификация, игеру, еліктеу механизмдері арқылы жүзеге асады.

Баланың дүниеге келген күннен басталатын әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизм персонификация және идентификация. Бала сәби кезінен бастап ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі, есейе келе сол көргендерін қайталай отырып әлеуметтік мінез құлық нормаларын қабылдайды. Л. С. Выготский психологияға енгізген «интериоризация» механизмі арқылы әлеуметтену процесінде өзіне қажеттінің бәрін «сырттан ішке енгізу» арқылы әлеуметтік-психологиялық қасиеттерге ие болады. Яғни құқықтық нормалар туралы түсініктерді, білімді, ережелер мен үлгілерді «сырттан ішке енгізу» арқылы құқықтық санасын қалыптастырады. Бала кезінен құқықтық санасы қалыптасқан адам құқықтық нормаларды құрметтейді, өзінің мінез-құлқын әрқащанда соған лайықтап басқарады. А. Н. Леонтьевтің ойынша «игеру» және «өз құндылығына айналдыру» ұғымдары арқылы адам дүниеге келген күннен бастап, айнала қоршаған ортасындағы құндылықтарды, нормаларды игереді және оны өзінің игілігіне айналдырады. Игерілген білім, тәжірибе, құқықтық нормалар оның құндылығына өтіп, болашақта өз әрекеттерін реттеуде белсенді пайдаланады. «Еліктеу»механизмі баланың өзіне ұнаған адамның мінез құлық үлгілерін қайталау арқылы өзінің мінез-құлқын әлеумет ортада реттейді. Еліктеудің оң және теріс жақтары болады. Қай жағын ұстану тұлғаның сана-сезіміне, жауапкершілігіне, тәлім-тәрбиесіне тығыз байланысты.

Құқықтық сананың бұзылуына көп жағдайда жайсыз әлеуметтік-психологиялық орта болып табылады. Ондай ортаға арақпен немесе есірткімен адами жолдан тайған отбасы, қылмыс жасап жазасын өтеп жатқан ата-ананың тәрбиесі, толық емес (не анасы, не әкесі) тәрбиесіз отбасы, сырттай жақсы көрінгенімен отбасында баланың құқығын бұзатын отбасылар, сонымен қатар, В. Л. Васильев өз зерттеулерінде әлеуметтік жағдайы жайлы, материалдық қамтамасыз етілген отбасынан шыққан адамдардың құқықтық мәдениетінің төмендігін анықтаған .

Тұлғаның құқықтық мәдениеті оның құқықтық санасымен тығыз байланысты. Құқықтық сананың қалыптасуы өзара байланысты үш компоненттен тұрады: т анымдық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдық құқықтық мағынадағы тұлғаның білімі мен біліктілігі; бағалаушылық - құқықтық нормаларға деген эмоциялық қатынасы, ұнайды, ұнамайды деген баға беруі және соған байланысты құқықтық нормаларды ұстануы немесе бұзуымен айқындалады, ал реттеушілік - мінез-құлықты құқықтық нормалар негізінде реттеуге деген ниетпен анықталады. Құқықтық сана - дегеніміз, тұлғалардың құқықтық нормаларға деген көзқарасын, түсініктері мен сезімдердерін, мақұлдауын, жақтырмауын немесе құрметтеуін мінез-құлық арқылы көрінетін күрделі әлеуметтік-психологиялық жиынтық. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Құқықтық сана әлеуметтік қатынастарды реттей, бақылай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мысалы, меншіктің экономикалық санамен қатынастары, тұрмыс жағдайының адамгершілік санамен қатынастары, ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан т. б. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Құқықтың мәдени-тарихи дамуы, реттеу әдістері мен жауапкершілік түрлері туралы түсініктер жастардың құқықтық санасының терең, жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Құқықтық сана - көп қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани үйлесімді дамуына негіз береді. Әрбір азамат құқықтық нормаларды және заңды қылмыстық жазадан қорықаннан емес, Конституцияны құрметтеу сезімімен өз мінез-құлқын реттеп бақылауға негізделген болуы керек.

Құқықтық мәдениет

Құқықтық сананың маңызды көрсеткіші, даму деңгейін айқындаушы тұлғаның құқықтық мәдениеті болып табылады. Құқықтық мәдениет құқыққа байланысты белгілі бір көзқарасты, құқықтық білімнің тереңдігін, тұрақты құқықытық бағдарды, тұлғаның рухани-құқықтық құндылықтар жүйесін айқындай отырып, құқықтық нормалардың тұлғаның мінез-құлқында әрқашанда, өмірдің қандай жағдайы болмасада бірлік құру ерекшелігімен көрініс береді.

