Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.
Әлемдік экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

1. Қазақстан экономикасы

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағыжұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургияжатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын - энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады.
Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody's Investors Service, Standard & Poor's и Fitch Rating's Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating's рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша ВВВ деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша ВВВ+ деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша Ғ3 деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер тұрақты екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда - 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

2. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе - Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Түркия, Иран, Сауд Арабиясы елдерімен ынтымақтастығы артып келеді. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттарда ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.
Қазақстан 2012 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған ғаламдық бәсекеге қабілетті мемлекеттердің рейтингісінде өзінің орнын тұрақтандырды. Бұл рейтингте (IMD) мемлекеттердің мына факторлар бойынша бәсекеге қабілеттілігі талданады: 1) Экономикалық қызмет; 2) Үкіметтің тиімділігі; 3) Бизнестің тиімділігі; 4) Инфрақұрылым. Қазақстан әлемнің 59 елдерінің ішінде 32-ші орынға жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 4 мемлекеттің алдын ораған. Қазақстан барлық факторлар бойынша рейтингісі жақсарды деп көрсетіледі. Мысалға, экономика саласында - 28-ші орында, 7 сатыға көтерілген, үкіметтің тиімділігі - 3 сатыға жоғарылап, 18-ші орынға, бизнестің тиімділігі -- 34-ші орынға орналасып, 2 сатыға, ал инфрақұрылым бойынша - 43-ші орынға жайғасқан. Қазақстанның осы рейтингтегі бәсекелестік басымдылығы мемлекеттік қаржылар (5-ші орын), еңбек нарығы (5-ші орын), фискалдық саясат (9-шы орын) және жұмысбастылық арқылы (14-ші орын) байқалады. Мамандардың пікірінше, IMD рейтингісі нәтижесі бойынша 2012 жылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қабылданған шараларының өзектілігін атап өткен.Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсіп келеді. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі Шеврон мұнай - газ өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан, республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін заңы қабылданды. Ол: Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 373 Заңы. Шетелдік инвестицияларды тарту және нәтижелі түрде қолдану - Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзаратиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда шетелдік инвестицияларға ұлттық мәртебе беріледі, яғни шетелдік және отандық компанияларға инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасалған.
ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. Тәжірибе көрсеткендей, бәрін бірден деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы және даму болашағы
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Халықаралық сауданың теориялары
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Халықаралық қатынастардың басты формалары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
Дағдарыстан кейінгі кезең
Пәндер