Құққтық мәдениет құқықтық білімінің жоғары деңгейімен, тұлғаның құқыққа деген сыйластығы мен құрметі арқылы сипатталады. Ол адамдардың құқықтық сенімдеріне, басқа адамдар мінез-қылықтарына заңды немесе заңға қарсы келу фактілерімен баға беруіне және құқықбұзушылықтарға белсенді қарсы шығып, кедергі жасай отырып, заңды сақтап қалуға деген белсенді әрекеттерімен анықтайды.

Негізінен құқықтық нормалар әрбір адамның қоғамдағы еркіндігін, сонымен қатар өзіне және ешкімге қиянат жасамауға, адамдармен тең үйлесімді өмір сүруге бағытталған. Бұдан шығатын түсінік ешкім өзінің мінез құлқын құқықтық нормалардан қорыққаннан немесе «жұртттың бәрі» приниципі бойынша комформизм салдарынан өзін еріксіз тежеу емес, қалыптасқан құқықтық мәдениеті негізінде құқықтық нормаларды құрметтеу негізінде өзінің әлеуметтік белсенділіктерін (қарым-қатынасын, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын) бақылау, реттеу болып табылады. Ал құқықтық конформизм тұлғаның құқықтық білімінің төмендігін, өзін қоғамдық ортада қалай ұстап, қалай әрекет етуге деген сенімінің жоқтығын білдіреді.

Олай болса, құқықтық мәдениет тұлғаның құқыққа бағынушылық мінез-құлқы мен құқықтық нормалар негізінде қоғамға пайдалы әрекеттермен (қарулы күштерде абыроймен қызмет ету; ғылым, спорт, өндірістік, саяси немесе көркем шығармашылық еңбектермен айналысып, биік жетістіктерге жету; рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін салт-дәстүрлер мен діни-ғұрыптарды ұстана отырып, ұрпақ тәрбиелеу т. б. ) айналыса отырып, өз елінің еркін азаматы ретінде өзін жүзеге асыруын айтуға болады .

Құқықтық мәдениеттің маңызды саласының бірі кәсіби құқықтық сана. Әрбір адам өзінің кәсіби біліміне сәйкес мемлекеттік орындарда қызмет жасайды. Мемлекеттік қызметтегі тұлғалар мемлекеттің рухани-материалдық құндылықтарын көздерінің қарашығындай сақтап, оның талан-таржыға түсіп кетпеуін қадағалай отырып, ар-ождан тазалығы мен азаматтық жауапкершілікті сақтаумен ерекшеленуі қажет. Бұл мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Яғни, құқықтық құжаттарды, актілерді жете түсініп, оны өмірде қолданудан көрінеді. Құқықтық мәдениет тұлғаның жалпы тәртібі мен жауапкершілігінің қосындысынан пайда болады. Ендеше әрбір адам қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерді жас кезінен ұғынып, оны өз мінез-құлқына арқау етсе, елде тәртіп орнайды.

Тәртіп- адамның қоғамдық ортадағы әрекеттерінің заңды және әлеуметтік ережелер мен нормаларға сәйкестігі. Дүниеге келген әрбір адам баласы сол ережелер мен нормаларды әлеуметтік институттарда тәрбие үрдісінде қабылдап, өзінің мінез-құлқын, қатынастарын, іс-әрекеттерін реттейді, жүзеге асырады.

Жалпыға ортақ тәртіпті сақтау тәрбиелілікті, тәртілікті білдіреді, өмірдің әрбір жағдаяттарында тұлғаның өзін-өзі ұстауы арқылы көрініс береді. Тәртіптілік - ұстамдылық, шыдамдылық, сабырлылық, іштей өзін-өзі ұйымдастырушылық, мақсатқа талпынушылық, кездескен қиындықтар мен кедергілерді ішкі адами қасиеттеріне жүгіне отырып жеңу, қайырымдылық, сыпайылылық, кішіпейілділік т. б. көптеген түсініктер арқылы тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін көрсетеді.

Тәртіптіліктің даму деңгейі мінез-құлық мәдениетімен анықталады. Мінез-құлық мәдениеті тұлғалық даму деңгейімен тығыз байланысты. Мінез-құлық мәдениеті шеңберінде іс-әрекет мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мен бақылау және тұрмыстық мәдениетін қамтиды.

Келбет мәдениеті өзінің стиліне сәйкес киіне білуінен, жеке бас гигиенасын сақтаунан т. б. көрінеді. Оқушыны төменгі сыныптан бастап әртүрлі жағдаяттарға байланысты (сабаққа, қонаққа бару, сорттық үйірмелеріне қатысу, таза ауада серуендеуге т. б. ) бойынша киім таңдай білуге үйрету. Киімді күтіп, таза ұстау мәдениеті оның ішкі мәдениетінің көрсеткіші болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру
Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
Тұлғаның экономикалық мәдениеті
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz